400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Функцияны туынды көмегімен зерттеп, графигін салудың схемасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі

Дайындаған: Абдреймова Молдир Абдрашитовна

(Жаңа сабақ)

Функцияны туынды көмегімен зерттеп, графигін салудың схемасы.

1.Функциясының анықталу облысын табу;

2.Функцияның жұп,тақтылығын анықтау;

3.Функцияның графигінің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелерін анықтау;

4.Таңба тұрақтылығы алалықтарын табу;

5.Бірінші ретті туындысын тауып,өсу,кему аралықтарын,экстремум (максимум,минимум)нүктелерін табу;

6.Кесте құру;

7.Функцияның графигін салу.

Мысал: функциясын зерттеп,графигін салайық.

Шешуі: Функцияны зерттеу алгоритімін қолданамыз.

1)Функция рационал функция болғандықтан,анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны,

2)Функция жұпта,тақта емес,себебі , демек , график симметриялы емес.

3)Функция графигінің координаталар осьтерімен қиылысу нүктесін табайық:

4)Функцияның таңба тұрақтылық аралығын анықтау үшін сан түзуін

нүктелері арқылы интервалдарға бөліп,функцияның әрбір интервалдағы таңбасын анықтаймыз.Сонда Сан түзуіне интервалдардағы функцияның таңбасын қоямыз.

Shape1 Shape2 Shape3

  • Shape4 + +

-3 0

Демек, аралығынды аралығында

5)

немесе нүктелері арқылы анықталу облысын аралықтарға бөліп,әр аралықтағы туындының таңбасын интервалдар әдісімен анықтаймыз.Сонда Сан түзуіне интервалдардағы функцияның туындысының таңбасын қоямыз.

Shape5 Shape7 Shape6 + - +

Shape8 -2 0

Демек, аралығында функция бірсарынды өспелі, аралығында ,бірсарынды кемімелі.

Экстемум нүктелеріндегі функцияның мәндерін есептейік:

1)Зерттеулер негізінде кесте құрамыз:

-2

(-2;0)

0

(0;+

+

9

+

0

-

0

+

Теріс таңбалы бір сарынды өспелі

0

Оң таңбалы бір сарынды өспелі

4

Оң таңбалы бір сарынды кемімелі

0


min

Оң таңбалы бір сарынды өспелі















Ашық сабақ

Пән атауы: Математика

Пән оқытушысы: Абдреймова М.А.

Топ:ТУР-9А

Уақыты: 10.00

Сабақтың тақырыбы: Функцияны туынды көмегімен зерттеу, графигін салу.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: функцияны зерттеу, оның қасиеттерін анқытауда білім мен дағдыларын қалыптастыру, функцияны зерттеуде білімдерін кеңейту, функция графигін салуда туындыны қолдану;

ә) Дамытушылық: алған білімдерін есептер шығаруда, зерттеуде қолдана білу, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту;

б) Тәрбиелік: топпен жұмыс жасауға, өз білімдерін тиімді пайдалануға, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, өзге тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың өткізілу формасы: топтық

Әдіс-тәсілдері: Жартылай ізденушілік, бірін-бірі тексеру, деңгейлік тапсырма, оқулықпен жұмыс, презентация, тест, жаттығулар.

Сабақты жабдықтау:

  • Көрнекті оқу құралдары: Жеміс ағашы, балық қаңқасы (сыза), плакат, слайд, түрлі-түсті табличкалар, сызғыш, тау сызбалары.

  • Әдістемелік материалдар: «Алгебра және анализ бастамалары» 10-сынып, «Математиканы оқыту теориясының негіздері мен әдістемесі» С.Елубаев.

  • Пәнаралық байланыс: тарих, география, орыс тілі, ағылшын тілі, физика.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Жаңа сабақ бойынша түсіндіргенін тексеру

  5. Жаңа сабақ бойынша білімдерін бекіту

  6. Оқушыларды бағалау

  7. Үй тапсырмасын беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Психологиялық дайындық;

  • Топқа бөлу: «Лагранж», «Лейбниц», «Декарт»

  • Оқушылар бір-біріне математика тілінде тілек тілейді.

  • Бағалау парағын тарату, бағалаушы сайлау. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ бағалаушысын сайлайды. Топ басшылары оқушылардың жауаптарын бағалау парағына белгілеп отырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • «Балық әдісі» Әр оқушыға жеке тапсырма беріледі. Сол тапсырманы қағазда көрсетілген балықтың қаңқасына ретімен шығара отырып, балықтың басына нәтижесін жазуы тиіс

Мақсаты: Жеке тапсырмалар беру арқылы, оқушының жеке ойлау қабілетін, есептің шешімін алу үшін тапсырманы деңгейлеп орындап нәтижесіне қол жеткізуге, алға қарай ұмтылуға дағдыландыру. (Тапсырма қосымша-1 бетте көрсетілген)

  • «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» Глоссарий. Үйге берілген математикалық терминдерді үштілде оқытып, азғана үлес қосу. (Тапсырма қосымша-2 бетте көрсетілген)

Мақсаты: Жаһандану және үштілдік білімге көшу барысында, өскелең ұрпаққа математикалық терминдерді үштілде меңгертіп, болашақ мақсатқа аз да болса үлес қосу.

  • «TBL» әдісі. Тесттік тапсырма Әр оқушыға нұсқа бойынша тест тапсырмасы және жауап парақшасы беріледі. Әр дұрыс жауапты боялған парақшадан өшіріп отырады. Жауап дұрыс таңдалмаған жағдайда баға кемітіліп отырады.

Мақсаты: Уақытты тиімді пайдалануға, нақтылыққа және шапшаңдыққа баулу. (Тапсырма қосымша-3 бетте көрсетілген)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  • Жаңа сабақтың дәрісі қосымша-4 бетте көрсетілген.

IV. Жаңа сабақ бойынша оқушылардың түсінігін тексеру

  • «Постер» Оқулықпен жұмыс. Әр топ постер тапсырмасы бойынша жұмыс жасайды. Әр топқа жеке-жеке тапсырма және координаталар осі сызылған плакаттар беріледі. Әр топ оқушылары өз плакаттарына берілген есептерді диалогқа түсе отырып шешеді және зерттеу нәтижесін плакатқа түсіріп, топ басшысы қорғайды, қосымша сұрақтарға жауап береді. (Тапсырма қосымша-5 бетте көрсетілген)

Мақсаты: Берілген тапсырманы бірге орындауға, арқалаған жүкті жұмыла көтеруге, оқушылар арасындағы байланысты нығайта отырып, диалогті өрбітуге топ арасынан лидер оқушыны көрсетуге негізделген әдіс.

Жаттығу жасау 2 минут

  • «Математика-ғылымдар патшасы» (Жасырын тау шатқалдарын зерттеу) Миллиметрлік қағазға Тау қатпарлары сызбасынан бір бөліктері сызып көрсетілген. Осы сызба бойынша берілген тапсырмалар бойынша жауап жазылады. Жазылған жауап бойынша жасырын жауапты топ басшылары тексереді.(Тапсырма қосымша-6 бетте көрсетілген)

Мақсаты: Математиканы кез-келген мамандық қажет ететіндігін оқушыларға жеткізу. Баланың сызбамен жұмыс жасауын жақсарта отырып, белгілі нәтижеге дұрыс қол жеткізуге ынталандыру.

V. Жаңа сабақ бойынша білімдерін бекіту

  • «Бағдаршам» әдісі Интерактивті тақтада тест тапсырмалары көрсетіледі. Тесттік тапсырмалардың жауаптары әртүрлі түс бойынша көрсетіледі. Жауап ішінде бір немесе бірнеше дұрыс жауап кездесуі мүмкін. Оқушылар қолындағы табличкалар бойынша дұрыс жауапты көтереді. (Тапсырма қосымша-7 бетте көрсетілген.)

Мақсаты: Турлі-түсті түстер арқылы миға шабуыл жасау, топ бойынша жаңа тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігін бақылау.

VI. Үй тапсырмасы

  • Тапсырма қосымша-8 бетте көрсетілген.

VII. Оқушыларды бағалау.

  • Оқушыларды бағалау парақшасы қосымша-9 бетте көрсетілген.















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
731
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі