Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Функция, оның қасиеттері және графигі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ № 36 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
БЕКІТЕМІН
Мектеп директорының
міндетін атқарушы
______А.О. Туйтебаева
« »________ 2019жыл
2019-2020 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының
ЖОСПАРЫ
Сыныбы: 3 «Г»
Сынып жетекші: Отарқосова. А.Р.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-танымдық тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4.Отбасылық тәрбиесі
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
/Мінез-құлық мәдениетіне , оның ішінде интернет кеңістігіндегі мінез-құлық мәдениетіне, киберқауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу/
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Екінші бағыт – Рухани-танымдық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу
Төртінші бағыт – Отбасылық тәрбие
Мақсаты:
Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру
Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту
Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты:
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.
Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты:
Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты:
Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату
3 « Г » сыныбының тәрбие жұмысының тақырыбы: Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
3 « Г » сыныбының тәрбие жұмысының мақсаты: Өркениетті , азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық құндылығын жоғалтпаған, бәсекеге түсе алатын, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
3 « Г » сыныбының тәрбие жұмысының міндеттері:
-
Оқушыларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
-
Табиғатты қорғауға,қоршаған ортаны бағалауға тәрбиелеу;
-
Отбасын сынып жұмысының тәрбие жүйесіне араластыру.
-
Оқушы бойында рухани-адамгершілік тәрбие негізін қалыптастыру,эстетикалық тәрбие арқылы жан сұлулығы мен мейірімділік қасиеттерін жетілдіру
-
Сыныптағы, мектепішілік,қоғамдық жұмыстарға жұмыстарға белсене қатысуға дағдыландыру.
Өткен оқу жылының тәрбие жұмысына талдау:
Тәрбиелік:
2018-2019 оқу жылында сынып тәрбие жұмысын ойдағыдай жоспар бойынша орындап шықты. Айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.
Сыныпта сабақтан себепсіз қалатын және жиі кешігетін оқушылар болған жоқ.
Сынып оқушыларының тәртібі мен сырт келбетін жөндеуге байланысты біраз жұмыстар атқарылды. Әсіресе мектеп формасын кимейтін Арқабай Диастын мамасымен үнемі байланыста болдым. Нәтижесінде анасы оқушыны мектеп формасымен қамтыды.
Оқу жылының ортасында ата – анасының өтінішімен 3 «Ә» сыныбынан Зулбухар Бауыржан ауысып келді. Оқушы сыныптағы оқушылар мен тез тіл табысып, жақсы қарым – қатынасқа түсіп кете алды.
Ата – аналар жиналысы жоспар бойынша жүргізіліп отырды. Ата – аналар тарапынан ешқандай қарсы пікір айтылмады.
Наурыз айында сыныппен «Алғыс айту – парызым!» деп аталатын ашық тәрбие сағатын өткіздім. Ашық тәрбие сағатын оқушылар бар ынтасымен сабаққа деген қызығушылығымен қатысты.. Сынып оқушылары 8- наурыз аналар мерекесіне арнап «Аналар – асыл жандар!» атты мерекелік кеш өткізді. Мерекелік кешке 12 ана қатысты. Оқушыларға деген ризашылығын аналар әдемі сөздермен жеткізді.
Жалпы алғанда жыл бойына жоспарланған жұмыстар өз нәтижесін көрсетті деп есептеймін.
Сыныптың психологиялық-педагогикалық мінездемесі
Биылғы 2019-2020 оқу жылында 3 «Г» сыныбына 27 оқушы қабылданды .Оның ішінде 19 ұл,8 қыз бала бар. Сыныптағы отбасылар ішінде толық емес отбасы саны: 9 Олар:Аманқұл Арман, Азнұр Азнұр, Арқабай Диас, Болат Құдірет, Еркін Нұрдаулет, Сейілхан Ерсайын, Тұрлыбек Замира, Түгелбай Назым, Оразалы Рыскелді.
Көп балалы отбасынан шыққан оқушы саны: 8 Олар: Азнұр Ақнұр,Есенкелді Әмина, Сарсенбекқызы Айша, Темірхан Нұрай, Тұрлыбек Замира, Зулбухар Бауыржан, Жұмабай Нұрасыл, Жұмабай Нұрай.
Аталған 23 оқушылар былтырғы жылы барлығы бірге оқып білім алған. Биылғы оқу жылындаекі қыз бала, екі ұл бала жаңадан қосылды.Олар: Түгелбай Назым №35 орта мектептен келді,Жұмабай Нұрай мен Жұмабай Нұрасыл егіздер , олар №11орта мектептен келді ,Оразалы Рыскелді Байзақ ауданы Құмжота ауылының №18 орта мектебінен келді.Келген оқушылардың барлығы өте сабырлы,,тәртібі жақсы оқушы. Келген күннен бастап ортаға тез үйренісіп кетті.Өздерін еркін ұстайды.Оқушылармен тіл табыса білді.
Денсаулық жағына келетін болсақ Бөденбей Темирлан, Темірхан Нұрай, Түгелбай Назым көру қабілеті нашар алыстан дұрыс көрмейді.Батырханова Адинаның арнайы дәрігердің рұқсатымен берілген анықтамасы бар. Сонымен қатар сыныпта тілінде сәл кемістігі мен мүкістігі бар оқушылар бар.Олар: Еркін Нұрдаулет, Үлгібай Мейірлан,Жұмабай Нұрасыл,Жұмабай Нұрай. Қазіргі уақытта бұл оқушылардың ата- аналарымен жұмыс жүргізілу үстінде.
Жалпы үшінші сынып оқушылары өз ойларын анық айтуға,өздерін ұстай алатын дәрежеге жеткен.Бірақта сынып ішінде өздерін ұстай алмайтын сабаққа немқұрайлы қарайтын оқу жүктемесін орындай алмайтын оқушыларда бар.Олар: Аманқұл Арман,Шарипбек Адижан,Оразалы Рыскелді, Шарапиев Батырхан, Әділше Жандос. Бұл оқушыға ата-ана тарапынан көп қолдау керек.Сауаттылығы мен оқуға деген құлшынысы жоқ.Негізгі пәндер олар үшін ауырлық тудырады...
Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Жақсы
оқитын балалар саны – 3, орташа оқитын балалар саны – 9, қалғандары
қанағаттанарлықтай..
Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты
жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы
араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп
отырады.
Сыныптағы ұлдар мен қыздар
арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап,
олардың ырықтарына көніп бөліп отырады.
Сынып оқушылары сабақ жағына
мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп
ұйымдастырып, құштарлана қатысады.
Сынып белсенділерінің тізімі.
№ |
Оқушының аты-жөні |
Лауазымы |
Жетістіктері |
Мекен-жайы |
1 |
Есенкелді Әмина |
Сынып басшысы |
|
1-25-24 |
2 |
Түгелбай Назым |
Оқу секторы |
|
1-23-3 |
3 |
Батырханова Адина |
Ред. Мүшелері |
|
1-13-42 |
4 |
Темірхан Нұрай |
Тазалықшы |
|
1-21-89 |
5 |
Сарсен Нұрасыл |
Денешынықтыру |
|
1-10-47 |
6 |
Тұрлыбек Замира |
Қыздар төрайымы |
|
1-18-89 |
7 |
Болат Құдірет |
Ұлдар төрағасы |
|
1-7-23 |
8 |
Сарсенбекқызы Айша |
Шаруашылық секторы |
|
1-20-28 |
Ата-аналар комитетінің тізімі.
№ |
Аты-жөні |
Мектептегі қоғамдық жұмысы |
Жұмыс орны, тел |
1 |
Жузеева Рая |
Төраға /төрайым |
Жұмыссыз 87479598197 |
2 |
Алимбаева Айгуль |
мүшесі |
87479103885 |
3 |
Алменова Гүлжан |
мүшесі |
Жұмыссыз 87779453002 |
4 |
Мұсабекова Ж |
Хатшы |
Әділет департамент 87086755905 |
Ата-аналармен жұмыс