жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Формулалар редакторымен жқмыс
Формулалар редакторы
Формулалар редакторын іске қосу
Математикалық символдар қатары
Теңдеуді енгізу
Қоспернелер әрекетінің нәтижесі
Word бағдарламасындағфы формулалар редакторы көмегімен құжат мәтініне математикалық формулалар мен нұскауларды қолданудың мүмкіндіктерін береді. Формулалдар редакторының көмегімен жазылатын объектілерге интегралдар,матрицалар бөлшектер, түбірлер көпмүшеліктер т.б. жатады және олардың манитор бетіндегі сырт бейнелері,баспадан басылып шығарылатын кошірмелерімен бірдей болады. Формулаларды фарматтау барысында қолданылатын әріптермен олардың сызылымы баспа қабылдайтын шрифтереге байланысты өзгертіледі.
Формулалар редакторын іске қосу
Word ортасында формулалар редакторын іске қосу үшін, енгізу бағыттауышын мәтіннің формула енгізілетін тұсына орналастырып, Вставка – Обьект Microsoft Education менюі арқылы командаларды орындау қажет. Осы әрекеттен кейін, теңдеулер редакторының терезесі пайда болып, сол терезе арқылы қажетті формуланы енгізуге болады. Егер енгізілетін обьектілер тізіміне формулалар редакторлары жоқ болса, онда келесі әрекеттерді орындауға тура келеді:
Microsoft Word Folder бумасында Word Commands деп аталатын ішкі буманы ашу керек;
Формулалар редакторын бейнелейтін суретті тышқанмен екі рет басу керек:
Формулалар редакторы терезесін одан шықпай жабу керек:
Word редакторынан формулалар редакторын шақыру керек.
Формулалар редакторы отырғызылғаннан кейін, оның қолданбалы терезесі ашылады. Ол терезе құрылымы жағынан Word терезесіне ұқсас болып келеді.
Математикалық символдар қатары
Формулалар редакторы терезесіндегі математикалық символдар шарт белгілері берілген жоғарғы жолдан тұрады, ол негізінен формуланы енгізуде қолданылатын символдар менюі қызметін атқарады: мысалы, шексіздік белгісі, вектор символы, т.б таңбалар жиыны. Олардың ішінен қажетті символдарды таңдауға және оларды формула ретінде енгізуге болады. Математикалық символдар функционалдық ұқсастығы бойынша жеке топтарға біріктіріліп орналастырылған. Символды енгізу үшін керекті символ тұрған өріс элементін тышқан бағыттауышымен белгілеп көрсетсе, осы өріске кіретін символдардың толық тізімі ашылады. Тышқан бағыттауышымен тізімдегі қажетті символды таңдап, оны бір рет басса, символ мәтін-дегі формулалар қатарына енгізіледі.
Нұсқаулар қатары математикалық символдар шарт белгісінен төменірек орналасады. Оның көмегімен мәтінге математикалық қатынастар, қадамдар жіне интеграл, матрица, жақша ішіндегі өрнектер сияқта күрделі обьектілер және тағы басқаларды енгізуге болады. Мысалы, интеграл белгісінен кейін, түбір белгісін қоюға, ал т.бір белгісінің ішіне (астына) бөлшек белгісін қоюға болады.
Формулалар редакторында енгізу бағыттаушы бастапқыда L әріпі түрінде болады. Көлденең және тік сызықтар фомуланың келесі элементі қай жерге енгізілетінін көрсетеді. Формулаларды жазуда математикалық символдар мен белгілер қатары қосымша құралдар ретінде қолданылады, себебі таңбаларды тікелей пернелерден де енгізуге болады.
Редакторда терілген формула, мәтінге формулалар редакторы терезесі терілген жабылған соң ғана енгізіледі.
Теңдеуді енгізу
Формулалар редакторы іске қосылғаннан кейін, белгілі бір теңдеуді енгізуге болады. Теңдеуге тікелей пернелер тақтасының көмегімен қарапайым мәтінді және формулалар редакторындағы менюден арнайы символдарды таңдап алып, оларды енгізуге болады.
Формулалар редакторынынң менюінен тиісті таңбаны таңдауп алғаннан кейін, оны жіңішке пунктирмен шектелген төртбұрышты енгізу ұясына орналастыру керек. Бұны осы нұсқау арқылы енгізілетін символдардың ұясы деп те атауға болады. Бағыттауышты тиісті ұяға апарып, керекті таңбаларды енгізуге болады. Ұяға енгізілген таңбаларға байланысты төртбұрыш өз мөлшерін автоматты түрде өзгертіп отырады.
Қойылған нұсқаулар қабаттасып ораналасқанда бағыттауыштың қай ұяда орналасқанын анықтау қиынға түсуі мүмкін. Бұған бағыттауышқа дейінгі өрнектің асты сызылып тұратыны және бағыттауышты ң биіктігі символмен бірдей болып жыпылықтауы көмектеседі. Символдардың біріен екіншісіне өту немесе қазіргі нұсқаудан шығу бағыттауышы жылжыту пернелерімен жүзеге асырылады. Бір нұсқау орналасқан ұядан басқасына ауысу үшін Tab пернесін айдаланған жөн. Қандай бір өрнек білгіленіп тұрса, онда нұсқауды шақыру барысында енгізілуге тиісті символ, автоматты түрде белгіленген өрнек тұрған ұяға барып орналасады.
Кейбір нұсқаулық белгідерді қоспернелер арқылы жылдам теруге болады.
Қоспернелер әрекетінің нәтижесі
Ctrl + R түбір белгісін енгізу;
Ctrl + I интеграл белгісін енгізу;
Ctrl + ((не Ctrl+)) ашылған (жабылған) тік жақшалар белгісін енгізу;
Ctrl + 9( не CtrlO+0) ашылған (жабылған) жай жақшалар белгісін енгізу;
Ctrl + {(не ctrl+}) ашылған (жабылған) жүйелі жақшалар белгісіни енгізу;
Ctrl + F көлденең сызығы бар бөлшек белгісін енгізу;
Ctrl + / қиғаш сызықты белгісін енгізу ;
Ctrl + G грек символдарын енгізу режиміне көшу (символ енгізілісімен автоматты түрде бастапқы режим қайта орнатылады);
Ctrl + H дәрежелік таңба нұсқауын енгізу (жоғарғы индекс);
Ctrl + L индексті таңба нұсқауын енгізу (төменгі индекс);
Ctrl + J жоғарғы да төменгі де индекстері бар нұсқауды енгізу;
Ctrl + T, S қосынды нұсқауын енгізу (S);
Ctrl + T, P көбейтінді нұсқауын енгізу (P);
Ctrl + T, M матрица нұсқауын енгізу;
Ctrl + T, U жол астындағы төменгі символдар нұсқауын енгізу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген