Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Функция туралы ұғым .Функцияның формуламен берілуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Функция ұғымдарын білу, Функцияның формула берілу тәсілдерін анықтау және функцияны жаза білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:8.1 Функция. Функцияның графигі

Күні: жыл 6.02.2021 жыл

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын М.Арын №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі

Абилова Зиялы Алтаевна , математика пән мұғалімі


Сабақтың тақырыбы

Функция туралы ұғым .Функцияның формуламен берілуі.

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты оқып білу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1функция туралы ұғымдарын меңгеру;

8.1.1.2 функцияның формуламен берілу тәсілдерін білу;

Сабақтың мақсаты

Функция ұғымдарын білу,

Функцияның формула берілу тәсілдерін анықтау және функцияны жаза білу


Бағалау критерий

Оқушы:

Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну. Функция, тәуелсіз және тәуелді айнымалыларды анықтайды. Функцияның формуламен берілу тәсілін біледі

Қолдану. Функционалды және функционалды емес тәуелділіктерді табады, тәуелсіз айнымалының берілген мәнінде тәуелді айнымаланың мәнін табады.

Жоғары деңгейдегі дағдылар. Функцияның анықталу облысын және мәндер жиының анықтайды. Шыққан нәтижелерді талдайды және сәйкес қорытындылар жасайды; ұсынылған сұрақтарға дұрыс жауап береді

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

  • функционалды және функционалды емес тәуелділіктердің айырмасын түсіндіреді;

  • функцияның (аргументтің) сәйкес мәнінде аргументтің (функцияның) мәнін табу алгоритмін сипаттайды;

  • бөлімнің тапсырмаларын орындау барысында математикалық сөздікті және символиканы пайдаланады.

Пәндік лексика және терминология:

  • тәуелділік;функция, тәуелді айнымалы;

  • аргумент, тәуелсіз айнымалы;

  • аргументтің/функцияның мәні;

  • функцияның формуламен берілу тәсілі;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

қандай да бір Х жиынының әрбір х элементіне У жиынынан алынған тек бір ғана у элементі сәйкес қойылады;

аргументтің әрбір мәніне функцияның (тәуелді айнымалының) бір ғана мәні сәйкес келеді;

тәуелділік функционалдық болады (болмайды), егер ... ;

аргументтің (функцияның) сәйкес мәнінде функцияның (аргументтің) мәнін табу; – берілген функция (формуламен, кестемен )... берілген;



Құндылықтарды дарыту


Жұптық және топтық жұмыс арқылы оқушылар бір-бірін сыйлауға , төзімділікке,ұйымшылдыққа бейімделеді.

Пән аралық

байланыс

Математика, биология, география

АКТ қолдану дағдылары

АКТ тиімді қолдану үшін оқуға қажет пайдаланушылардың дағдылары

Бастапқы білім


Шамалар арасындағы тәуелділік, тура және кері пропорционал тәуелділік ұғымдарын білу. Айнымалысы бар өрнектермен түрлендірулер жасай білу. Формулалармен жұмыс жасай білу.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

    1. Ұйымдастыру кезені.Амандасу ,түгендеу.

    2. Уй жұмысын тексеру ауызша.

    3. Бүгінгі сабақтын мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы


  1. Ой қозғау

Оқушылар функция ұғымымен бірінші рет кездеседі. Мұғалім тәуелділіктерге мысалдар келтіреді.

Есеп: Автомобиль υ=80км/сағ тұрақты жылдамдықпен жүріп келеді. Оның t уақытта жүріп өтетін s км жолын табу керек. Шешуі: Жүріп өтетін жол tуақыты менυжылдамдығы арқылы былай өрнектеледі. S=vt

Мұғалім:Біз қандай айнымалының мәнін білеміз?

Мұғалім:Берілген мәнді формулаға қойып, жауаптарды табыңыз.

Осыдан t уақыты өзгерген сайын жүрілетін s жолы да өзгеретінін көреміз.

Егер t = 0,5 , онда s= 40.

Егер t=2 , онда t=120 .

Мұғалім:Біз нені байқай аламыз?

Оқушылар:t–ның әрбір мәніне s-тың жалғыз ғана мәні сәйкес келеді.

  1. Жаңа материалмен жұмыс – 30 мин:

Қарастырылған есепте тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының жалғыз ғана мәні сәйкес келеді.Осындай бір айнымалының басқа айнымалыдан тәуелділігін функционалды тәуелділік немесе функция деп атайды.

Тәуелсіз х айнымалысын аргумент, ал тәуелді у айнымалысын х аргументіне тәуелді функция деп атайды.

1)мысал .

  1. -анықталу облысы. 2) мысал функциясының мәндері жиынын табу керек

функциясының барлық қабылдайтын мәндері жиынын, оның мәндері облысы деп атайды.

Шешуі:

Жауабы:

3-мысал. Аргументтің қандай мәнінде функциясының мәні 6-ға тең?

;

;

. Яғни,

4 мысал . функциясы берілсін.

Егер х=6 болса, f(6) = = 1,5. f(6)=1,5. Мұндағы 6- аргументтің мәні ,ал 1,5 –оған сәйкес функцияның мәні.

Біз функцияны формула арқылы жазуды қарастырдық . Басқа берілуі тәсілдерің келесі сабақтарда қарастырамыз.

Оқулықпен жұмыс. № 1255 ( ауызша) 1256-1257, 1259,1261,1262 Жұптық тапсырмалар

1260,1263,1265 Жеке тапсырмалар.

1256.1) f(2) =11, f(0)=5, f(-4)= -7.

1263. 1) s=7,5t;2) s(1,8)= 13,5; s(2,5)=18,75 1262. 5x-4=5,5;x=1,5 . 1265. y=200-2,5x; f(30) = 125; f(50) =75. Анықталу аймағы : D=[1;80]. №1259

Қосымша логикалық есеп : Көрермендер залында 30 қатар,әр қатарда 40 орын бар. 855-ші орын қай қатарда? (22 қатар болады)

III. Қорытынды. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз: - Функция дегеніміз не? функцияның аргументтің 0-ге тең болған жағдайдағы функцияның мәнін табыңыз. Функцияныңт анықталу облысы , мәндер жиыны дегеніміз не?

Бағалау : бағалау парағына балалар өз жұмысын бағалайды.

IV. Үй жұмысы № 1264,1262,1261,1262- жұп есептер .

Презен

тация.





















































































Cабақтың соңы


Рефлексия 1. Бәрі түсінікті .

2Түгел емес түсінікті.

3.Аз түсіндім.











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
687
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12