Материалдар / Франсуа Вольтер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Франсуа Вольтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға реферат керек кезде керек болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
519
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Франсуа Мариаруэ Вольтер (1694-1778) - француз жазушысы, философы, тарихшысы, француз ағартушыларының көсемдерінің бірі. Өзінің шығармаларына феодалдық қатынастарды, деспотияныдінді қатты сынайды.[1]


Жоғарыдан реформа жасау арқылы қоғамда өзгерістерге жетпекші болды. 
Әлеуметтік жамандық білмеушіліктен деп есептеген. Оның пайымдауынша, теңдік, еркіндік жаратылыстан берілген құқықтар. Барлық азаматтар заң алдында тең. Бірақ мүліктік теңсіздікті адамдардың жаратылысынан солай деп түсінді. Кез келген еркіндіктің бастауы - ұят пен сөз еркіндігі. Католиктік шіркеу мен католицизмге Вольтер қарсы болғанымен, жалпы дінге қарсы болған жоқ. Көпшілік халықты қолда ұстау үшін дін өте қажет деп есептеді. Қоғамды демократиялық негізде қайта құру мәселесі оны алаңдатқан жоқ. Ол үшін маңызды мәселелер: жаратылыс құқы, еркіндік, тендік. Еркіндік ол үшін бірінше кезекте жеке адамның, индивид еркіндігі, ал жалпы қоғам еркіндігіне мән бермеді. Жеке адам еркіндігінің негізі - сөз еркіндігі, онымен бірге баспасөз еркіндігі. Католиктік шыдамсыздыққа қарсы ар-ұят еркіндігін ерекше қарсы қойған. В. пікірінше, нағыз еркіндік адамдар бір-бірінен тәуелсіз болған жағдайда болады. Яғни, автономды субъектілерге айналу шарт болады. Сонда тәуелділік басқа сипат алады, заңға тәуелді болмақ. В. басқалардай еркіндік пен теңдікті бір-біріне қарсы қоймайды, қайта еркіндік теңдікпен толықтырылып, күшейтіледі. Адамдардың теңдігі саяси-заңды мағынада: барлық адамдар заң алдында тәуелді әрі барлығы бірдей заңмен қорғалады. Мүліктік теңсіздік олардың жаратылысынан деп түсінді. Әрі мүлікке иелік адамның қоғамдағы жағдайын анықтайды. Мысалы, қоғамдық мәселелерді шешуде тек мүлік иелері ғана дауыс беруге құқылы. Осы тұрғыдан сословиелік артықшылықтарды және шіркеулі соттарды жоюды ұсынды. Аристократияны бюрократиямен ауыстыруды ұсынды. Ал реформаларды жүргізуді кемеңгер мемлекеттік билікке жүктеді. Абсолюттік монархияны, кемеңгер монарх билігін қолдады. Ол тек білімді, ақылды ғана емес, сонымен қатар қайырымды болуы керек дейді ол. Мемлекет - алғашында республика түрінде пайда болған отбасылар бірлестігі. Оның пайда болуы табиғи дамудың нәтижесі. Республика адамдардың табиғи жағдайына келеді. Билік мұнда көпшілік еркімен бағытталады. Ал оны бір адам немесе заңдар негізінде адамдар тобы іске асырады. Мемлекетті басқару түрлеріне емес, институттар арқылы іске асатын принциптерге мән берді. Мұндай әлеуметтік-саяси, құқықтық принциптерге еркіндік, меншік, заңдылық, қайырымдылық жатады.[2]

Париждегң Вольтер өлген үй

Пантеондағы Вольтер басы

Вольтер, Жан-Антоин Хоудан, 1778. Ұлттық өнер галлереясы

Өмірбаяны[өңдеу]

Вольтер негізінен француз ағартушыларының бастаушысы болып есептеледі. Себебі оның саяси және әлеуметтік ойлары Дидро, Руссо, Мабли ойларына қарағанда әлдеқайда тұрақты болды. ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде Вольтер елуден асып, көптеген көркем, философиялық, ғылыми мазмұндағы шығармалардың авторы ретінде есімі күллі Европаға танымал болған кезінде ағартушылық қозғалыс кең құлаш жайды. Вольтер осы француздың төңкерісшіл ойшылдарының мықты буынына шабыттандырушы әрі тәрбиелеушісі болды. Вольтер Парижде 1694 жылы дүниеге келді. Шын аты Франсуа-Мари Аруэ (Вольтер – оның әдеби бүркеншік есімі). Ол дворяндық тектен шықты. Әкесі дәулетті буржуа, алдымен сот палатасында нотариус болып қызмет істейді, кейіннен қазына шенеунігі болады. Вольтер ақсүйектік училище – Ұлы Людовиктің иезуиттік колледжінде оқып, білім алады. Жазушы орлеандық Филипп пен оның қызына саяси сарында мысқылдап сатира жазғаны үшін астанадан аластатылып, сегіз айын Сюллиде өткізеді. 1717 жылдың көктемінде он бір айға Бастилия түрмесіне қамалады. Тұтқындалуының негізгі себебі, сарайда билік құрған озбырлық пен азғындықты әшкерелейтін «Бала билігі» атты шығармасының жариялануы болатын.[3] Түрмеде ақын «Генрих VІ» атты эпикалық поэмасы және «Эдип» трагедиясымен көп жұмыс жасады. 1718 жылдың 18 қарашасында Париж театрында бірінші рет қойылымы көрсетілді. Жас ақынға Корнель мен Расиннің лайықты ізбасары ретінде қарады. Вольтердің «Лига» шығармасы Руанда құпия түрде жарияланады. Жасырын таратылған Вольтер поэмасы оқырмандарға кеңінен танылады. Оны Францияның ең жақсы ақыны деп атап, Гомер мен Вергилийден де жоғары қояды. Ақсүйектер Вольтер алдында құрдай жорғалайды. Алайда атақ-дәрежесі жоқ қарапайым адам қанша жерден дарынды болса да кез келген дөрекі ақсүйектің алдында қауқарсыз еді. Вольтерде де солай болды. Ол абайсызда бейшара бір дворянсымақтың ашуын туғызып алады. Ол болса қолшоқпарларына тапсырма беріп, халықтың маңдайалды, сыйлы ақынын соққыға жыққызады. Алайда осы ұлт мақтанышын қорлаған сорақының істеген қылығы үкімет тарапынан еш жазасыз қалады. Бұл оқиға ақсүйектер арасында тек күлкі тудырады.[4] Вольтер Англияда үш жыл өмір сүреді. Ол көп жұмыс істеп, ағылшын материалистік философиясымен, әдебиетімен, ғылыми жетістіктерімен танысады. Оған материалист-философ Локктың және ғалым Ньютонның еңбектері қатты әсер етеді. Ол екеуін де дәріптеп, бүкіл Францияға танымал етеді. Кейіннен Ньютонның ашылыстарын танымал еткені үшін Вольтерді орыс Академиясының құрметті мүшесі етеді. 1730 жылы «Брут», «Заира» трагедиясын жазады. 1734 жылы Англиядан Францияға оралғаннан кейін Руанда «Англия жайлы хаттарын» жариялайды. Онда ол Францияның феодалдық жүйесін сынға алып, материалистік философияны уағыздайды. Бұл кітап жұрт көзінше өртеледі. Вольтер бірнеше тілді білетін, нақты ғылымдармен айналысатын Францияның оқыған қыздарының бірі, өзінің құрбысы Эмилия дю Шатленің үйінде тұрақтайды. Осы жерде өткізген он төрт жылында Вольтер көп жұмысты тындырады. Ол тарихтан, математикадан, философиядан еңбектер жазады: «Адасқан ұл» (1736), «Орлеандық қыз», «Мұхаммед» (1742), «Меропа» (1742), «Нанина» (1749) және т.б. шығармаларын жазады. Вольтер Парижде ең бір белсенді жұмыстарды ұйымдастырып, «Агафокл» шығармасын жазады. Ол француз тілінің академиялық сөздігін құрастыруға Француз акдемиясының шешім қабылдауына мәжбүр етеді. Өзіне «А» әріпіне байланысты томын құрастыру міндетін алады. Өз отанының астанасында оған бұрынғы күштері қайта оралғандай болғанымен, жылдар өз берешегін алып, Вольтер 1778 жылдың 30 мамырында дүниеден өтеді. Вольтер 84 жасқа келсе де ұлы жоспарлар ойластырып, жастық жігерге толы еді. Өзінің соңғы трагедиясы «Иринадасын» ол өзі бірге отырып көреді. Қойылым соңында актерлар сахнаға басында лавр жапырағы кигізілген Вольтердің мәрмәр мүсінін алып шығады. Көрермендер ақын құрметіне ұзақ қол соғады. Төңкеріс жылдарында 1791ж. Вольтер сүйегі салтанатты түрде астанаға көшірілді. Көтерілген француз халқы қабір басына ұлы ағартушының бүкі іс-әрекетінің қорытындысын жасаған «Ол бізді бостандыққа дайындады» деген сөз жазды. Бүгінде Францияның ұлы адамдарына арналған Пантеонда философ мәңгілік жайын тапқан. Вольтер достарын, әріптестерін шабыттандырып, рух беріп, оларға цензураның тырнағына ілінбей күрес жүргізудің тәсілдерін, Эзоп тіліне жүгінуді үйретті.[5]



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!