400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Функцияның өсуі және кемуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Туындыны табу ережелері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алгебра пәні бойынша 10 ___ сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі:79

Сабақтың тақырыбы: Кездейсоқ шамалар.

Мақсаты:

1.Кездейсоқ шаманың не екенін түсіну;

2. Кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіріп,еептер шығара білу;



Конспект

Оқулық Алгебра және анализ бастамалары 11 Алматы «Мектеп» 2015ж.



Ықтималдықтар теориясындағы кездейсоқ шама ұғымын күнделікті тұрмыстағы бізге үйреншікті мағынамен шатастыруға болмайды .Мысалы ,сүйікті вазаңды сындырып алу, не дүйсенбі күні мектепке кешігіп келу ,1988 жылы Шығыс Қазақстанда болған зілзала және т.с.с. кездейсоқ оқиғаларға жатады,өйткені бұл нәрселер жоспарсыз болады.Бірақта ықтималдықтар теориясында мұндай оқиғалар қарастырылмайды.Себебі бұл оқиғалар қайталанбайтын оқиғалар.Ықтималдықтар теориясында тәжірибе,эксперимент,бақылау немесе сынақ арқылы алуға болатын оқиғалар қарастырылады.Мысалы,тиынды сынақ ретінде бірнеше рет лақтыруымызға болады.Оның елтаңба жағымен түсуі де түспеуі де мүмкін,100 рет тасталатын болса ,онда Елтаңба жағымен түсуі шамамен 50 дің маңында болар деп күтеміз.Осы сияқты күнделікті жедел жәрдем бекетіне мысалы ,күндізгі сағат 11 мен12 нің арасында түсетін шақырулар санын да жыл бойы белгілі бір сан мәнінің маңында өзгеріп отыратынын көреміз.

Сонымен кездейсоқ шама деп алдын ала белгісіз ,тек тәжірибе нәтижесінде анықталатын бір мәнді шаманы айтады.

Кездейсоқ шама кездейсоқ оқиғамен тығыз баланысты .Егер кездейсоқ оқиға тәжірибенің сапалық сипаттамасы болса ,кездейсоқ шама оның сандық сипаттамасын береді.

Айталық, сынақты n рет жүргізу нәтижесінде бізге қажет А оқиғасы m рет орындалады делік,онда санын А оқиғасының сынақтың осы n рет өткізілуіндегі орындалуының салыстырмалы жиілігі деп ,ал m- ді абсалюттік жиілігі деп атайды .Х кездейсоқ шамасы , мәндерін ,..., ықтималдықтармен қабылдйды және

+... =1

Абсалюттік жиілік қосындысы таңдама көлемін береді.

1-мысал.Ағылшын математигі Карл Пирсон (1857-1936) тиынды 24000 рет тастап, оның 12012-сінде тиынның Елтаңба жағымен түскенін тіркеген.Сонда m=12012,n=240000 десек,салыстырмалы жиілік =0,5005 ке тең.

2-мысал.Ойын сүйегін 48 рет лақтырғанда ,5 цифрының түсу ықтималдығын табу керек.

Шешуі:Әр 6 рет лақтырғанда 1,2,3,4,5, 6 түсті десек ,5 цифрының түсу ықтималдығы рет ,48 рет лақтырғанда 8 рет түсу ықтималдығы бар.Сонда = –ге тең .

«Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы орындайды. Мақсаты: оқушылардың жаңа білімді қалай игергендігіне байланысты баспалдақпен әр тапсырмаға өтеді.





Тапсырма :

1.Техникалық бақылау бөлімі 1000 бұйымдық партияда 8 жарамсыз бұйым барын анықтады.Жарамсыз бұйым жасалу жиілігі қандай?

2.Нысанаға атылған 20 оқтың 18-і нысанаға тиген.Нысанаға тигізу жиілігі қандай?

3.Қорапта 10 ақ және 15 қара түсті щарлар бар.Қораптан кездейсоқ алынған шардың ақ болу ықтималдығын табыңдар.

4.Кездейсоқ алынған екі таңбалы санды 8-ге бөлгенде 1-ге тең қалдық қалу ықтималдығы қандай?



Әзірлеуші: Сапарбекова Ш.Т

№178 лицейдің математика пәні мұғалімі

Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі