Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
«Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасы
Өзіндік жұмыс
Тақырыбы: Футбол спортының адам бұлшық етіне тигізер пайдасы”
Орындаған: «Дене шынықтыру
және спорт» білім беру
бағдарламасының 3 курс студенті
Тулегенова. Х. М
Жетекші: PhD қауымдастырылған
профессоры Меңдіғалиева.А.С
Орал 2023
Тақырыбы: “Футбол спортының адам бұлшықетіне әсері”
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Футбол спортының шығу тарихы
2.2 Футбол спортының ойын шарты
2.3 Футбол спортының әлемдік деңгейде дамуы
2.4 Футбол спортының қазақстанда дамуы
2.5 Футбол спортының Орал қаласында дамуы
2.6 Футбол спортының адам бұлшықетіне тигізер пайдасы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
Футбол (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) — спорттың командалық ойын түрі. Футбол – әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.
Ф
утбол ұжымдық ойын болғандықтан, команданың барлық
он бір ойыншысының ойын тәсілдерін түгел әрі шебер орындай білуі
шарт деп саналады. Команданың қабыл алған ойын жүйесіне байланысты
футболшылар алаңда нақты орындарда тұрады. Ойын-шылардың алаңда
орналасу жүйесі әртүрлі болады, оларды таңдау командадағы ойыншылар
құрамасының қалай іріктелуіне
байланысты[1].
1-сурет. Футбол спортының эмблемасы
Қазіргі күні көптеген командалар шеткі қорғаушылар да жиі шабуылға қатысатындай 4-3-3 үлгісінде ойнайды. Мына әдіспен орналасқанда «тазалықшы» төрт қорға-ушының сырт жағында тұрып, олардың қате кеткен жерлерін жөндейді. Қақпашы шабуылдаушыға «шабуыл бұрышын» тарылтып, тосқауыл қою үшін ұмтылып келеді. Баспен қысқа пас беру арқылы әріп тесіңнің шабуылдауына көмектесесің. Қақпаны бойлай бас-пен пас жасау, қорғаушыны шатастырып, гол салатындай жағдай тудыруы мүмкін. Қорғаушылардың ойыны зоналық ойыншыларды немесе жеке ойыншыны бақылауды міндетіне алу принципіне құрылады. Бірінші жағдайда, қорғаушы алаңның «өз» бөлігіне ғана жауап береді. Жеке ойыншыны бақылағанда әр қорғаушы қарсылас команданың нақты бір ойыншысына бағытталған, тіпті, сөзбе-сөз айтқанда, оның із өкшесінен қалмайтын әрекет жасайды. Қай сызықта ойнап жүрсең де бәрібір. Бастысы, допсыз орын ауыстырудың маңызы доп сенің аяғыңда болған-дығынан еш кем емес екенін ұмытпау керек[2].
2.1 Футбол спортының шығу тарихы
1Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді. 1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі.

2-сурет. Алғашқы футбол ойыны
1389 жылы Ричард II патша сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрқашан жағымсыз жауап алып отырған.
Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 - 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұндай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды. Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған.1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты. Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ. 1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы - шотландықтар болды. 1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Бельгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы болып танылды.Ал 1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругвай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, француз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругвай футболшылары әлдеқайда ширақ еді.Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді.Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай,) (Грекия, Рим), тіпті Франция, Италия, Англияда футболға ұқсас ойын болған.Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған.19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкасында қарқынды дамыды.1904 жылы Белгия, Дания, Нидерланд мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (FIFA) құрылуына мұрындық болды.1946-48 жылдары Оңтүстік Америка үш рет қатарынан аргентиналықтардан басым түсті.1950-60 жылдары футболдан үздік мектептер саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен Игорь Нетто, Альфредо ди Стефано мен Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар, Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич, Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби Мур мен Бобби Чарльтон, Герд Мюллер, Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц Вене мен Флориан Альберт, Джачинто Факкеттии, Джанни Ривера, Жаирзиньо және Карлос Альберте.1956 жылы Кеңес Одағының футболшылары алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар Еуропа кубогының жеңімпазы танылды[3].
2.2 Футбол спортының ойын шарты
Халықаралық футбол ассоцияцияның (IFAB) әртүрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін (мысалы, жасөспірімдер үшін, әйелдер үшін, мүмкіншілігі шектелгендер үшін және т.б. үшін) ресми түрінде қабылданған ойын шарттарының 17 нұсқасы бар.Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі — қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзіліс бар. Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады. Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі рет) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтан кейінгі пенальти жүптары өткізіледі.

3-сурет. Ойын
алаңы
Ойын алаңы: ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік 2 қақпасы бар. Қақпалардың сыртына тор керіледі.[4]

«Реал Мадрид» — Испанияның футбол Чемпионатының жоғарғы дивизионынанешқашан шығып кетпеген 3 клубтың бірі. Қалған екеуі «Барселона» мен «Атлетик Бильбао». 1902 жылы негізі қаланған сәттен бастап, Мадрид футбол клубы ақ форманы қабылдады. 1920 жылы Альфонс XIII патшасы жарлығымен клуб корольдік деп, эмбеламада королдік тәжді қоюды бұйырды. Команда 85,454-адамға дейін сиятын — Сантьяго Бернабеу стадионында өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Клуб € 3.24 млрд ($ 3,65 млрд) құнымен әлемдегі ең маңызды спорттық тобы және ең жоғары табыс әкелетін (€ 577 млн жылдық түсім) болып келеді. Клуб ұзақ уақыт бойы көптеген командалармен бәсекелеседі. Олардың ішінде Эль Классико— "Барселонаға" және Мадрид дербиі — "Атлетико Мадридке" қарсы.1896-ші жылы кейіннен аты Реалға ауыстырылған «Футбол скай» клубы ашылды. Алайда ресми түрде Реалдың тарихы 1902 жылдың 6 наурызында Падрос және Хулиан Паласиостардың ашқан Madrid Football Club атты клубынан басталады. 1920 жылдың 29 маусымында Испанияпатшасы Альфонс XIII клубқа Патшалықдеген атақ берді, ал испанша патшалық деген Real деп аталады. Осыдан клубтың қазіргі аты — Real Madrid. Құрылған күнінен бастап-ақ, клуб испандық футболдың көшбасшыларының қатарына ілікті: 1903 жылдың өзінде Испания кубогының финалына шығып, «Бильбаолық Атлетик клубынан» ұтылды. 1905-ші жылы Реал ақыры кубокты алып, кейін 4 жыл қатарынан жеңіп алды. Испания Чемпионаты тек 1928 жылдан бастап өткізілді, ал оған дейін клуб округтік сайыстарға ғана қатысатын, осы уақыт арасында Реал бұл сайысты 16 рет ұтып алды.

4-сурет. Реал Мадрид және
Барселона құрамалары
Өткен жүз жылдықтың 50-шi жылдарының ортасында Еуропада футболдан континенттік федерация құруға шешім қабылданады, федерацияға клубаралық және ұлттық құрамалар араларындағы тұрақты сайыстарды ұйымдастыру жұмыстары жүктелді. Ол кезде мадридтік «Реал» Испаниядағы басты авторитет болған емес, соған қарамастан «Реал» 1954/55 жылдардағы біріншілікті жеңіп, Еуропа чемпиондарының кубогында бірінші испандық делегат болады. Сол кезден бастап «Реал» еуропалық жоғары сатыда 5 жылға тұрақталады. Халықаралық аренадағы жетістіктерге ішкі чемпионаттағы жеңістер де қосылды, 1954-1969 жылдар аралығында олардың саны 12-ге жетті. 15 жылға орай мадридтіктер испан біріншілігінде жеңілсе де, міндетті түрде Чемпиондар Кубогын жеңетін. Сөйтіп, олар 15 жыл қатар еуропалық ең престижді турниріне қатысқан, тек 1970 жылы ғана алғаш рет енбей қалады. Сол алтын дәуірде «Реалда» аргентиндық Альфредо Ди Стефано (1957 және 1959 жылдың үздік футболшысы), француз Раймон Копа (1958 жылғы "Алтын Доп" иегері), венгр Ференц Пушкаш (1960 жылғы Еуропаның екінші футболшысы), Франсиско Хенто (Чемпиондар Кубогының алты мәрте иегері) өте жарқын ойын көрсетеді. 60 жылдардың ортасында Хентомен бірге Хосе Сантамария, Амансио, Пирри ойнайтын.Біртіндеп ардагерлер кету салдарынан, Еуропадағы жеңіс дәстүрлері жоғала бастайды. Эмилио Бутрагеньо бастаған жаңа буын келгенше, келесі самғауды 20 жылға жуық уақыт күтуге тура келді. Оның жақын сыбайластары Мичел, Уго Санчес, Маноло Санчис, Мартин Васкес және Мигель Пардеса болды. Олар екі УЕФА Кубогын және қатарымен бес чемпионатты ұтып алады.
Ғасырлар тоғысы мен жаңа ғасырда
1998 жылы клуб араға 32 жыл салып Юпп Хайнкестің басшылығымен УЕФА чемпиондар Лигасын ұтып алды. 2000 жылы Чемпиондар лигасы тарихындағы тұңғыш испандық финалда "Валенсияны" ұтып, сегізінші рет турнирде топ жарды. Сол жылы жазда өздерінің бітіспес қарсыласы "Барселонадан" 56 млн долларға Луиш Фигуды сатып алды. 2001 жылы Зинедин Зидан, 2002 жылы Роналдо, 2003 жылы Дэвид Бекхэм, 2004 жылы Майкл Оуэнсекілді жұлдыздар клубқа келіп қосылды. 2002 жылы "Байерді" финалда 2:1 есебімен ұтып, Чемпиондар лигасын тағы да жеңгенімен, келесі маусымдарда клуб күшеюдің орнына әлсірей бастады, 2003, 2004 жылдары осы турнирдің ширек финалында сүрінді, сосын қатарынан жеті маусым 1/8 финалдан аса алмады.2009 жылы екі ірі трансфер жасады: 93 млн долларға португалиялық Криштиану Роналду, 68 млн. долларға бразилиялық Каканы сатып алды. Онымен клуб бәрібір күшеймеді, 2009/10 жылғы Чемпиондар лигасында 1/8 финалда "Олимпик Лионнан" ұтылып қалды. 2010 жылы клуб тізгінін Жозе Моуриньо ұстады, бірақ 2010/11 жылғы маусымның күзінде Эль Класикода "Барселонадан" 0:5 есебімен ұтылды. Ал Чемпиондар Лигасының жартылай финалында (араға сегіз жыл салып жартылай финалға шықты) тағы "Барселонадан" ұтылды (үйде 0:2, сыртта 1:1). 2013 жылы клубтан Моуриньо кетті де, орнына Карло Анчелотти келді. 2013/14 жылғы маусымда финалда "Барселонаны" ұтып, Испания кубогын, "Атлетико Мадридті" тізе бүктіріп, Чемпиондар лигасында топ жарды. 2015 жылы бәрібір клубтың сүреңсіз нәтижелерінен соң Анчелотти де кетті, орнына келген Рафаэль Бенитес те команданы бір ізге түсіре алмады. 2016 жылдың басында француз Зинедин Зидан уақытша бапкер болды да, клубтың алтын дәуірі басталды. 2016-18 жылдар аралығында Зидан жаттықтырған клуб қатарынан үш рет Чемпиондар кубогында, қатарынан екі жыл УЕФА суперкубогында, Клубтар арасындағы әлем біріншілігінде жеңімпаз атанды. 2018 жылы қатарынан үшінші жыл Чемпиондар лигасын ұтқан соң Зидан өз еркімен бапкерліктен кетті. Сол жылы шілде айында Роналду "Ювентуске" ауысты да, кеткен бапкер мен шабуылшының орны анық білініп, 2018/19 жылы Испания чемпионатында 3-орында қалды, ал Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында "Аяякстен" өз алаңында 1:4 есебімен оңбай ұтылды. 2018 жылдың жазы мен 2019-дың көктеміне дейін клуб үш рет бапкер ауыстырды (Хулен Лопетеги, Сантьяго Солари, сосын 2018 жылы наурызда қайта оралған Зидан), бәрібір 2018/19 жылғы маусымды ешқандай жүлдесіз ақтады. "Барселона" футбол клубы — Испания біріншілігінде өнер көрсететін, каталондық Барселона қаласының супер клубы. Барселона атауына қоса "Барса"атымен де әлемге әйгілі.
Тарихы:
Барселона клубы 1899 жылы Жоан Гампер басқарған швейцариялық, британдық, испандық және каталониялық футболшыларымен құрылған. Камп Ноу стадионы. Клубтың негізгі ойнайтын алаңы - Камп Ноу стадионы, Еуропадағы сыйымдылығы жағынан ең үлкен футбол стадионы.Испанияның футбол біріншілігін, Ла Лиганының негізін Барселона Мадридтық "Реал" және Бильбаолық "Атлетик" қалыптастырған болатын.«Барселона» құрамасында ойнап жүріп «Алтын доп» жүлдесін ұтқан ойыншылар: Луис Суарес— 1960, Йохан Кройф— 1973, 1974,Христо Стоичков— 1994,Ривалдо— 1999,Роналдиньо— 2005,Лионель Месси— 2009, 2010, 2011,2012,2015[5].
2.4 Футбол спортының қазақстанда дамуы
Қазақстанға футбол 1909-1910 жылдары келді. Әуелі Орал, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Петропавл қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды. Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 жылдан басталған. Семейде М.Сайдашев, А.Кәрімов, Ю.Нығматулин, т.б. жергілікті қазақ және татар жастарынан тұратын “Жарыс” командасын құрып, көптеген өнерпаздар мен спортшылардың елге танылуына себепкер болды. Сол команданың құрамында ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов жартылай қорғаушы болып ойнаған. 1914 жылы семейліктер алғаш рет Томск қаласының политехникалық институты студенттерімен жолдастық кездесу өткізді. Бұл Қазақстан футболының кіндігі кесілген жыл болып есептеледі. 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін әр қала өздерінше күш сынасып жүрді, алайда республикалық деңгейде жарыстар болмағандықтан, шеберлік баяу дамыды. 1937 жылы Алматының динамошылары “Шығыс қалалары” тобында 3-орынды иеленді. Сол жылдың қазан айында жолдастық кездесулер өткізу үшін Одессадан “Консервщик” командасы келді. Одессалықтар Алматы, Семей, Петропавл қалаларында болып, республиканың ең таңдаулы командаларын ойсырата жеңді. Осы жеңілістен қорытынды шығару мақсатында, “Динамо” команда
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Футбол спортының адам бұлшық етіне тигізер пайдасы

шағым қалдыра аласыз