400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Францияның ұлы батыры

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақта, семинарларда қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Францияның Ұлы Батыры

Жанна д’Арк

Жанна д’Арк (Орлеан қызы)- Францияның ұлтық батыр қызы.Жүз жылдық соғыс (1337 -1453) кезінде француз халқының ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған.Шаруа отбасында дүниеге келген.Бала кезінен діншіл болған ол өзін құдай Францияны азат етуге жіберді деп сенді.1429 ж. ақпанда әрең дегенде Карл 7-нің қабылдауында болып,соғыс қимылдарын бастау керек екендігіне оның көзін жеткізді.Жанна д’Арк басқарған жасақ үлкен жеңістірге жетіп,1429 ж. 8 мамырда ағылшындардың қолында болып келген Орлеан қ-н азат етті.Осы еңбегі үшін халық оны Орлеан қызы деп атады.

Әрі қарай жеңісті жорықтарды жалғастырған ол Рейме қ-на келіп жетіп,1429 ж. 17 шілде күні Карл 7-ні таққа отырғызды.Бұл жеңістер Жанна д’Арк есімін халық арасында аңызға айналдырғанымен,халықтық соғыстың өршуі король мен сарай ақсүйектерін қатты шошытты.Олар Жанна д’Аркты әскери қимылдардан шеттете бастады.1430 ж. 23 мамыр күні қоршаудағы Компьен қ. түбіндегі шабуылда ағылшындардың одақтасы бургундардың тұтқынына түсіп,олар Жанна д’Аркты ағылшындарға сатты.Руандағы шіркеу соты оны құдайдан безген,сиқыршы деп айыптап,өртеп жіберді.1456 ж. Осы іс қайта қаралып,оның есімі салтанатпен ақталды.1920 ж. Католик шіркеуі оны әулиелер қатарына қосты.


  • Наполеон  Францияның мемлекет қайраткері, қолбасшы, император  (1804 –1815)

Ақсүйектер отбасынан шыққан. 1785 жылға дейін Бриен және Париж әскери мектептерінде оқыған. Франциядағы 1789 – 94 ж. революция кезінде Тулон қаласын азат еткені үшін 24 жасар Наполеон I капитандықтан бригадалық генерал дәрежесіне дейін көтерілді.

1796 ж. Италияға жорық жасаған армияның бас қолбасшылығына тағайындалды. Осы және кейінгі Египетке жасаған жорықтары кезінде өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде көрсетті. 1799 ж. 9 IX(18 брюмерде) биліктегі дағдарысты пайдаланып, мемл. төңкеріс жасады. Ол елде алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 ж. 18 V) түріндегі әскери диктатура орнатты. Якобшілдер мен роялшылдарға соққы берді. Өнеркәсіп пен сауданы дамытты. 1800 ж. француз банкін құрды. Мемлкеттің қуатты арттырудың басты тірегі өнеркәсіпті дамыту деп білді.

Наполеонның сыртқы саясаты буржуазияның мүддесіне сай келді. Оның мақсаты Францияның экономикалық және саяси үстемдікке жетуін қамтамасыз ету еді. Францияға қарсы жеті коалациялық одақ құрылды. Оның басында Англия, Ресей, Австрия, және Пруссия тұрды. Тек олардың ешқайсысы еркін шаруалардан құралған француз армиясына қарсы тұра алмады.

1800 жылдың VII айында Маренго елді мекенінің түбінде австриялықтарды толығымен талқандады.

1801 жылдың 9 II Люневиль қаласында, Австрия Франциямен бітімге қол қоюға мәжбүр болды.

1802 жылы Амьенде Англия да Франциямен бітімге келуге мәжбүр болып, Мальта мен Мысырдағы өз әскерін алып кетуге міндеттенді.

1802 жылы Пьемонтты басып алды да , 1803 жылы Швейцарияда өз үстемдігін орнатты.

Осы жылы Англиямен соғыс қайта жалғасты. Францияның одақтасы ретінде Испания араласты. Испан теңіз флотының көмегімен Наполеон Британ аралына 130 мыңдық десант түсіргісі келіп, әрі Англияны біржола талқандап, оның отарларын иеленуді, содан соң Германия мен Италияны басып алуды жоспарлады.













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
564
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі