Тақырып:
Фонетика
қаласына саяхат
Сынып
:
4
Сабақтың
түрі: саяхат сабақ
Сабақтың
мақсаттары:
Білімділік мақсат
– балалардың фонетика бойынша
білімдерді бекіту.
Дамытушылық - балалардың сөйлеу, түсіну
дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік
– қазақ
тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Қолданылатын
құралдар: мультимедиялық тақта, жеке
компьютерлер,
кәртішкелер.
Сабақтағы жұмыс
түрлері: ережелерді қолданып
жалғауларды жалғау. Сөйлем
құрастыру. Фонетикалық талдаулар
жасау.
Сабақ
барысы.
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Құрметті оқушылар бүгінгі
сабақта біз фонетика қаласына саяхат жасаймыз.
( фонетика қаласының картасы
көрсетіледі)
Менің сұрағыма жауап беріндер:
фонетика дегеніміз не ? Фонетика нені зерттейді?
( балалар жауап береді)
ІІ. Дыбыстық
жаттығу
Бүгінгі сабағымызды өлең
үйренуден бастайық:
Қыркүйек, келді күз
Мектепке келдік
біз.
Кітапты
құшақтап,
Сыныпқа кіреміз.
-Өлеңде үндестік заңына
бағынбайтын сөздер бар ма? Бұл қандай сөздер? Бұл сөздер- дің
үндестік заңына бағынбаудың себептері не?
ІІІ. Жаттығулар
кезеңі.
(Карта ашылады). Балалар
картаға қараңдар, біздің бірінші баратын жеріміз –
сот.
Сотта жұмыс істеу үшін
заңдарды білу керек. Қазақ фонетикасының басты заңы
қандай?
( балалар тұрып буын
үндестігі, дыбыс үндестігі ережелерін айтады)
(Карта ашылады). Келесі баратын жеріміз – пошта.
Балалар поштада не болады?
Осында сендерді келесі
тапсырма күтеді: поштаға келген хаттар шашылып қалды, сендердің
мақсаттарың ережелерді қолданып хаттарды орындарына
қою.
да
Біз
ға
Үй
ден
Дала
ке
Қағаз
ге
Әсет
Кітап
бен
та
де
Пойыз
Сегіз
Енді құрылған сөздерді аударып, олармен сөйлем
құрастыру керек.
(Карта ашылады) Келесі баратын жеріміз – мектеп.
Бұл мектептегі балалар фонетика
тақырыбын үйреніп жатыр.Олар
фонетикалық талдаулар жасады,сендер бұл
талдаулар-
ды тексересіндер. ( Келесі
фонетикадық талдауларда қателер бар, балалардың оларды тауып
түзетуі керек)
Мектеп
мек(б.б) – теп(а.б) Батыс ба (а.б) – тыс (б.б)
М -
д-сыз, қатаң. Б – д-сыз, ұяң.
Е - д-ты,
жіңішке, еріндік, ашық. А – д-ты, жуан, езулік,
ашық.
К -
д-сыз, қатаң. Т – д-сыз, қатаң.
Т -
д-сыз, ұяң. ы – д-ты, жуан, еріндік, қысаң
Е - д-ты,
жіңішке, езулік, ашық. С – д-сыз, үнді
П -д-сыз,
қатаң. ___________________________
________________________ 5
әріп, 5 дыбыс
6 - әріп,
6 – дыбыс
Балалар
кезек - кезек тақтаға шығып қателерді тауып, түзетіп
қояды.
Ал сендер
фонетикалық талдау жасай аласындар ма? Онда
фонетика сөзін
талдайық.
Балалар ауызша кезек – кезек
бір әріптен талдайды.
Өте
жақсы, сендер бұл тапсырманы қатесіз
орындадыңдар.
(Карта ашылады) келесі баратын
жеріміз – телестудия. Қазір осында ТВ – Бинго ойыны түсіріліп
жатыр, сендер де ойынға қатыса аласындар.
Әр
оқушыға кәртішке беріледі. Кәртішкенің ішінде сандар. Балалар
сұрақтарды тындап тиісті сандарды сызып қояды.
Сұрақтар
Үндестік заңының неше түрі бар? –
2
Қазақ
алфавитінде неше әріп бар? – 42
Ашық
дауыстылардың саны неше? – 6
Қазақ
тіліне тән дыбыстар нешеу? – 9
Қазақ
тіліне тән дауыссыздар нешеу? – 4
Дауыссыз
дыбыстар нешеге бөлінеді? – 3
Еріндік
дауыстылардың саны неше? – 5
Қазақ
алфавитінде неше дауысты бар? – 15
Езулік
дауыстылардың саны неше? – 7
Қазақ
алфавитінде неше дауыссыз бар? – 25
ІІІ.Қорытынды жасау.
Балалар
сендер бүгін фонетика әлеміне саяхат жасадыңдар, сендерге бұл
саяхат ұнады ма? Біз бүгін сабақта қандай жұмыс
істедік?
Үй
жұмысы: кез келген бір жуан, бір
жіңішке сөз алып оларға фонетикалық талдау
жасау.
Балалар, сендер бүгін өте
жақсы жұмыс істедіңдер, келесі баға аласыңдар ....
Сакбақ
осымен аяқталады, сау болыңдар!
Фонетика тақырыбы бойынша ашық
сабақ
Тақырыбы:
Фонетика
қаласына
саяхат.
Сабақтың түрі - саяхат сабағы.
.