фрустрация әсері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

фрустрация әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
фрустрация әсері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті









СӨЖ















Пәні: Психологияны оқыту әдістемесі

Тақырыбы:« Фрустрация әсері»

Қабылдаған: Бапаева Сая Тілектесқызы

Орындаған: Ауталип А.Д





Фрустрация әсері



Бүгінгі цифрландырылған және ақпараттандырылған уақытта мүмкіндіктердің көптігін,қазіргі әлемде адамдардың барлық ұмтылыстары мен үміттерін жүзеге асыруға болатындығын білеміз және жиі естіп жатамыз.Бізде қазір «Z ұрпағы», «Интернет ұрпағы» немесе «Google ұрпағы» деген теңеулерді айтсақ, бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желіні үйрену,тіпті кішкентай балалардың қолдануы жеңіл. Олар табысты адамның жетістігін көрсетеді және олардың жетістіктерін қайталау өзіннің мүмкіндіктерің мен таланттарыңа қарамастан әркім үшін мүмкін екеніне сенеді.Жетістікке ұмтылған сайын кедергілердің шығуы көңілдің қалуы, реніш, өкініш, ыза, наразылық, үмітсіздікке алып келетіні сөзсіз.Мақсатқа жету жолындағы кедергілер кез-келген адамның эмоционалды реакциясын тудырады. Қанағаттандырылмаған қажеттіліктер мен қоғамдағы шектеулер мен тыйымдар арасындағы қайшылық нәтижесінде қақтығыс жағдайында пайда болатын бұл реакциялар "фрустрация" деп аталады. Фрустрация дегеніміз - біздің мақсатымызға жетуге кедергі болатын кез келген нәрсеге реакциямыз (мысалы, сусын сататын автоматтың істен шығуы). Діттеген межеге жетуге мотивациямыз жоғарырақ болған сайын немесе мақсатымыздан мол жетістік күтіп, ал кездескен кедергіміз үлкен болған сайын фрустрация сезімі де жоғары болады.

Фрустрацияның жалпы себептеріне мыналар жатады:

-Күнделікті қиындықтар

-Қаржы

-Тұлғааралық қақтығыстар

-Қарым-қатынас

-Қазіргі әлемдегі стресстік оқиғалар

-Жұмысқа байланысты мәселелер

-Бәсекелестік - фрустрацияның басты себептерінің бірі, ол біржақты түсініктің қалыптасуына түрткі болады. Екі топ жұмыс орындары , тұрғын үй немесе әлеуметтік бедел үшін бәсекелесетін болса, бір топтың мақсатқа қол жеткізуі басқа топтың түңілуіне әкеледі.

Жалпы фрустрация көздері ішкі және сыртқы себептерге байланысты болуы мүмкін. Ішкі көңілсіздік сіздің күш-жігеріңіз немесе мінез-құлқыңыздан болсын, өзіңіздің қандай да бір аспектіңізге қанағаттанбау сезімін білдіреді.Сыртқы фрустрация сыртқы ортадағы нәрсеге байланысты стрессті қамтиды. Жұмысқа асығып бара жатқанда кептелісте қалып қою — бұл көңілсіздіктің сыртқы себебінің мысалы.

Көптеген зерттеушілердің анықтамалары бойынша діттеген мақсатқа жетуде кедергілерді жеңуге тырысу фрустрациялаушы жағдаяттың қажетті белгілері саналады, мәселен, мақсатқа жетудегі кедергілер физикалық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік-мәдени болып бөлінеді. Адам өміріндегі фрустрациялаушы жағдаяттарға байланысты күйлер баршылық. Фрустрациялық жауап берудің бірнеше әсерлері анықталған:

-Агрессия: ашулану сезімі өзіне немесе басқаларға бағытталған агрессияға әкелуі мүмкін. Ашу мен өшпенділік фрустрация тудырады. Ашу-ыза секілді агрессия қоздырғыштар агрессивті іс-әрекеттерге итермелейді.

-Депрессия . Уақыт өте келе фрустрация, көңілсіздік қайғы мен депрессияға әкелуі мүмкін.Үміт пен нәтиженің сәйкес болмауынан да жиі көрініс береді.

-Өзін-өзі бағалаудың нашарлығы . Фрустрация өзіне деген сенімділікті жоғалтуға әкелуі мүмкін, әсіресе сіздің сезімдеріңіздің қайнар көздері ішкі болса.

-Мінез-құлық бұзылыстары . Адамдардың көңілсіздік сезімін жеткіліксіз жолдармен жеңуі сирек емес, мысалы, алкогольге, есірткіге, тағамға немесе денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін басқа мінез-құлыққа жүгіну.

Фрустрация реакцияны екі негізгі бағытта қабылдайды: импульсивтілік немесе төзімділік (толеранттылық). С. Розенцвейгтің айтуынша, толеранттылық мүмкіндікті көрсетеді адам көңілсіз жағдайларды жеңе алады. Фрустрацияға төзімділік-бұл күрделі мәселелерді шешуде адамның көңілсіздікке қарсы тұру қабілеті. Фрустрацияға төзімділіктің төмендігі тән ашумен байланысты, ал фрустрацияға төзімділіктің жоғары деңгейі ашудың төмен деңгейімен және күрделі тапсырмаларды орындау кезінде табандылықпен байланысты. Мысалы айтсақ, көңілсіздікке төзімділігі жоғары бала қайталанатын қиындықтар мен сәтсіздіктерді айтарлықтай фрустрацияны жеңе алады. Фрустрацияға төзімділігі төмен бала орташа қиындықтағы тапсырмаларды орындауды сұрағанда тез ашулануы мүмкін.Толеранттылықты қалыптастыруға болады (Н.Д.Левитов).

Фрустрация-агрессия теориясы - фрустрацияның агрессияны тудыратынын көрсететін теория. Фрустрация-агрессия теориясына жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижелері әртүрлі: фрустрация кейде агрессияны өсірсе, кейде тежеген. Мысалы, тәжірибелердің бірінде ғалымдардың бірінің есту аппараты бұзылып (қасақана емес), топтық мәселені талқылауға кедергі келтіргені сияқты фрустрацияның себебі түсінікті, ол реніш туғызсада, агрессияны өсіре қоймаған (Вигпзіеіп & Шогсһеі, 1962). Бұл теория фрустрация мен агрессияның арасындағы байланысты тым әсірелеп бағалайтынын байқаған Леонард Берковиц теорияны қайта зерттеген (1978, 1989). Оның ойынша, фрустрация тек адамның ашуына тисе ғана, яғни басқаша әрекет істеуге мүмкіндігі бола тұра, кісінің зығырданын қайнататын әрекетті жасаған кезде агрессияны өсіреді. Мысалы, адам спорт ойындарында жеңіліп жатса, көңіл күйі түсіп кетеді, бірақ қарсыластары ережені бұзбаса, агрессияға бой бермейді. Фрустрацияға тап болған адамның агрессиясының ең жоғарғы сәті оның ашуына мейлінше ең қаттырақ тиген сәтте болады екен. Кейде мұндай сәт ешкім ашуына тимесе де болуы мүмкін. Дегенмен біреудің себеп болуы агрессияның мейлінше жоғары болуына әкеліп соғады. Фрустрация әсіресе біз өзімізді басқамен салыстырғанда тіпті айқын көрінеді. Мысалы, полицейлердің еңбекақысын өсіру олардың еңсесін көтеріп тастаса да, өрт сөндіруш ілердің еңсесін түсіріп жіберуі мүмкін.

Субъектінің таңдаған мінез-құлық тәсіліне қарай вербалды және физикалық агрессия ажыратылады. Ондай мінез-құлықтың үшінші, дербес түрі жанама агрессия деп аталады. Жеке жағдайларда фрустраторға қатысты ашық агрессивті мінез-құлық бейімделудің шынайы түрі болуы мүмкін, алайда қоғам ондай реакцияның дөрекі түрлеріне жол бермейді. Сол себепті агрессия жанама түрде көрініс беріп, шынайы фрустратор анағұрлым әлсіз нысанға алмастырылады. Бұл құбылысты спорттық ойындардан және іс-әрекеттің әлеуметтік қолайлы түрінен байқауға болады. Барлық жағдайларда фрустрацияланған тұлға өз қиындығының себепшісінен «өш алуға» қолайлы «әдісті» табады деуге болады. Е.П. Ильин жоғарыда көрсетілген топтастыруды аса қолайлы деп есептемейді, өйткені оның пікірінше вербалды әрі физикалық агрессия да жанама болуы мүмкін. Мысалы, біріншісі жақын адамдарымен ұрысқанда адам «ішінен» салғыласу түрінде көрініс береді. Оның өз кезегінде даулы жағдайға еш қатысы болмауы мүмкін. Екіншісі, кетіп бара жатып, есікті тарс жабу, қатты ашудан үстелді жұдырықтап, ұру, заттарды лақтыру, сындыру және т.с.с.көрініс беруі ықтимал. Е.П. Ильин тура және жанама вербалды агрессияны, сондай-ақ тура және жанама-физикалық агрессия туралы айтқан қисынды деп есептейді. Олар әрқилы дәрежеде көрініс беруі мүмкін, немесе көрініс беруге бейімділігі әртүрлі болуы мүмкін: жанама вербалды агрессия жанама физикалық агрессияға қарағанда екі есе айқындылықпен көрініс береді; сонымен бірге ер адамдарда физикалық агрессия, ал әйелдерде – жанама вербалды агрессия басым (ол өз кезегінде әдебиетте сипатталған ер адамдардың агрессиясы әйелдерге қарағанда басымдырақ деген мәліметтерді нақтылайды); екіншіден, жанама вербалды агрессияның көрсеткіштері агрессияның қалған басқа түрлерінің көрсеткіштерімен аса көп айқаса бермесе, жанама физикалық агрессияның көрсеткіштері агрессияның қалған басқа түрлерінің көрсеткіштерімен (тікелей вербалды және тікелей жанама агрессиямен) сенімді байланыста болады [10].

Фрустрацияның психикалық жағдайы мақсатқа қол жеткізу жолында еңсерілмейтін қиыншылықтарынан туындап, сасқалақтау мен торығудан, реніш пен наразылықтан агрессияға дейін түрлі эмоциялық күйлерді басынан кешіреді. Адамның мақсатқа ұмтылу жолындағы физикалық, биологиялық, әлеуметтік, мәдени кедергілер фрустрациялық қысымның дамуына ұласатын жағдайларды қалыптастырады. Қысым фрустрациялық мінез-құлық арқылы көрініс береді, мәселен қысым жоғары болған сайын адамның мінез-құлқы бақылаусыз «апатты» жағдайға дейін жетіп, бұрыс жолға түсе бастайды. Қоғамның назарын ерекше аударып отырған кез келген жеке тұлғаға жас ерекшеліктеріне байланысты қажеттіліктердің қанағаттанбауы, әлеуметтік өмір талаптарына сәйкес болмауы, қоғамдағы құндылық нормалық жүйенің бұзылуы, индивидке әлеуметтік қалып әсерінен төмен деңгейі, өздерін төмен немесе жоғары бағалауына ықпал етеді. Фрустрацияның көрініс беруінің жеке-дара ерекшеліктері импунитивті, интрапунитивті немесе экстрапунитивті түрлері сыртқы (ситуативті) немесе ішкі (индивидтің жеке дара ерекшеліктері мен өмірлік тәжірибесі, патологиялық қорғаныстарды қолдану сипаты және т.с.с.) факторларға байланысты болады. Қорыта айтқанда фрустрацияланған мақсаттардан саналы бас тартып, оның жаңа, едәуір қолайлы, қол жетімді түрлеріне бағдарлану нағыз адами бейімделудің жоғарғы түрі саналады.



Пайдаланған әдебиеттер

1. Юрова К.И. Юров И.А. Фрустрация как фактор неадекватного поведения -М-2016 /Гуманизация образования

2. М.К. Бапаева. Фрустрацияның даму себептері және психологиялық тетіктері № 3 (75), 2018

3. Дэвид Г. Майерс Жан М.Туенж. Әлеуметтік психология 12-басылым. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. 298-330 бет

4. В.П.Руднев. Мышление как преодоление фрустрации? -М-2017 / Артикульт

5. Левитов Н.Д. Фрустрация как один из видов психических состояний. –М ., 2000. – С. 76.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2023
254
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі