400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фонематикалық есту қабілетін және сөйлеу тілін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
логопед және дефектолог мұғалімдерге өз тәжірибиелерінде қолдану үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар


Күні


Сабақ тақырыбы

Фонематикалық есту қабілетін және сөйлеу тілін дамыту.


Мақсаты

Логопедиялық тапсырмалар арқылы оқушының фонематикалық есту қабілетін және сөйлеу тілін дамыту.

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған

іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

Психологиялық ахуал.

Біз бақытты баламыз,

Ойнап ,күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз,

Оқып білім аламыз.

Артикуляциялық жаттығулар орындау.«Күрекше» ,«Инеше» ,«Түтікше» 

«Ожау» ,«Сағат» ,«Саңырауқұлақ»,«Алтыбақан» ,

«Тәтті тосап» 

Артикуляциялық

жаттығу суреттері


Сабақтың ортасы

1 –тапсырма. 

Мұқият тыңда! Мен айтқан сөздердің бірінші әріпін ата, оларды жансыз және жанды деп екі топқа бөліп жаз.

Құс, тау, оқулық, өзен, ағаш, оқушы, машина, парта, мұғалім, ойыншық

2 –тапсырма.

Ән айта отырып, канша «А» дыбысын айттық? Сана.

Қошақаным

Жазда апамның аулына,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Шықты ойнап жұгіріп.

Ақ маңдайлы ай мекен,

Шекер мекен бал мекен.

Кеттім оны сағынып

Қошақаным қайда екен?

3 –тапсырма. Графикалық диктант.

Дәптерімізді ашып, қолымызға карандаш алып, менің айтқан бағытыма қарай, тор көз санын санай отырып сызамыз

5→, 1↓, 2←, 1↓, 5→, 1↓, 1←, 3↓, 3←, 1↑, 2→, 1↑, 3←, 2↓, 3←, 1↑, 2→, 3↑, 2←, 2↑. Шыққан қоянның суретін боя.

4-тапсырма.«Сөзді аяқтап көмектес» 
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтіңн дыбыстарды жалғастыру. 
Ойын барысы: Баланың алдына бір-бірден суреттерді

орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтауы керек. Мысалы: қал-та, ба-та, қа-л, бал-та, ма-л, ша-л, ба-л. 


Дәптер,түрлі түсті қарындаштар.



























Заттық суреттер


Сабақтың соңы

-Сабақты қорытындылау.

-Кері байланыс жасау

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?





Дефектолог: Диханбаева Назгуль Нуржаубековна










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
3091
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі