400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Функционалдық сауаттылық тапсырмаларына негізделген математика мен физиканың метапәндік байланысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Функционалдық сауаттылық тапсырмаларына негізделген математика мен физиканың метапәндік байланысы»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Функционалдық сауаттылық тапсырмаларына негізделген математика мен физиканың метапәндік байланысы


«Функционалдық сауаттылық тапсырмаларына негізделген математика мен физиканың метапәндік байланысы» курсы жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін шынайы өмірде қолдана отырып, алған білімдерін тереңдету мақсатында 7-сыныпқа арналған бағдарлама.

Ұсынылып отырған бағдарлама физика-математика пәндерінің метапәндік байланысын зерттеуді жүзеге асырады сондай-ақ, мазмұны жағынан мектептегі негізгі оқу бағдарламасына сәйкес құрылып отыр. Курс арқылы оқушыларды жаратылыстану ғылыми сауаттылық пен математикалық сауаттылыққа бейімдей отырып, пәнге деген қызығушылығын дамыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін арттыру, ТКШ,АКШ,ЖКШ деңгейіндегі есептерді шығаруға дағдылау.

Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу. Физика пәнінің формулаларын түрлендіре отырып, математикалық өрнектеу, нәтижесін шығару бағдарламаның басты құрылымдық бөлімі. Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші. Функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмалар арқылы оқушылар пәнаралық байланысты ұғынады. Білім алушылар оқу әрекетінің жинақталған амалдары сызбасымен жұмыс жасау әдісін меңгереді.Сабақты сапалы түсіндіру үшін «Биоақпараттану және синергетика» технологиясы бойынша осы үлгілегі карталармен жұмыстар кіріктірілген.Әрбір технология бойынша жұмыс жүргізетін тақырыптарға сабақтың түсіндіру бөлімі ОӘЖА сызбасына негізделген.Бұл сызбалар белгілі бір білімді сапалы жеткізе алатындай логикалық тізбектерден,тұжырымдар мен әрекеттерден тұратын күрделі білімді игере алатын оқу тақырыптарының блогы.

Курстың міндетті:

-Курстың басты міндетті- жаратылыстану- математикалық сауаттылықты арттыру

-Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.

-Өзіндік жұмыс жағдаяттарын тиімді шешу.

Пәнаралық байланыс: Математика, физика,геометрия, логика негіздері

Ұйымдастыру формалары: Жеке жұмыс, зерттеу, бақылау жұмысы, топтық жұмыс, тәжірибе жасау,практикалық жұмыс

Оқушылар білуі тиіс:

- Өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білуге дағдылану

- теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастыра білу

- Ашық сұрақ қоя білу

- Алған білімдерін шынайы өмірде қолдану

Оқушылар істей алуы тиіс:

- өзгеше және шапшаң ойлау

- әрекетті немесе нәтижені сынау

- өз көзқарасын және өз ойын ашық айту

- тірек сөздермен, мұғаліммен және дербес жұмыс жасау

Күтілетін нәтиже: 

Күтілетін нәтижелер:

физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу.

физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;

есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды (S, V,  Р т.б) олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;

нақты мысалдар арқылы механикалық энергия туралы, энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алу;

зерттеу әдістерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді талдау) жоспарлай білу, эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;

физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;

электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27.03.2025
91
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі