жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Г дыбысы және әріпі, Ә дыбысы және әріпі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: «Гг дыбысы және әрпі»
Мақсаты: Гдыбысымен танысу сюжетті сурет бойынша әңгіме құрату арқылы,балалардың ойлау қабілетін дамыту,сөздік қорларын молайту.
Б дыбысын қатыстырып сөздер ойлатып талдауға үйрету.
Балаларды ұқыптылыққа,ептілікке тәрбиелеу.Жазу дағдысын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер : түсіндіру сұрақ-жауап , баяндау.
Көрнекілігі: слайд тақтасы, кеспе әріптер, гүлдер т.б
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығушылы ғын ояту кезеңі: |
-Балаларды шаттық шеңберіне жинау. Қуанамын менде Қуанасың сенде Қуанамыз бізде Арайлап атқан күнге! |
Балалар барлығы бірге қайталайды, амандасады.
|
Ұйымдастыру шылық ізденіс кезеңі |
Балалар бізге балапан бағдарламасынан Төре мен Зере келіп отыр екен. Ендеше бейнероликке көңіл бөлейік. 1.Сен білесіңбе айдары. (АКТ қолданады) Балалар өткенді пысықтаймыз. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыстар қандай түспен текшеленеді? Даусыз дыбыстар ше? Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? .Жұмбақ айдары. (слайд арқылы) Жеті шектен тұрады Қозғасан әуен шығады Кім табады осыны Домбыраға ұқсайды Жұпар исі еседі Бақта жайнап өседі Балалар мына бейнероликті қараймыз. (Г дыбысы және әрпімен танысады) Г дыбысы дауыссыз дыбыс екен.Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? Гитара деген сөзді буынға бөлейік. Жүгері сөзін буынға бөлейік. Гдыбысы қай буында тұр екен? Гдыбысы сөздің басында , ортасында кездеседі екен. 3 «.Адасқан сандар» ойыны. Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша Гдыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады . Торкөздегі «оюды қайталап сал» тапсырмасын орындайды. Д/о: «Гүл күлтешелерін құрастыру» ойыны. |
-
Дауысты және дауыссыз -қызыл текшемен -көк текшемен белгілейміз
Сөздерді буынға бөледі.
Балалар жауабын айтады.
Қимылмен көрсетеді.
Гәрпін бастырып жазады. Тапсырманы орындайды.
Ойын ойнайды. |
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі |
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білім Г дыбысы туралы мағлұмат алды
Білік: Г әрпінің элементтерімен танысты,жазды
Дағды: Баспа және жазба түрімен танысты , сөйлем құрастырды
Сабақтың мақсатында оқушыларды Ә,ә дыбысы және әрпімен таныстырып, ә дыбысы бар сөздерді буынға бөлдірту, Ә дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, жұмбақ шешу арқылы ойлау қабілетін дамыту, ұғымталдылыққа тәрбиелеу, үлкендерге құрмет көрсетуге баулу.
Көрнекілігі: Ә әрпінің баспа, жазба түрі, сауат ашу, кеспе әріп, суреттер.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: ассоциация әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі бойынша, ойын, түсіндіру, топтастыру дәптермен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу өнері, көркем әдебиет.
Сабақтың барысы.
ұйымдастыру кезеңі
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы күн балалар
Қайырлы күн қонақтар
Балалар: Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастаймық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-І,і дыбысымен
- Қандай дыбыс?
- Дауысты дыбыс
Электрондық тапсырма
1.тапсырма
2.тапсырма
3.Ілгіш деп жаз
4.Кітап деп жаз
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Бұл бөлім оқушыларға жұмбақ шештіру арқылы жүреді
Ертегі айтып береді
Мені жақсы көреді
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі (әже)
Орақ құйрық, тарақ бас
Көп ұйқыны жаратпас
Бұрап қойған сағаттай
Айғайлайды таң атпай (әтеш)
Әже, әтеш суреттерін көрсету
Балалар кімнің әжесі бар?
Жақсы барлығымыздың әжеміз бар екен
Әтеш қалай дыбыстайды?
Ку-ка-ри-ку
Рахмет, балалар
ІҮ. Мағынаны тану
Осы әже сөзі қандай дыбыстан басталып тұр
ә дыбысынан
Енді ә дыбысын айтып көрейік
ә-ә-ә
Қалай айтылады екен?
Созылып айтылады
Демек бұл қандай дыбыс
Дауыты дыбыс
Ә,ә әрпінен басталатын заттардың, адамның аттарын айту.
Электрондық кітап
Ү. «Қай топ көп тапты?» ойыны
Оқушыларды екі топқа бөлу ә дыбысына байланысты сөздер айтқызу. Әтеш, әнші сөздеріне дыбыстық талдау жасату. Кеспе әріптен құрап жазу. Әнші: Ә- дауысты, н- дауыссыз, ш- дауыссыз, і- дауысты
Электрондық кітап
ҮІ Дәптермен жұмыс
Алдымен ауада жазып көрсету.
Баспа, жазба түрімен таныстыру, Ә,ә дыбысын толтыру
Сергіту сәтін жасау.
ҮІІ. Ойтолғаныс. Мына тақпақты жаттап, оның ішінен Ә,ә дыбысын табу
Әтеш әнге басады.
Әтеш ұйқы ашады.
ҮІІІ. Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау. Геометриялық фигуралармен бағалау.
М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп
Тақырыбы :
«Ә ә дыбысы және
әрпі.»
(ашық сабақ)
Тәрбиеші:Фазылова Б.Н.
Чапаев ауылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген