Алматы
облысы
Еңбекшіқазақ
ауданы
Қорам
ауылы
«Раушан» балалар
бақшасы
Флипчарт-сабақ
Тақырыбы: «Шалқан»
ертегісі
(көлеңке
түрінде)
Тәрбиеші: Тохниязова
Паридам
2017 жыл
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»,
«Әлеумет».
Тақырыбы: «Шалқан»
ертегісі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,
флипчарт.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап.
Мақсаты: балаларға ертегі туралы мағлумат бере
отырып, көлеңке арқылы кейіпкерлерді тани
білу.
Білімдік: Ертегі мазмұнын түсініп, жүйелі
әңгімелей білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Кейіпкерлердің іс-әрекетін,
мінез-құлқын айта білугеүйрету. Ертегі арқылы балалардың тілдерін
дамыту.
Тәрбиелік: Достыққа, бір-біріне қамқорлық
жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
-Сәлеметсіңдерме балалар! Көңіл күйлерің қалай?
Ал енді бүгінгі флипчарт-сабағымызды
бастайық.
-Сәлеметсізбе апай!
Жақсы.
- Балалар бүгін бізге бала бақшаға «Шалқан»
ертегісі қонаққа келіпті. Бірақ ол жай
келмепті.

Бізге өзінің тапсырмаларын әкеліпті.Ол
тапсырмалар мынадай екен: біз көлеңке арқылы шалқан ертегісінің
кейіпкерлерін табуымыз керек, және әр кейіпкердің тапсырмасын
орындауымыз қажет.
Балалар, онда ертегімізді бастайық. Шал шалқан
егіпті. Ал енді мен сендерге сұрақтар қоямын. Шалқан көкөніс пе,
жеміс пе?
-Көкөніс.
-Дұрыс айтасыңдар, шалқан көкөніс. Ал сендер тағы
қандай көкөніс түрлерін білесіңдер?
- қызынақ, картоп, шалқан,
орамжапырақ.
Иә дұрыс айтасыңдар. Енді тақтаға қараңдар. Мұнда
көптеген көкөніс түрлері бар. Сендер соның ішінен шалқанды
табуларың керек.
-Әне, әне тұр.
-Дұрыс, мынау шалқан. Шалқан үлкен болып өсіпті.
Оны жұлып алуға шал барыпты. Балалар мына суретте отбасы
мүшелерінің көлеңкелері бейнеленген, сендер соның арасынан шалды
табыңдаршы.Дұрыс мынау шал. Суретте тағы кімдер
бар?
- кемпір, әке,ана,
немересі.
-Шал шалқанды тартыпты-тартыпты тарталмапты.
Сонда ол көмекке кемпірді шақырыпты. Ал енді кемпірдің бейнесін
табыңдаршы.
-
Иә дұрыс. Мынау кемпір.Кемпір шалды, шал шалқанды
тартыпты-тартыпты тарталмапты. Кемпір немере қызын көмекке
шақырады. Мына суреттен немере қызын көрсетіңдерші. Дұрыс, мынау
қыз. Немересі кемпірді, кемпір шалды, шал шалқанды
тартыпты-тартыпты тарталмапты.
Немересі күшікті шақырыпты. Балалар күшік үй
жануары ма, жабайы жануар ма? Мына суреттен күшікті
табыңдар.
-Үй жануары. Әне тұр.
-Тағы қандай жануарларды көріп тұрсыңдар? Олар
қандай жануарлар?
-Мысық, сиыр, ешкі. Олар да үй
жануарлары.
- Күшік немересін, немересі кемпірді, кемпір
шалды, шал шалқанды тартыпты-тартыпты тарталмапты.Сонда күшік
көмекке мысықты шақырады. Суреттен мысықты
көрсетіңдерші.
-Әне, анау.
-Дұрыс. Мысық күшікті, күшік немерені, немере
кемпірді, кемпір шалді, шал шалқанды тартыпты-тартыпты тарталмапты.
Сонда мысық көмекке тышқанды шақырады. Тышқан мысықты, мысық
күшікті, күшік немерені, немере кемпірді, кемпір шалды, шал
шалқанды тартымты-тартыпты жұлып алыпты.Бәрі қуанышты болыпты.
Осымен балалар ертегіміз аяқталды. Сендерге ұнады ма? Қалай
ойлайсыңдар біз шалқанның барлық тапсырмасын орындадық
па?
- Иә, өте ұнады. Бәрін
орындадық.

Шалқан:
-Жарайсыңдар, балалар. Берілген тапсырмалардың
бәрін орындадыңдар. Өте ақылды екенсіңдер. Барлық тапсырмалар
орындалды, біз сендерге енді өз келбетімізді
көрсетейік.
Қорытынды: Берілген тапсырмаларды шапшандықпен орындады.
Балалар тақтадағы тапсырмаларды есте сақтап, сурет бойынша әңгіме
құрастырады. Тапсырмаларды интерактивті қалам көмегімен
орналастыруды білді.