400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Г дыбысы мен әрпі" (ашық сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа дыбыспен таныстыру, әріпті анық, дұрыс айтуға дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сауат ашу және жазу

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:

Гг дыбысы мен әрпі

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Жаңа дыбыспен таныстыру, әріпті анық, дұрыс айтуға дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс:


Әдіс-тәсілдері:

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері:

Кеспе әріптер, тірек сызбалар, суреттер, дидактикалық материалдар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

-Салематсыздар ма, балалар!


Психологиялық дайындық


Оқушылар мұғалімді қоршап тұрады. Мұғалім жерде шашылып жатқан гүлдерді теріп алуға шақырады.

- Гүлдің орысша атауын айтсам, бір-біріңе қолдарыңды алға созып, гүлді біріктіресіңдер. Ағылшынша атауын айтсам, осы гүлді жоғары көтеріп, бір-біріне күлімдейсіңдер. Қазақ тіліндегі атауын айтсам, гүлді иіскейміз.

-Ал енді гүлдеріңді тақтаға орналастырыңдар.

(Оқушылар магнитпен тақтаның шама келсе төменгі жағына орналастырады.)


Жаңа сабақ

Міне, бізде гүлзар пайда болды.

Гүлдер қай мезгілде өседі? Гүл әдемі болып өсу үшін не керек? Біздің гүлдеріміз ерекше. Әр гүлде бір-бір әріптер бар екен. Осы әріптерді айтып шығайық.

( Гүлдергі әріптерді оқу арқылы оқушылармен бірге өткен әріптерді қайталау)

«Гүлдер» сөзін буынға бөлейік. Осы сөзде бізге таныс емес қандай әріп бар?

- Г деп айтайық.

- Г әрпі бар сөздерді атату: гүл, гитара,

Сыныпта есімінде гүл сөзі бар оқушылар бар ма?

Гүлі бар атты балаға не үшін қояды деп ойлайсыңдар?

- Г әрпін таныстырайын.

- Г неге ұқсайды?

Г-ні таныстыру

(Балаларға көрсету)



Рисунок 3 Рисунок 1

-Г әрпі бұрыннан өткен қай әріпке де ұқсайды? (Ғ)


-Ребус шешу

Енді осы гүлзарға су құюға үш қыз бала келеді. Олардың аттарын табу үшін менің тапсырмамды орындаңдар.

ГҮЛ+НҰР, ГҮЛ+СІМ, АЙ+ГҮЛ


Қыздардың аттарын таптық. Оларға гүлді қалай күту керек екені туралы білгенімізді айтайық.

-Гүлге су құйып тұр

-Гүлді жұлма

-Гүлдің арам шөптерін жұлып тұр. Түбін тазалап жүр

-Рахмет, балалар!

- Гүл бізге не береді? Гүл қандай? Гүл не істеді?

-Гүлден басқа адамдар не егеді? (Егін)


Оқулықпен жұмыс жасау

-Оқулықтан гитараны көрсетіңдер.

Суреттермен жұмыс жасау, буындарды оқыту.

ү


ы



Г



е




-Осы гүлдегі әріптерден буын құрау. Оқыту


Егінші туралы не айта аласыңдар? Тігінші деген кім?

-Тігіншінің гүлге қандай қатысы бар екені білесіңдер ме? Тігінші немен жұмыс жасайды? Мата неден тоқылады? Мақтаның гүлінен жіп иіріледі. Ол жіптен мата тоқылады.

-Гүл бізге киім де береді екен.

Жазу:

Ауада жазу, дәптерге жазу

-Жазу барысында санай отырып көзге, қолға жаттығу жасап шығу.





Сергіту сәті «Ия, жоқ»

«Ия» десе орнынан тұрып, қол соғады. «Жоқ» десе отыра берді.

  1. Гүлге ара қонады (иә)

  2. Гүлді тек далада ғана өсіруге болады.(жоқ)

  3. Шеге деген сөзде г әрпі бар. (иә)

  4. Гүлден шеге жасалады. (жоқ)

  5. Гүлді мерекелерде сыйлаймыз (иә)

  6. Г әрпі кілтке ұқсайды (иә)

Қорыту кезеңі


Кері байланыс

-Әр оқушыда смайлик бар.

-Алдарыңда 3 түрлі баспалдақ тұр. Егер сабақта түсінбей қалған жерлерің болса мына баспалдаққа, азғантай түсінсеңдер ортаңғы баспалдаққа, сабақ қызықты өтсе ең үстіңгі баспалдаққа жапсырыңдар.


-Біз қандай әріптермен таныстық?

-Не туралы әңгімеледік?

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау

-Гүлдей жайнап жүріңдер деп сендерге гүл таратамын.

























Мұнайлы ауданы

3 жалпы білім беру орта мектебі





АШЫҚ САБАҚ




«Г дыбысы мен әрпі »


Пәні: сауат ашу және жазу

Дайындық «А» сыныбы














Өткізген: Косжанова Рыскул Толеповна


Баянды селосы-2017 жыл




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
606
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі