400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Фотосинтез үдерісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Күні:

Тақырыбы:Фотосинтез үдерісі

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттек бөлуін түсіндіру;

3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу.

Сабақтың

мақсаты:

Өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттек бөлу процесін түсіндіреді


Бағалау критерийі

  • Фотосинтез үдерісінде оттек қалай бөлінетінін сипаттап айтады,

  • Фотосинтез процесінің маңызын түсіндіреді

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Хлорофилл

Фотосинтез процесі туралы айтып бере алады.

Құндылықтар

Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған міндеттер: Өсімдіктерге қамқорлықпен қарау.

Пәнаралық

байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану

дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Фотосинтез, оттек, глюкоза ұғымдарын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут

«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы өткен тақырыпты қайталау. Суретпен жұмыс.Сұрақтар:

  1. Фотосинтез деген не?

  2. Адам, өсімдік, жануарлар тыныс алу үшін қандай газ қажет?

  3. Оны не бөліп шығарады?

  4. Өсімдікке көмірқышқыл газы не үшін керек?

  5. Өсімдік өз қорегін қалай өндіреді?

  6. Күн сәулесі жапыраққа түскенде не болады?


Слайд №3

Сабақтың ортасы

3 минут











3 минут






7 минут




4 минут














2 минут

3 минут








5 минут













3 минут













5 минут

Мұғалім-оқушы диалогі.

Ғалымның бақылауы.Берілген сюжетті суреттерді зерделеу.

  • Ғалым нені бақылады деп ойлайсың?

  • Екі жылда өсімдік қалай өзгерді?

  • Өсімдіктің өсуіне не көмектесті?

  • Өсімдіктердің өсуіне Күн сәулесі қалай әсер етеді?

  • Өсімдік отырғызылған ыдыстың массасы неліктен өзгергенін түсіндіріп көр.

Қорытынды жасайды. Өсімдіктер Күн энергиясы, су, көмірқышқыл газ сіңіру арқылы өзінің массасын ұлғайтады (өседі).

Мұғалім-оқушы диалогі

Ғалым өсімдіктің өзгеруін байқаған кезде қандай зерттеу әдісін пайдаланды? (Бақылау).

Ғалым өзінің сұрақтарына жауап беру үшін не жасады? (Эксперимент).

Эксперимент жасаудың қандай пайдасы бар? (Туындаған сұрақтарға жауап табуға, болжамды тексеруге мүмкіндік береді).

Топтық жұмыс. Оқушыларды жыл мезгілдеріне байланысты «Мозайка» стратегиясы арқылы топтарға біріктіру. Әр топқа Күн энергиясының айналымы туралы әңгімелеу ұсынылады. Топта жұмыс

Мұғалімнің әңгімелеуі.Жер қойнауындағы көмір мен мұнай өсімдік қал­дықтарынан түзілгенін білесіңдер ме? Олар өте ерте за­манда жылы және ылғалды климатта жайылып өскен өсімдіктердің өліп, суқоймалардың түбіне батып, шірімей және өртенбей сақталған жыныстарынан пайда болған. Ал өсімдік Күн жарығы болғандықтан өседі. Өсімдікті сондай-ақ, жануарлар мен адамдар қорек етеді. Осылай Күн энергиясы айналады. Өсімдікте пигмент деп аталатын бояғыш зат бола­ды. Оны хлорофилл деп атайды. Ол өсімдікке жасыл түс береді. Хлорофилсіз фо­тосинтез үдерісі жүрмейді.

Табиғаттағы барлық тірі ағза сияқты өсімдік те оттекпен тыныс алып, көмірқышқыл газды шығара­ды. Ал фотосинтез үдерісі кезінде өсімдік көмірқышқыл газды сіңіріп, оттекті бөліп шығарады.

Сергіту сәті.

Ойлан.Күн сәулесі бейнеленген парақты әр топқа таратып, көгөніс, дәнді дақылдар мен жемістерге Күннің әсері туралы шағын газет шығару ұсынылады. Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Күн сәулесі өсімдіктерге не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • Күн сәулесі жеткіліксіз жағдайда жемістер, дәнді дақылдар қалай өседі?

Зерттеу.«Қай өсімдік жыл бойы оттек шығарады?». Топтарға түрлі өсімдіктердің суреттерін тарату (қайың, шырша, тал, терек, үйеңкі, қарағай, пальма). Ақпарат көздерін: энциклопедия, балалар журналдарын дайындау.

Жүргізуге нұсқаулық:

-өсімдіктердің суретін зерделе

-өсімдіктерді жыл бойы оттек бөлетін және жылы мезгілде оттек бөлетін өсімдіктерге бөл

-нәтижелерді тірке, қорытынды жаса

-өз өлкеңде жыл бойы оттек бөлетін өсімдіктер өсе ме?

Жасыл өсімдіктердің ішінде қылқан жапырақты өсімдіктер (шырша, қарағай, самырсын, балқарағай, арша) қатты аяздарға басталғанша оттек бөледі.

Астананың жасыл белдеуі. Оқушыларға «жа­сыл белдеу» туралы бейнежазба көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бері Астана қаласының төңірегіне ағаш отырғызыла бастады. Бұл көшеттерді «Астананың жасыл белдеуі» деп атайды.

Елорда төңірегіндегі ағаштардың қалай егілгені туралы бейнежазбаны оқушыларға көрсетіп, олар­ды не үшін отырғызатыны туралы сұхбаттасу ұсынылады.

Өз туған өлкесіндегі отырғызылған жасыл желектерге мысал келтіру. Оның маңызын атау.

Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.

5-жұмыс парағы. «Фотосинтез үдерісі», 7-б.

Өзіңді тексер. Оқушылардың жауабы тақырып­ты түсіну деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Бала­лар өз бетінше екі сұрақ дайындауы тиіс. Олардың жазған сұрағын бағалауда тақырыпқа сәйкестігін, дұрыстығын, күрделілік дәрежесін тексеру. (Жауаптары: 1 – ә; 2 – б; 3 – б; 4 – б; 5 – a.)

6-жұмыс парағы. «Күн энергиясы», 8-б.

Ребустар. Тапсырма фотосинтез үдерісі кезін­де өсімдіктерден оттек бөлінетіні туралы түсінікті бекітуді көздейді. Оқушылар ребусты шешіп, жауа­бын жаза алады. (Жауаптары: оттек, жарық).

Бағалау.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Фотосинтез үдерісін, хлорофил ұғымын түсінеді.

  • Фотосинтез үдерісінің қалай жүретінін біледі;

  • Фотосинтез үдерісінің маңызын түсінеді.

Өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттек бөлуін түсіндіре алады.

  • Күн энергиясының айналымы туралы әңгімелейді.


Оқулықпен жұмыс











Слайд №4






Жыл мезгілдері бейнеленген қима қағаздар. Слайд №5

Көмір, мұнайдың суреттері











https://www.youtube.com/watch?v=8GemL9uJndo

Газет шығаруға арналған құралдар

Слайд №7

Слайд №8

Қайың, шырша, тал, терек, үйеңкі, қарағай, пальма.










Слайд №9












Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс. «Бес саусақ» стратегиясы бойынша.

Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2, түсінбедім деген оқушы №3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

Алақандар салынған парақшалар



Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
62 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
4514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі