15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Фонетикадан өткенді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
(Сыныптан тыс ашық сабақ)
Пәні: Тіл материалдарын талдау.(Үйірме)
Сынып: 10-сынып
2018-2019 оқу жылы.
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың ҰБТ-ға дайындығын байқау мақсатында фонетика саласынан алған теориялық білімдерін қайталау және іс жүзінде қолдану жолдарын деңгейлік тапсырмалар арқылы анықтау; тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу; дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.
Сабақ түрі: Саяхат сабағы.
Оқыту технологиясы: 1) Ж.Қараев «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы». Ақпараттық технолгия;
2) Н.Оразханова «Сатылай кешенді талдау».
Пәнаралық байланыс: әдебиет,математика,тарих,география.
Көрнекілігі: тапсырмалар,тест сұрақтары,слайд көріністері.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап,жүйелеу,тілдік талдау,жеке-дара,ұжымдық.
І.Ұйымдастыру (сабақтың ашылу рәсімі).
Психологиялық
дайындық
Әрбір
адам?Оқытушы
Туысым, досым, жұрағат.Оқушылар
Әрбір сабақ? Оқытушы
Үйрену, ұғу, ұлағат.Оқушылар
Әрбір ісім? Оқытушы
Тірлік, тірек, адамдық.Оқушылар
Әрбір сөзім? Оқытушы
Шындық, бірлік, адалдық. Оқушылар
Онда оқушылар бір-бірімізді,келген қонақтарды туысым,досым деп,сабағымызды үйрену,ұғу деп,ісіміз тірлік,адамдық,сөзіміз шындық,адалдық деп сабағымызды бастайық. Сондықтан біздің өміріміз, әр ісіміз бен сөзіміз, сабағымыз осы айтылған қағидаларға негізделуі керек.
Сабақ
басталмас бұрын бір-бірімізге жылы
жүзбен күлімдей қарап: "Бәрі де жақсы
болады, ісіміз сәтті басталып, сәтті
аяқталады” деген сенімге кіріп,
білгендеріңді сендер де қаймықпай
айтып, сабаққа белсенді қатысуға
өздеріңді қайрап отырыңдар,оқушылар.
Біз
сендермен ҰБТ-ға дайындалу мақсатымен
жүргізілген қосымша сабақтарда тіл
білімінің фонетика саласын
қайталағанбыз.Сондықтан сабағымыздың
мақсаты – фонетикадан алған теориялық
білімімізді күнделікті өмірде қолдана
білу.Өткенді қайта жаңғырту.Бүгін біз
сендермен Ұлы Жібек жолымен саяхатқа
шығамыз.
Қане, Ұлы Жібек жолы туралы қысқаша мәлімет айтамыз.
Оқушылар өз түсініктерін айтып өтеді.Соңынан бейнефильм қойып,саяхатқа шығатын бағытымызды таңдап аламыз.
Оқушылардың таңдаған бағыты бойынша жылжымалы тақтаға географиялық карта жасап аламыз.Сол бағытпен жолға шығу үшін керуен құрамын сайлап алуымыз керек.
Керуен құрамындағылар;
1.Керуен басшысы.
2.Керуен қордайлары.
3.Жаушы.
4.Елші.
5.Саудагерлер.
6.Жиһанкездер.
7.Өнерпаздар.
Сыныптағы
оқушыларды жоғарыда аты аталған керуен
мүшереріне сайлап болған соң керуен
мүшелерінің міндеттері бойынша айтып
өтемін.Жолға шығу үшін .
«Кім шапшаң» ойыны ойналады.
1.Фонетика
нені зерттейді?
2. Дыбыс пен әріптің
айырмашылығы қандай?
3. Дауысты
дыбыстар, олардың түрлері
4.
Дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері
5.
Буын, олардың түрлері
6. Үндестік заңы. Буын үндестігі.
7. Дыбыс үндестігі, олардың түрлері
8.Орфография дегеніміз не?
9.Орфоэпия дегеніміз не?
Оқушылар сұрақтарға толық жауап берсе,жай ырғақты әнмен жолға шығамыз.Таңдалған бағыт бойынша Тараз қаласынан Қытайға жол аламыз.
Бағытымыз бойындағы қалалар;Алматы,Шелек,Сүмбе,Жаркент.
Әр қалаға тоқтап дамылдау ушін төмендегі сұрактарға жауап беріп барамыз.
Алматы қаласына келдік.
Тапсырманы керуен құрамындағы әрбір оқушы орындаса болады.
1.Сөздерді әліпби ретімен орналастыр:
Отан, Фонетика, Мамандық, Спорт, Алаш, Домбыра, Егемендік, Наурыз, Шаңырақ,Ұран.
2.Асты сызылған сөзге математикалық сатылай кешенді талдау жаса
3.Қазақ тіліне тән дыбыстарды жазып, сөз құра.
Шелек қаласына барғанда,
Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса:
Клуб, рахмет, ажырат
2. Мәтін ішіндегі буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді тап.
Байдікі күзек алады десіп жүрді. Бір күні таңертең тұрсақ, байдың үйінің алдында қойлар көгендеулі тұр. Үлкендер белдеріне ескі шапан, жаман-жұман киім байланып алған. Біреулері қырықтық қайрап отыр. Біреулері қой жығып жатыр. Біреулері қой қырқып отыр.
Шелек қаласынан шығып,Сүмбе қаласына жол тартқанымызда тұтқиылдан қарақшылар шабуылдады.Қарақшыларға керуен қордайлары мен елшіні жібергенде,олар да тапсырма береді.Берілген тапсырманы орындай алсақ қана саяхатымызды жалғастырамыз.
Елшіге;
Мысал келтір.
1-қордайға;Қазақ тілінде екпін туспейтін қосымшалар.
Мысал келтір.
2-қордайға; Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жаз және буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды қатыстырып мәтін құра.
Тапсырмалар орындалып қарақшылар бұғауынан босанып саяхатымызды жалғастырамыз.
Жаркент қаласында дамылдау үшін кезекті өнерпаздарға береміз.
Тасымал
Қандай сөздер тасымалданбайды?
Мысал келтір.
Тапсырманы орындаумен қатар өз өнерлерін көрсетеді.
1- өнерпаз –монолог
2-өнерпаз- өлең оқып береді әрі оқушылармен сергіту сәтін жасап аламыз.
Жаркент қаласында дамылдауымыз үшін төмендегі деңгейлік тапсырманы орындап ,семантикалық картаны толтыруымызға тура келеді балалар.
Тапсырма слайдта көрсетіледі,улестірмелі кағазбен тарқатылып жеке оқушы тарапынан белгіленіп,тексеріледі.
1.Қазақ тіліндегі сөздердің жазылу заңдылығына сәйкес кестені толтыр.
Айтылуы Жазылуы
Көзүлдүрүк
өлөң
ағ ешкі
шегара
Мысалдар |
Ашық буын |
Тұйық буын |
Бітеу буын |
Алаша |
|
|
|
Дүлдүл |
|
|
|
Ас |
|
|
|
Аласа |
|
|
|
Ор |
|
|
|
Жол |
|
|
|
Күл |
|
|
|
Жас |
|
|
|
Міне,оқушылар сапарымыз сәтті болып біз Қытайға да келіп жеттік.Енді қақпадан кіру үшін керуеннің келгендігі жөнінде хабарлау ушін жаушы жібереміз.Қақпа алдындағылар жаушыға төмендегі тапсырмаларды береді.
Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса:
Мерей, қолғап, кітап, инелік.
4 оқушы тақтаға шығып фонетикалық талдау жұмысын жүргізеді.
Қақпа ашылды.Керуен басшымыз бен елшіміз мемлекет басшысынан саудагерлеріміз сауда жасауы үшін,өнерпадарымыз өз өнерлерін көрсету ушін,жиһанкездеріміз саяхаттауы үшін рұқсат сұрағанда фонетикадан өткенді қорытындылау үшін төмендегі сөзжұмбақты шешумізді талап етті.
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе «Фонетика» сөзжұмбағын шешеміз.
1. Фонетикалық ең кіші бөлшек
2. Сөздердің айтылу нормаларының жиынтығы
3. Сөз бөлінісі
4. Буын түрі
5. Дауыссыз дыбыстардың түрі
6. Әріптердің рет тәртібімен орналасуы
7. Сөйлеу нормасына тән фонетикалық құбылыс
8. Дауысты дыбыстардың айтылуына қарай түрі
Ал балалар ,біз бүгін саяхат сабағында фонетиканы жалпы шолып өз мақсатымызга жеттік.Сабағымыз аяқталды.Сабағымыз соңын әдемі әнмен аяқтасақ қалай қарайсыңдар?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген