400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Фразеологиялық тіркестер

Материал туралы қысқаша түсінік
Фразеологиялық тіркестер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Фразеологиялық тіркестер

Сабақтың мақсаты:

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке баулу, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру;

б) Ой еркіндігіне, ізденімпаздыққа баулу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану: сақтықта қорлық жоқ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1. Эвфемизм дегеніміз не?

2. Дисфемизм дегеніміз не?

3.Табу дегеніміз не?

4. Мәтін дегеніміз не?

5. Эвфемизм мен дисфемизмнің әдеби тілден айырмашылығы неде?

6. Омоним дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Фразеология» термині кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

Тілімізде қолданылатын және сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемдер бар. Оның сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттері болады, бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді.

Мысалы: көз бояу, жүрегінің түгі бар, қу бастан қуырдақтық ет алған т.б. Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.

Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін еденица болып қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологизмдер деп атайды.

Тақтамен жұмыс: фразеологиялық сөздердің синонимдерін тапқызу.

Телегей теңіз, көл-көсір (көп)

Ит жанды, жылқы мінезді (төзімді)

Маңдайы ашылған, қыдыр дарыған, бақ қонған (бақытты)

Сағы сыну, шағылу, жүрегі шайылу (беті қайту)

Білімді бекіту: 1. Фразеологиялық тіркестер дегеніміз не?

2. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?

3.Эвфемизм дегеніміз не?

4.Дисфемизм дегеніміз не?

Бағалау: Сұрақтарға жауап бергендеріне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Мына фразеологиялық тіркестің мағынасын біліп келуге беремін.

Сақалын сипап қалу, мұзға отырып қалу, тақырға отырып қалу, аузы күю, көзді ашып жұмғанша, кірпік қаққанша, иек көтергенше, қаспен көздің арасында.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
01.07.2026
9
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі