|
Өткен сабақты
пысықтау.
Тапсырма
Машина 70 км/сағ жылдамдықпен
қозғалып келеді.Машинаның t сағатта қанша жол
жүретінін табыңыздар. Мұндағы t = 1; 1,5; 3.
Машина t
сағатта S = 70
·
t км жол жүреді.
Кез-келген уақыттағы
жүрілген жолды оңай анықтауға болады:
Егер t = 1, онда
S = 70 · 1 =
70
Егер t = 1,5, онда
S = 70 · 1,5
= 105
Егер t = 3, онда
S = 70 · 3 =
210
Тәуелсіз
айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының
жалғыз
ғана мәні сәйкес келеді.
Осындай бір айнымалының басқа айнымалыдан
тәуелділігін функционалды
тәуелділік немесе функция деп атайды.
Қашықтық уақыттан тәуелді
ме?
Ия.
t –ның әрбір
мәніне s-тың жалғыз ғана мәні сәйкес
келеді.
Мәндері ерікті
таңдалатын t айнымалыны тәуелсіз айнымалы
немесе
аргумент, ал мәндері таңдалған t айнымалының мәндеріне қатысты
анықталатын s айнымалыны тәуелді айнымалы
немесе
функция деп атайды.
Функция болатын және функция
болмайтын сәйкестіктерге мысалдар.
Мысалы: Сыныптың әрбір
оқушысына оның туған күні сәйкес келеді немесе жылдың әрбір күніне
осы күні туған мектеп оқушысы сәйкес
келеді.
Суретте көрсетілген
сәйкестік функция болама? Сен қалай
ойлайсың?


Жауабы: g) жоқ; f) иә; h)
жоқ.
Мысал: f ( x)=2x-5 функцисының мәні аргументтің қандай мәнінде 3 ;
-1; 0; 10 -ға тең?
-
2х-5=3
2x=8
x=4
-
2x-5=-1
2x=4
x=2
-
2x-5=0
2x=5
x=2,5
-
2x-5=10
2x=15
x=7,5
Тапсырмалар:
№1. Функцияны формуламен
жазыңыз:
-
Функцияның мәні аргументке
қарама-қарсы;
-
Функцияның мәні аргументтен 2
есе көп;
-
Функцияның мәні аргументтің 2
еселенген мәнінен 3 есе кем;
-
Функция мәні аргумент мәніне
тең;
-
Функция мәні аргументтің екі
еселенген мәнінен 1-ге артық.
№2. Формулалардың
қайсысы кестенің берілгендеріне сәйкес
келеді?

№3. у = 4х функциясының
анықталу аймағы – 1< х < 3 болғандағы функцияның мәндер
аймағын табыңыз.
№4. f(х) = 5х – 4 функциясының
мәні 5,5 – ке тең, аргументтің мәнін
табыңыз.
№5.
f(х) = 3х + 5 функциясы
үшін f(– 4) мәнін
табыңыз.
№6. у = 2х + 5
функциясының −4≤х≤2 аралығындағы мәндер аймағын
табыңыз.
|