Материалдар / Формулалар әлеміне саяхат /сыныптан тыс шара/
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Формулалар әлеміне саяхат /сыныптан тыс шара/

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал математика пәнінің мұғалімдеріне сыныптан тыс шара өткізуге көмегі бар. Бұл материалда 10-11 сынып оқушыларының ҰБТ, емтихан тапсыруға дайындық жұмыстары үшін көп көмегі бар. Себебі есептер шығаруда формулалардың ролі жоғары. Оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін жинақтау, оны жүйелі пайдаланып, өмірде қолдана білуге үйрету. Логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2018
867
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абдилдаева Майгүл

Шалкөде орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Сыныптан тыс шара

Сабақтың тақырыбы: Формулалар әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін жинақтау, оны жүйелі пайдаланып, өмірде қолдана білуге үйрету. Логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Барысы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Математика-физика-информатика пәндерінің онкүндігі аясында ұйымдастырылған сыныптан тыс «Формулалар әлеміне саяхат» атты сайысқа қош келдіңіздер.

Еліміздің ертеңі білімді азаматтардың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт – ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азаматтың бойына тапқырлықты, алғырлықты, шешендікті қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Ендеше, сайысымызды бастамас бұрын әділазылыр алқасын сайлайық.

Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы топтармен танысайық:

1-ші топ 11 а сынып оқушылары:

2-ші топ 11 б сынып оқушылары:

3-ші топ 10 б сынып оқушылары:

Сайыс кезеңдері:

1 Топтардың амандасуы

2. Ыстық орындық /топ жетекшілерінің сайысы/

3. Формуланы жалғастыр /эстефета/

4. Құпия ұяшық

5. Логика- ақыл ойдың шынықтыршысы

1- бөлім Топтардың амандасуы

2- бөлім «Ыстық орындық» /топ жетекшілерінің жарысы/ Әр топтың жетекшілері шығып, 10 сұраққа тез-тез жауап береді. Әр сұрақ 1 ұпайдан есептеледі.

1- топқа

1) Тіктөртбұрыштың ауданы

2) Шеңбердің ұзындығы

3) Пирамиданың бүйір бетінің ауданы

4) Дұрыс үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы

5) центрі (a; b) радиусы R-ге тең шеңбердің теңдеуі

6) sinx- тің туындысы

7) х-тің n дәрежесінің туындысы

8) к-ның алғашқы функциясы

9) Параллелограммның ауданы

10) Герон формуласы

2 - топқа

1) Тіктөртбұрыштың периметрі

2) Дөңгелектің ауданы

3) Параллелепипедтің көлемі

4) Дұрыс үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусы

5) Түзудің теңдеуі

6) cosx- тің туындысы

7) -тің туындысы

8) xn ның алғашқы функциясы

9) Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы

10) Қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы

3- топқа

1) Шаршының ауданы

2) Шаршының периметрі

3) Текшенің көлемі

4) Пифагор теоремасы

5) центрі (0;0) радиусы R-ге тең шеңбердің теңдеуі

6) Кез-келген санның 0 дәрежесі

7) -тің мәні

8)

9) Ромбтың ауданы

10) Трапецияның ауданы

3 -бөлім «Формуланы жалғастыр» эстафета. Әр топ оқушылары алдына-ала тақтадағы жазылған формуланы кезек-кезек жалғастырып жазады.

1 топқа 2 топқа 3 топқа

3) = cos 2 = tg 2 =

4) 4) = 5) ) (tg x) 6) (ctg x) = 6) = = =

4- бөлім «Құпия ұяшық»

Номірленген ұяшықтарды таңдайды. Мұнда формулалардың тақырыбы таңдалады.

Әр топ бір-бірден ұяшық таңдайды. 5 мин білетін формулаларын жазып, таныстырады.

1 ұяшық «Прогрессиялар»

2 ұяшық «Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер»

3 ұяшық «Дәреженің қасиеттері»

4 ұяшық «Аудандар»

5 ұяшық «Көлемдер»

6 ұяшық «Туынды»

5- бөлім «Логика – мидың шынықтырушысы»

1 есеп. 5 мысық 5 минутта 5 тышқан ұстайды. 20 минутта 20 тышқан ұстау үшін қанша мысық керек?

2 есеп. Алдыңғы күні 17 жаста. Ал келесі жылы 20 жаста болды. Туған күні қай күн ? Бұл қалай?

3 есеп. Менің анам 27 жаста болғанда, мен алты жаста болдым. Қазір мен 12 жастамын. Анам қанша жаста?

4 есеп. Адамға үш рет беріледі. Алғашқы екеуі тегін. Үшіншісін сатып алады. Бұл не?

5 есеп. Үш алма және екі апельсин 200 теңге тұрады. Әрбір алма мен және әрбір апельсин қанша тұрады?

6 есеп. Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді?

7 есеп. Үш ат шегілген күйме 2 сағатта 60 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты?

8 есеп. Алдар көсе бір байдың үйіне жұмысқа жалданды. Бір жылдық жұмыс істегені үшін 1 жылқы және 10000 теңге алу керек болатын. Бірақ 7 айдан кейін жұмыстан кетеді. Өзімен бірге 1 жылқы және 2000 теңге алып кетеді. 1 жылқының құны қанша?

9 есеп. Бір адам ыдыстағы қымызды 14 күнде ішіп бітіреді. Ал әйелі екеуі осындай ыдыстағы қымызды 10 күнде ішеді. Осындай ыдыстағы қымызды әйелі жалғыз өзі қанша күн ішеді?

10 есеп. Құрбақа тереңдігі 60м құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18 м жоғары көтеріледі де, содан кейін 12м төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осылай қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады?

11 есеп. Футбол командасындағы бір команданың ойыншыларының орта жасы 24. Бір ойыншы ойыннан шеттетілгеннен кейін олардың орта жасы 23-ге тең болды. Шыққан ойыншының жасы қаншада?

12 есеп. Салмағы 3 кг қауынның бағасы 5 монет, ал салмағы 2 кг қауын 3 монет тұрады. Қайсысын сатып алу тиімді.

6- бөлім Қорытынды / Жеңімпаздарды марапаттау/

Алматы облысы

Райымбек ауданы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!