жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Функционалды сауаттылық
Павлодар қаласы
ЖШС «Торайгыров университет жоғары колледжі»
БАЯНДАМА

Тақырыбы: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын
арттырудағы педагог-психологтың кәсіби құзырлығы
Психолог: Кунболатова Куаныш Куатовна
2020 жыл
МАҚСАТЫМ:
Білім берудің жаңа парадигмасына көшу жағдайында оқушының даралық потенциалын есепке ала отырып, құзіретті оқушы қалыптастыру.
Ол құзырлықты өмірде пайдалануға бағыт беру.

Жоспар
1. Кіріспе.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – нәтижеге бағытталған білім беру негізі.
2. Негізгі бөлім.
а/ Оқушылардың функционалдық сауаттылығын
арттырудағы педагог-психологтың кәсіби құзырлығы
3. Қорытынды.

«Қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор – адамдар, олардың ерік-жігері, білім-білігі мен күш қуаты»
Н.Ә.Назарбаев
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы педагог-психологтың кәсіби құзырлығы
«Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне,
сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»
Н.Ә.Назарбаев
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан - жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.
«Егер мұғалім он бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз» деп Л.Толстой айтқандай жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік–экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан–жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор. Себебі ақпараттық технология ғана жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыра алады.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр
әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген,
көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын,
олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен,
өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа
жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін
батыл, ержүрек болуы керек» – деген еді. Осы бір қасиетті мамандық
иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын
көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі
мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Осы орайда қазіргі таңда жас педагогтармен
педагогикалық-психологиялық жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – нәтижеге бағытталған
білім беру негізі екендігін түсінуі,
соған ат салысуы оқушылардың
белсенділігін арттырып, болашақтың жігерлі азаматтарын дайындаудың
алғашқы негізі қаланады. Кәсіби құзырлылық – мұғалімнің
біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну,
жоғары деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен
жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай
бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу. Осының бәрі
педагог-психологсыз іске аспайды. Ол туралы, яғни психологтың орны
туралы тұжырымдамада айқын көрсетілген. Мектеп психологы баланың
жан-дүниесімен жұмыс істеуі керектігі түсінікті. Сонымен қатар,
оқушыға білім беру процесі барысында әр мұғалім білім беру, оқу
процесін ұйымдастырумен қатар олардың психологиялық ахуалын да
назарда ұстауы қажет. Яғни, әр мұғалім психолог болуы керек.
Сыныпта балаларды алалау (әлеуметтік, ұлттық т.б.), жаман оқитындар
немесе жақсы оқитындар деп ашық түрде бөлу жеке тұлғалық және
ұжыммен жұмыс істеуге нағыз кедергі болады да, психологиялық ахуал
бұзылған жерде білім беру мен білімді игерудің түпкі нәтижесіне қол
жетпейді.
Қазіргі заманғы психологияны кәсіби деңгейде болмаса да, белгілі бір дәрежеде игермеген мұғалім жарты қаруы жоқ жауынгер іспеттес. Бала психологиясына сезімтал болу ұстаз үшін бала жүрегіне жол табар жарты жеңіс деуге болады.
Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы
27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауында Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық
жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды
болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған
стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық
сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім
қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы
білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар
мектеп қабырғасында қалыптасады.
Болашақ – білім мен ғылымға тәуелді болатыны айдан анық нәрсе. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Сондықтан білім берудің жаңа парадигмасына көшу жағдайында оқушының даралық потенциалын есепке ала отырып, құзіретті оқушы қалыптастыру, ол құзырлықты өмірде пайдалануға бағыт беру,сапаға қол жеткізу – бүгінгі ұстаз қауымының басты мақсаты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады,” – деп атап көрсеткен еді. Яғни білікті, білімді, бәсекеге қабілетті маман кәсіби жағынан ғана шебер болмауы керек, сонымен қатар өз елінің мәдениетін, салт-дәстүрін, мемлекеттік тілді де жақсы білуі керек.
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік оқыту нәтижесін ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Сонымен, оқу үрдісіндегі құзырлылық дегеніміз – оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін қолдана алу мүмкіндігі болып табылады.
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты.
Осының барлығын негізге ала отырып, мектеп психологы оқушылармен, ата-аналармен, педагогтармен жұмыс жүргізуі тиіс. Педагогтарға психологиялық тұрғыда көмек берумен қоса, педагогтың кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын көтерудің негізгі факторы екендігін және сол алған білімдерін өмірдің кез-келген жағдайында пайдалана алатын қоғамға қажетті жеке тұлғаны қалыптастыру басты міндет екендігін түсіндіру керек.
Осы орайда психолог маманға артылар жүк жеңіл емес.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- дегенін барлығымыз білеміз.
Мектептегі оқушылардың жетістігін анықтайтан негізгі көрсеткіш білім сапасына тәуелділігі – бұл сабақтағы мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас деңгейі, ол өз кезегінде мұғалім квалификациясына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды: «білім беру жүйесі оны құрайтын мұғалімдерден жақсы болмайды» К.М.Ушаков.
Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені – адамның имиджі оның мансабымен тікелей сабақтас. Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленеді.
Төменде психологтың ұйымдастыруымен педагогтар мен оқушылармен және ата-аналар арасында өткізілген түрлі іс-шаралар, байқаулардан дәлел ретінде суреттер ұсынылып отыр.
Қорытынды.
Функционалды сауаттылықты арттыру кәсіби кұзіреттілік мәселесінің күрделі бөлігі. Бұл ғылыми педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім берудің теориясы мен әдістерінде, гуманитарлық ғылымда әр қырынан қарастырылып жүр. Мәселе кешенді түрде зерттелуде.
Функционалды сауаттылық – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Яғни, өмірде пайдалана білуі. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес, жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі бір мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген белсенді іс-әрекеттен көрінеді.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін іздестіріп, үнемі жаңалыққа жол ашу бағытын қарастырамын. Сөзімді қорыта келе Елбасымыздың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында». Сондықтан қазіргі білім беру парадигмасы педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту. ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, олай болса, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек. “Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды,ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды” деген халық даналығына сай жемісті еңбек етсек бәсекеге қабілетті, алған білімдерін өмірдің кез–келген жағдайында пайдалана алатын құзіретті оқушы қалыптастыратынымыз сөзсіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген