|
Өткен сабақты
пысықтау.
Тәуелсіз айнымалының
қабылдайтын барлық мәндері функцияның анықталу
облысын құрайды.
⠀Функцияның анықталу
облысын D (f )
немесе D (y ) деп
белгілейді.

⠀Егер оның анықталу облысы және
айнымалылар арасындағы тәуелділікті орнататын заңдылық берілген
болса, функция берілген деп саналады.
⠀1-мысал.
⠀Суретте y = f (x ) функциясының графигі
бейнеленген. Графикті пайдаланып, берілген функцияның анықталу
облысын тап.

⠀Шешуі.
⠀x тәуелсіз айнымалысының
барлық мәні [– 4; 5) сан аралығына тиісті. Функция
графигінің оң жақтан координаттары (5; 3) боялмаған нүктесімен
шектелгеніне назар аудар. Боялмаған нүктенің 5 -ке тең
абсциссасы функцияның анықталу облысына енбейді.
Демек, y = f (x ) функциясының анықталу
облысы – [– 4; 5) жартылай
интервалы.
⠀Жауабы: D ( f ) = [– 4; 5).
⠀Функцияны көбінесе
аналитикалық түрде береді. Егер бұл жағдайда функцияның анықталу
облысы көрсетілмеген болса, онда функциясының анықталу облысы
тәуелсіз айнымалының барлық мүмкін мәні деп саналады, яғни
функцияның бар болатын және мағынасы болатын
мәндері.
⠀⠀Тәуелді айнымалының
қабылдайтын барлық мәнінің жиынын функцияның мәндерінің облысы
немесе жиыны деп атайды және E (f)
немесе E (y) деп
белгілейді.

Тапсырмалар:
№1. Суретте y = f (x) функциясының графигі
бейнеленген. Графикті пайдаланып, берілген функцияның мәндер жиынын
тап.

№2.
y = – 10x + 30 функциясының анықталу облысын
тап.
№3. = f ( x ) функциясы кестемен
берілген:
|
x
|
– 3
|
– 1
|
0
|
1
|
|
f(x)
|
9
|
3
|
0
|
– 3
|
Функция аргументтің қандай
мәнінде ең үлкен мәнді қабылдайтынын тап.
№4.
y = – 22x +
4 функциясы
сан аралығында анықталған.
Функция көрсетілген сан мәндерінің қайсысын қабылдай алатынын
көрсет.
№5.
y = bx функциясының
графигі b-ның қандай
мәнінде C (2 ; – 6 ) нүктесі арқылы өтетінін
тап.
№6.
Суретте y = f ( x )функциясының графигі
бейнеленген. Графикті пайдаланып, берілген функцияның анықталу
облысын және мәндер жиынын тап.

|
Алдыңғы сабақта алған
білімдерін еске түсіріп, тапсырмалар
орындайды.
Мысалдарды түсінеді,
жазады
Оқушылар топтасыпотырып
берілген тапсырмаларды орындайды.
|