400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Г г дыбысы мен әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана тілі

(2-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша ой қорыта отырып, жаттығулармен жұмыс жүргізу, оқушылардың алған білімдерін пысықтау, теориялық білімдерін пікірталас арқылы практикамен ұштастыру;
    2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдік стильдерін дамыту, ойлау өрістері мен дүниетанымдық көзқарас шеңберлерін кеңейту. Шығармашылық іскерліктерін арттыру.
    3. Тәрбиелік мақсаты: Жақсы қасиеттерге, адамгершіліктерге баулу. Жақсы оқып, үлгілі, білімді болуға, достықта адал болуға шақыру.
    Сабақтың түрі: Қайталау жинақтау сабақ
    Көрнекілігі: слайд, бейнежазбалар.

Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; «Сын тұрғысына ойлау», «Кубизм»
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту:

А) Шаттық шеңбері

Н. Өнербаевтың орындауындағы «Құстар» әнін оқушыларға интерактивті тақтадан тыңдата отырып, бірге айту.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға «Жабайы қаздар» фильмін көрсету.

Көрген фильмдері жайлы пікір алмасу.

  • Біз қандай құс көрдік?

  • Ол қандай құс.

  • Олар туралы не білесіңдер?

ІҮ. Мағынаны тану: Қаздарым өлеңі.
1.Оқушылар өлеңді үнсіз оқиды.

  1. Мәнерлеп оқиды.

  2. «Қаз» сөзін постерге топтастырады.

Қаз бұл не? Ол қандай?

Қаз суда да, құрлықта да өмір сүре алады. Жабайы және асыранды түрі бар. Салмағы ірі, мойны ұзын, тұмсығы жалпақ, мықты, аяғы қысқа, қауырсыны қалың құс. Суда 40 метр тереңге сүңгиді, суыққа төзімді, маңғазданып, кербез теңселіп жүреді. Жеміс жапырағымен қоректенеді. Ұясын үй маңына, таяз су бетіне салады. 5 - 20 жұмыртқаны 20 - 40 күнде басып шығарады. Кейбірі 80 жасқа дейін өмір сүреді. Балапаны – мамыр. Майы күйікке пайдалы.

Ү. Сөздік жұмыс.
1.Сайда –
Көл - қопаң –

2. Дәптермен жұмыс

- Балалар қарлығаш қандай құс? (Қарлығаш)
- Қарлығаш туралы оқулықта берілген 163- жаттығуды орындайық.
Сөйлемді көшіріп жазу. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің байланысын табыңдар.

«Сергіту сәті» «Кірпі биі»
Айдар балапанды ұяға салды.
3. Сұраққа жауап:
«Кубизм әдісі»
1. Қандай өлеңмен таныстық?
2. Өлеңнің авторы кім?
3. Өлең не туралы?
4. Қазды сипаттап бер
5. Өлеңде сөйлемнің қандай түрлері бар?

ҮІ. «Автор орындығы»

Ойтолғау «Менің қаздарым»


ҮІІ. Рефлексия

Не үйрендік, не білдік?
v ------ Жабайы және асыранды
+------ 80 жасқа дейін өмір сүреді. Балапаны мамыр деп аталуы.
- ------ Қаз майының күйікке пайдасын
? ----- Су тереңдігіне сүңгу себебін білгім келеді?

ҮІІІ. Бағалау
Үйге тапсырма:«Қаздарым» өлеңін мәнерлеп оқ

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
458
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі