400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ғ дыбысы мен әрпі" сауат ашу пәні 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
" Ғ дыбысы мен әрпі" сауат ашу пәні бойынша 1 сынып оқушылары үшін құраған сабақ жоспарым. Сабақ жоспарым оқушыларға тақырыпты меңгеруіне ықпал етеді, Мұғалім үшін де тиімді жасалған. Сабақ барысында суретпен жұмыс, мәтінмен жұмыс түрлерін жүргізеді. Тақырып бойынша айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын меңгереді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ахметова Айзат Абдрахманқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

Ортадересін ауылы

«Ортадересін жалпы орта

білім беретін мектеп» КММ


Пән : сауат ашу 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: - Оқушыларды Ғ дыбысы мен әрпімен таныстыру, ғ әрпі туралы түсінік беру;

Дамытушылық: - Сөздерді буынға бөліп оқыту арқылы оқушылардың білімін дамыта түсу, сурет бойынша дұрыс сөйлеуге үйрету, әңгіме құрастыру арқылы сөздік қорын дамыту;

Тәрбиелік: - Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ғарышкерлердің, балға, шалғы, шаңғының суреттері, (А, Т, П, Н) әріптері, буын тапсырмасы т.б.

Сабақтың түрі: ойын сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, СТО элементтері

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлематсыңдар ма, балалар!

Оқушылар: - Сәлематсыз ба, мұғалім!

- Балалар, оқу құралдарыңды дайындап, кеуделеріңді тік ұстап, бастарыңды көтеріп, партаға дұрыс отырыңдар. Зейінімізді сабаққа аударамыз.

  • Балалар, бүгін сыныпта кім кезекші? (Оқушы жауап береді)

  • Сыныпта кім жоқ? (Оқушы жауап береді)

  • Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? (Оқушы жауап береді)

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.

- Балалар, өткен сабақта қандай әріппен таныстыңдар? ( Н әрпі)

- Н әрпі қандай сөздерде кездеседі? (нан, ана, нар, т.б.)

- Нан дегеніміз не? (тамақ)

- Ана деп кімді айтамыз? (Әркімнің ең жақсы көретін адамы)

- Сендер өз аналарыңды жақсы көресіңдер ме? (Иә, жақсы көреміз)

- Аналарыңды не үшін жақсы көресіңдер? (Ұрыспайды, жақсы көреді)

- Н әрпі кездесетін адам аттарын атаңдаршы (Нұрлан, Назира, Нұрзат, Назерке, Алтын, Нариман, Назгүл т.б.)

- Н әрпі сөздің қай буындарында кездеседі? (сөздің басында, ортасында, аяғында). (Жауап бере алмаған жағдайда мұғалім жоғарыдағы суреттер бойынша түсінік береді: нар, ана, нан)

- Н әрпі дауысты ма әлде дауыссыз ба? (дауыссыз)

- Н әрпі қалай жазылады? Тақтаға кім шығып жазады?

- 3 пен 8 – 3 пен 9 – беттерді ашамыз, сөздерді буынға бөліп оқимыз.

III. Жаңа сабақ.

- Балалар, сендер тағы қандай әріптерді білесіңдер? (А, Т, П, Н)

- Осы әріптер кездесетін сөздерді айтындаршы (Ата, тақта, парта, нан)

- Бұл дыбыстар қандай дыбыстар? (дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату).

- Балалар, енді біз бүгін Ғ әрпімен танысамыз. «Ғ» деп бәріміз айтайықшы. (Балалар хормен айтады).

- Балалар, біз бүгінгі сабағымызды ойын түрінде өткіземіз. (Зымыранның суретін көрсету) - Мынау не? (Оқушы жауап береді, жауап бермеген жағдайда мұғалім түсіндіреді. Бұл – зымыран. Балалар «зымыран» деген сөзді қайталайды).

- Зымыран қайда ұшады? (Зымыран аспанда ұшады)

- Зымыранмен кім ұшады? (Зымыранмен ғарышкерлер ұшады)

- Ғарышкер дегеніміз кім? (Аспан әлемін зерттейтін адам)

- Қандай ғарышкерлерді білесіңдер? (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев суреттері көрсетіледі, олар туралы айтылып өтіледі)

- Балалар, сендердің де ғарышқа ұшқыларың келе ме?(Оқушылар жауабы: иә)

- Ғарышқа ұшу үшін сабақты жақсы оқып, тәртіпті болуларың керек.

- Олай болса, біз бүгін Тоқтар, Талғат ағаларымыз сияқты ғарышқа саяхат жасаймыз, қызықты тапсырмалар орындаймыз, яғни ғарышкер боламыз.

- Енді, балалар, дайындалыңдар, ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. 

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.  Ұштық!
- Балалар, ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Мұнда
Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон деген ғаламшарлар бар. Біз Жерде өмір сүреміз. Ал қалған ғаламшарлар аспанда Күннің қасында орналасқан, олар Күнді айналып қозғалады. Оларды тек ғарышкерлер ғана көреді, зерттейді. Енді «Жұлдызды қалашықтың» құпия тапсырмаларын орындайық.

- Балалар, қалашықтағы Меркурий мынадай тапсырма даярлаған екен.

- Меркурийдің тапсырмасы: Суретпен жұмыс (Тақтаға ғарышкердің, балғаның, шалғының, шаңғының, сағаттың т.б. суреттері ілінеді)

- Балалар, тақтадан тағы нелердің суреттерін көріп тұрсыңдар? (балға, шаңғы т.б.)

- Балалар, осы сөздерді бәріміз қайталайық. (Жақсы, балалар сендер меркурийдің тапсырмасын дұрыс орыңдадыңдар)

- Енді, Шолпанның тапсырмасын орындайық. Тіл ұстарту жаттығуы орындалады. (Оқушылар хормен айтады)

Ға - ға - ға
Атқа тақты таға.

- Балалар, келесі тапсырма Жердің тапсырмасы:

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.

- Балалар, енді біз Марстың тапсырмасын орындаймыз. Ол – көркем жазу. (Ғ дыбысының баспа, жазба түрі көрсетіледі, жазылу элементтері түсіндіріліп өтіледі).

- Балалар, енді ғ дыбысын ауада жазып өтейік. (Ғғ) Дәл ауада жазғандай, қазір дәптердегі үлгіге қарап, ғ дыбысын жазамыз.

Дәптермен жұмыс жүргізіледі. (Мұғалім оқушылардың жазуын қадағалайды, бір бармақ қойып жазу).

- Ғ дыбысы - дауыссыз дыбыс. Ол сөздің басында, ортасында кездеседі, соңында кездеспейді. (Суретпен жұмыс жүргізіледі)

- Балалар, енді біз Юпитердің тапсырмасын орындаймыз. (“Ұшты-ұшты” ойынын өткізу)

- Балалар, қазір біз “Ұшты-ұшты” ойынын ойнаймыз. Қазір мен сендерге ғ дыбысы бар бірнеше сөз айтамын, суреттерді көрсетіп тұрамын. Егер ұшатын нәрселердің аттары аталса, сендер қолдарыңды көтересіңдер, ұшпайтын нәрселерді атағанда қолдарынды көтермейсіңдер. Тапсырма түсінікті ме, балалар? (Оқушылар жауабы) Сөздер: торғай, сағат, таға, ғарышкер, тоғай, балға, қарға, шалғы.


IV. Пысықтау.

- Балалар, енді біз Сатурнның тапсырмасын орындаймыз. Оқулықпен жұмыс. - Балалар, 4 пен 0 – 4 пен 1 беттерін ашыңдар. (Оқушылардың оқулық беттерін ашуларын қадағалау)

- Балалар , мына суреттерге қарайықшы. Жаңа бұл сөздермен біз танысқан болатынбыз. Бұл кімдердің, нелердің суреттері? (Оқушылар жауап бермеген жағдайда мұғалім түсіндіріп өтеді). Бұлар біздің ұшқыш ағаларымыз: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев. (Мұғалім ғарышкерлердің есімін қайталап айтқызады)

а) Мұғалімнің жаңа сөздерді оқуы;

ә) Буынға бөлгізіп оқушыларға оқыту (хормен оқыту);

б) Тізбектеп оқыту;


ға а ға та ға

на а на та на

па а па па на


аға таға апта

ана тана пана


ТА ПА НА ҒА


Мұғалім: – Балалар, енді біз Уранның тапсырмасын орындаймыз. Ол оқулықтағы 4 пен 1 беттегі мына тапсырма.

- Мынау қандай дыбыс? (А)

- Енді А дыбысымен мына буындарды құрап сөздерді оқиық. (4 оқушы оқиды, балалар хормен оқиды)


Shape1 та

Shape2 Shape3 Shape4 а на

па

ға

V. Қорытынды.

- Енді, балалар, соңғы ғаламшарымыз Нептунның тапсырмасын орындаймыз. Нептун бізге бірнеше сұрақтар қойып отыр. Енді соларға жауап берейік:

- Балалар, біз қазір қайда жүрміз?

- Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

- Ғ дыбысы қалай жазылады? Кім тақтаға жазады?

- Ғ дыбысы кездесетін қандай сөздерді білдік? (Өздерің Ғ дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер?)

- Қандай ғарышкер ағалар туралы білдік?

- Балалар, біз қазір Плутон ғаламшарында тұрмыз, тапсырмаларды дұрыс орындадық. Енді мектебімізге қайтуға жиналайық. Қане бәріміз бірге санайық: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Кеттік!
- Балалар, сендердің білімдеріңнің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сендерге көп - көп рахмет!

- Ғылымда із қалдырар,

Ғибраты – ғажайып.

Ғаламдағы ғалымдар,

Кетпесе екен азайып! – дей отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
VI. Үйге тапсырма: 4 пен 0 – 4 пен 1 беттерін оқу, жазылуын үйрену.

VII. Бағалау:

- Балалар, бүгін сендер сабаққа белсене қатыстыңдар, енді ғаламшардан әкелген сыйымызды алайық / смайликтер таратылады /











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1148
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі