400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Формула деген не?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды логикалық ойлау қабілетін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Формула деген не?

Үйірме сабағының бірінде бір оқушы :

  • Апай формула деген не? Оған қандай анықтама берсе болады? - депті.

Осындайда сұрақ бола ма, формула деген формула да, - деп оқушылар жауап берді, менен бұрын жауап беріп,

  • Формулалар физикада, химияда көп. Формула әріптер және символдар арқылы

жазылған сөз, нәтиже, пікір. Формула әріптер және математикалық белгілердің көмегімен жазылған заңдылықтар, ойға келмейтін сұрақ, жауабын бірден беру қиын. Оқулықтарда анықтама берілмеген, ондай анықтама сөздіктерде, арнаулы қолданбаларда болуы мүмкін.

Формула итальян тілінде форма сөзінің кішірейтіп айтылғаны екен. Белгілі шарт орындалғанда барлық дара жағдайларға қолдана беруге болатын, қандай да бір қағида, қатынас, заңдылық және басқалардың жалпы түрдегі анықтамасы. Жалпы алғанда, формула дегеніміз өте қысқа түрде өрнектелген анықтама.

Математикалық белгілер мен біріктірілген сан және әріптер арқылы көрсетілген шамалардың жинағы. Элементтер атын көрсететін латын әріптері және сол элементтердің сандық қатынасын көрсететін қандай да бір қоспаның сандық және сапалық құрамын қысқаша көрсету. Формула – қандай да бір пікірді білдіретін символикалық жазу, қысқартылып айтылған жеке нәтиже. Қандай да бір сөзді өрнектейтін математикалық белгілердің комбинациясы. Құрама заттардың және химилық процестердің әріптер көмегі менен шартты түрде белгіленуі. "Наука и жизнь" журналында кесінділер шеңбер және фигуралардан құралған адам басының суретін сан құрамы формуламен кестелегенін оқыдым. "Квант" журналында өте күрделі фигураларды жай формулаларда бергенін көрдім. Формула туралы ұлы ғалымдардың пікіріне сүйенсек: "Математиктердің өздерінің тілі бар - ол формулалар" – С.В. Ковалевская.

"Табиғаттың заңдылықтары математика тілімен жазылған"- Г. Галилей. " Формулалардан қорықпаң! Бұл адам данышпандылығының нәзік құралын иелеп білуе үйренің . Формулада адамзаттың өте бағалы жетістіктері мәңгі сақталады. Формулалармен ақыл-ойдың ұлылығы, күш-қуаты, оның табиғат арқылы жеткен жеңістері көрсетілген. "- академик И.П. Артобельский. Г. Галилей айтқандай математика тілі көптеген формулалармен жазылған заңдылықтарды білеміз. Мысалы, 3-4 әріппен формула түрінде Ньютонның табиғаттың ең ұлы заңдылықтары болып есептелінеді.

Біз осы жай формула түрінде берілген ұлы заңдылытарды жарату үшін Ньютонның қаншама маңдай терін төгіп, көз майын тауысқан, қанша уақыт тәжірибе жұмыстарын жүргізгенін, оның дұрыстығын дәлелдеу үшін қанша күш-жігер жұмсағанын біле бермейміз. Ньютоннан кейінде заңдылықтар үстінде көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді, том-томдап еңберктер жазды, нәтижесі адамды ғарышқа алып шықты, ғарыш ілімінің негізі салынды. Барлық жағдайда формула табиғат заңдылықтарын өрнектей бермейді. Тәжірибеден алынған формулалар математикалық зерттеулерден кейін ғана күшіне енеді. " Адамзат зерттеулерінің бірде-біреуі математикалық дәлелдеулерден өткенше ақиқат деп аталуы мүмкін емес. Математикалық ілімнің қолдануға болмайтынын, онымен байланысы жоқ ілімде дұрыстықта, ақиқатта жоқ" – деген итальяндық ұлы суретші әрі механигі Леонардо да Винчи. Ұлы заңдылықтарды көрсететін формуладан кейбір есептердің жалпы шешімі болатын формулаларды ажырата білуіміз тиіс. Олардың барлығын есте сақтау мүмкін емес. Қандайда да бір формула болсын есте сақтап қана қоймай, оны сөйлетуге, терең сырларын аша білуге үйренуіміз керек. Ұлы математик Леонард Эйлердің формулалармен есеп шығарғанына таңданған белгілі математик П.Н. Лузин: "Ол жақындап кетсе болды "сақау формулалар " сөйлейтін, терең мәнді-мағына беретін еді."- дейді.

Кездейсоқ берілген "Формула деген не?" деген сауалға арналған әңгіме, оған толық жауап болмаса да оқушыға ой салар деген мақсатта осы мақала жазылды.





"Атамекен орта мектебі" КММ

Математика пәнінің мұғалімі, Сариева Зулфия Алимовна

Маңғыстау областы Бейнеу ауданы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
3779
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі