Кенжегулова Айгуль
Малгеждаровна
Алматы қаласы Алмалы ауданы
№147 гимназияның математика пәнінің
мұғалімі.
Ы. Алтынсарин төсбелгісінің
иегері.
Менің педагогикалық
ұстанымым:
«Балаға білім бере отырып,
олардың ойлау дағдысы мен көрегендігін
қалыптастыру».
Оқытудағы
мақсаттарым:
Білімді, саналы, өз ойын нақты
жеткізе білетін ұрпаққа жақсы, оң ықпал ете алуға жұмыс
жасау.
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер:
Репродуктивті әдіс.
Білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді
игерту.
Менің көп жылдық тәжірибем, пән туралы
білімім мен оқыту әдістемем маған барлық сабақтар мен сабақтан тыс
іс-шаралар жүйесін, сондай-ақ математиканың жеке сабақтарын нақты
жоспарлауға көмектеседі.
Мен, математика сабағында
балалар арасында пәнге деген қызығушылықты дамыту мақсатында
педагогикалық әдістер мен оқыту әдістерінің кең арсеналын
қолданамын.
Әр сабақта жоғары, бірақ әділ
талаптарға негізделген, зияткерлік ізденістің іскерлік ортасын,
оқушылармен достық қатынастарды орнатуға
тырысамын.
Алгебра және анализ
бастамалары 10 сынып:
Функция
графигі
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ.
Мақсаты: Функция графигі арқылы
функцияны жұп, тақтылыққа, өсу және кему аралықтарын табуға
машықтандыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, білім, білік
дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды өзара көмекпен, ұжымдық еңбекке
тәрбиелеу.
Құндылықтарды
дамыту: Болашаққа бағдар: Рухани
жаңғырудың 6 негізгі бағыты - бәсекеге қабілеттілік, прагматизм,
білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы, Туған жер бағдарламасы,
латын әліпбиіне көшу, «100 жаңа оқулық» аясында патриоттыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үлестірме қағаз, слайд,
флипчарт.
Сабақтың
барысы.
І. Ұйымдастырушылық
кезең.
Оқушылармен амандасып,
түгендеп, сабаққа дайындығын, оқу құралдарын
тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру.
Оқушылар жұп – жұп болып
дәптерлерімен алмасып, өзара бірін – бірі тексеру жұмысын
жүргізеді. Тексеруді интерактивті тақтада алдын – ала дайын тұрған
үй жұмысының тапсырмалары мен олардың шешімдерімен
салыстырады.
ІІІ. Миға
шабуыл
-
Глобуста
17 параллель
және 24 мередиана сызылған. Глобустың
беті неше бөлікке бөлінеді.
Шешімі: 18 ∙ 24 =
432
-
5 – ке бөлгенде қалдығы 4, 7 –
ге бөлгенде қалдығы 6, 9 – ға бөлгенде қалдығы 8 – ге тең болатын
ең кіші натурал санды тап.
Шешімі: Егер бұл сан 1 – ге
үлкен болса, ол 5, 7, 9 – ға да бөлінетін болады. 5, 7, 9 – дың ең
кіші ортақ еселігі: 315. 1 – ді алып тастасақ 314
шығады.
ІV. Өтілген материал
бойынша қайталау.
Топтағы ауыспалы жұптар
жұмысы ( 3 ∙ 8= 24) үлестірме.
-
Жұп функция
(формуласы)
-
Тақ функция
(формуласы)
-
y=
т/к D(y)-?
-
y= 2x + 4
т/к
E(y)-?
-
у=
функциясының графигі
-
y=x2
функциясының графигі
-
y=cos 2x T -
?
-
y=sin 3x T -
?
V. Сабақты бекіту. (Үштік
әдісі )
№ 1 Кері функцияны
анықта
у=6 – 2x ,
y=
, y=3x –
7
№2 Функцияның ең кіші оң
периодын табыңдар
f(x)= cos
+ 1 , f(x)=
tg
- 2 , f(x)= 8
ctg
-+
4
№3 Графигін
салыңдар
у= –
x2
- 3 , у= –
x2
+ 3 , у=
x2
- 3
№4 Анықталу облысын
табыңыздар:
y=
,
y=
,
y= 
№5 Мәндерінің облысын
табыңдар
y=cos2x – 3 , y=| 3 + 2 cosx| , y=4
– 2|cosx|
VI.Үйге тапсырма беру. №
70, 75
VIІ. Сабақты
қорыту
Кері
байланыс
1. Өсу,
кему
2. Таңба
тұрақтылық
Рефлексия
Қызыл – маған көмек
қажет
Жасыл – сабақ ұнады, маған бәрі
түсінікті
Сары – сабақ жақсы, бірақ көмек
қажет
Осы түстерді оқушыларға
көтерту арқылы сабаққа рефлексия жасаймын.