400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Фонетикалық жаттығулар ағылшын тілі сабағында

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қосымша ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ф онетикалық жаттығулар ағылшын тілі сабағында

Д.Т. Үкібасова, Халықаралық « Мирас» мектебінің ағылшын пән мұғалімі



Егеменді Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық өзгерістер өмірдің барлық шеңберлерін қозғады, соның ішінде білім жүйесі де бар. Білімнің дамуының мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан республикасында 2005-2010 жылдарға қабылданды.

Мемлекетіміздің стратегиялық дамуының негізгі мақсаты білім саясатын жаңарту және іске асыру. Н. Ә. Назарбаевтың бұйрығы бойынша 2012-2013 оқу жылынан бастап ағылшын тілі бастауыш мектептерінде енгізілді.

Халықаралық «Мирас» мектебі Қазақстан Республикасы бағдарламалары мен Халықаралық Бакалавриаттың бастауыш мектеп Бағдарламалары стандарттарын (РУР) біріктірді. «Ағылшын пәні» балабақша мен бастауыш сыныбында Қазақстан Республикасының студент азаматтары өздерінің жас ерекшелігіне сәйкес жазу, оқу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын жетілдіру үшін ағылшын тілін бөлек пән ретінде өзінің оқу жоспарымен оқиды. Сол тілді ауызша қарым-қатынаста қолдана білу, мәтіндерді талқылауларға, ерекше оқу материалдарымен жұмыс істеуге, оқуға және мазмұндауға, идеяларға жауап қайтаруды көрсету бойынша жұмыс істеуге кең мүмкіншілік береді. Ағылшын тілі студентердің шығармашылық зейінін, өзге тілде өз ойын емін еркін жеткізуді дамытады.

Жоғарыда аталған мәселеге байланысты бұл мақалада ағылшын тілі бойынша күнделікті өткізілетін тәжірибелік сабақтарында қолдануға болатын бірнеше фонетикалық жаттығуларды ұсынып отырмын.Негізінде ағылшын тілінің фонетикасы күрделі емес, оның ережелері бастауыш сыныптарында өтіледі. Ағылшын тілінің әр сабағында тақырыпқа байланысты беріліп отыратын фонетикалық дыбыстары мен сабақта өткен жаңа сөздері бір-бірімен байланысты. Бұл жаттығулардың түрлерін заманауи техникалық жабдықтарды қолдана отырып ұсынсаңыз да болады.Олар баланың көру арқылы қабылдауы мен есте сақтауын, сонымен бірге тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырады.

Дыбыстау аппаратының, атап айтқанда жақ пен тiлдiң ағылшын тiлiндегі жеке дыбыстарды дұрыс дыбыстауға тигізетін әсерi мол. Тақпақтарды оқи бастаған кезде оқушылар қиындықтарды сезінгенмен, біртіндеп жақ тіл сөздердегі дыбыстарға төселіп жаттығып кетеді.

Оқушылардың ағылшын тіліндегі сөздерді дұрыс дыбыстауы үшін әзірленген жаттығулар төменде берілген

«Lapping Milk» Оқушылар [θ], [ð] дыбыстарын айтуда қиналатындықтан, алдын-ала тiл ұстарту мақсатында тiлдi көбiрек қозғалысқа түсiру үшiн түрлi жаттығулар алуға болады. Мысалы:

Teacher :

Children, have you ever seen a kitten drinking milk?

In fact, it doesn’t drink it. It laps it.

Now, I’ll recite a rhyme about it and when I say

“Lap, lap, lap!” please, make your kittens lap milk.

Little kitty laps her milk,

Lap, lap, lap!

Her tongue goes out,

Her tongue goes in,

Lap, lap, lap!

Little kitty likes her milk,

Lap, lap, lap!

Oh, see her tongue,

Go out and in,

Lap, lap, lap!

“Lap, lap, lap!”

сөзiнен кейiн мұғалiм әдейi оқушылардың мысықтың сүт жалап жатқан іс- әрекетін көрсетеді. Содан соң оқушылар мысықтың суретін салып, астына бірнеше сөйлем құрастырса болады.

Little Brown Rabbit. Бұл жердегi тақпақ ағылшын тiлiндегi [h] және [p] дыбыстарын дұрыс айтып машықтануға бағытталған.

Teacher: Can you show how the rabbit hops?

Now let one of you hops like rabbit and we will say “Hippity hop”.

Little brown rabbit went hippity hop,

Hippity hop, hippity hop.

Into the garden without any stop,

Hippity hop, hippity hop.

He ate for his supper a fresh carrot top,

Hippity hop, hippity hop.

Then home went the rabbit without any stop,

Hippity hop, hippity hop.

Бұл тақпақты айтып жатқан кезде оқушылар тұрып, қоянның секiрген кейпiн салуларына да болады.

Oh, Where Is My Whistle? [w]- дыбысының жиi қайталануы оның дұрыс айтылуына икемдейдi.

“Oh, where is my whistle?”

Asked Willie one day.

“My dear little whistle,

My little white whistle,

My dear little, white little whistle, I say!”

“Why, here is your whistle,”

His brother replied.

“Your dear little whistle,

You’re little white whistle,

Your dear little, white little whistle,”

He cried.

Playing Airplane. Бұл жерде оқушылар тек [v] – дыбысын айтуға машықтанып қана қоймай, сонымен қатар дене шынықтыру ойынын жүргiзуге де ықпалын тигiзедi.

Teacher: Did you ever try to imitate a flying plane? Stretch your arms apart, incline your body a little, and here you are flying. And how about English children? They do just the same, with a little difference: instead of the Kazakh sound [ж] they say [v]. Try and do the way the English children of your age do.

The plane is travelling up in the sky,

vvv – vvv – vvv .

Moving so fast and ever so high,

vvv – vvv – vvv .

Over the land, and over the sea,

vvv – vvv – vvv .

But we always come back in time for tea,

vvv – vvv – vvv .

Жоғарыда келтірілген тақпақтарды біз ағылшын тілі сабақтарында пайдаланамыз және осыларға қоса басқа да көптеген материалдар да қолданылады. Егер өздеріңіздің шығарған өлеңдеріңіз болса, оларды да қолдануға болады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
5889
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі