жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ғажайып - Жаңа жыл"
МКҚК «Болашақ» балабақшасы
Бекітемін:
«Болашақ» балабақшасының
әдіскері ________
«___»____________ 2017 ж.
№2 «Еркетай» ІІ-кіші тобында
Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл»
атты ертеңгілік сценарий
Тәрбиеші: Қуатова Нургуль Онбергеновна
Әдіскерлер: Утенова А.О.
Құрық ауылы
2017 жыл.
«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл»
Күн сиқыршысы: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Балапан» тобында!
(Балалар кіреді)
Түн сиқыршысы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(ата – аналар кіреді)
Күн сиқыршысы: Жаңа күнде ән қылып
Тек жүреміз сән құрып
Көңілдердей қартаймай
Шырша тұрар мәңгілік.- деп балалардың әнің қабыл алыңыздар!
Ән: «Шырша жыры»
Түн сиқыршысы: Тек қана сенің балаларың емес, менің де мерекеге келген қонақтарым ән айта алады. (ата – аналардың әні)
Күн сиқыршысы: Жасыл шырша жанында
Көңілдіміз бәріміз.
Тақпақ айтып, ән айтуға
Әрқашан да дайынбыз.
Тақпақ:
Ақнұр:
Жылдың әнін
бастайын,
Аяз- Ата кеп
қалды.
Майысады жас
қайың,
Көтере алмай көп
қарды.
Зафира:
Бақша іші
мереке,
Ойын күлкі асқақ
ән.
Жақсы әпкелер жаңа
кеп,
Мерекені
бастаған.
Айзере:
Жаңа жылды қарсы
алдың,
Мініп алып
күймеге.
Мен де бүгін ән
салдым,
Араластым биге
де.
Нұрайша:
Оралдың
өлкеме,
Жаңа жыл
армысың.
Оранды ақ
көрпеге,
Асқар тау, қарлы
шың.
Гүлназ:
Ақ қырауға
малынған
Сақалы да мұрты
да.
Аяз ата
сағынған,
Сәлем бepді
жұртына.
Аят;
Безендіріп
шыршаны
Жыл қуантты
баршаны.
Той-маскарад
басталды,
Аяз оны
басқарды.
Түн сиқыршысы: Ой, сен, мына балалармен мақтана бердің ғой, жарысу керек болса, мен саған жарысты көрсетейін. Ал, қане, менің қонақтарым, көрсетіңдерші өз өнерлеріңді! (Ата – аналар тақпақ айтады)
Күн сиқыршысы: Балалар, мына бал – маскарадтың басты қонақтары жоқ.Осыны білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Ойнаңдар да ойлаңдар,
Сәбіз мұрын кімде бар?
Шелек киген басына
Айтыңдаршы балалар, ол не екен ? (аққала)
Түн сиқыршы: Сен неге жұмбақ жасыруың керек? Менде жұмбақ жасыра аламын. Ал, балалар, мен жасырған жұмбақты да шешесіңдер ме?
Тікен – тікен тік пісте,
Қысы – жазы бір түсте. (шырша)
Ал, қанеки бәріміз қонақты қарсы алайық.
Аққала: Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз сендердің дауыстарыңды естіп келе жатырмыз. Мен неден жасалғанымды білесіңдер ме?
Шырша: Сәлем менің достарым! Мен сендерге қонаққа келген жасыл шыршамын. Сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтауға досым Аққаламен келдім. Біз бүгін досымыз екеуміз сендердің көңілдерінді көтереміз. Ойындар ойнап, би билейміз.
Күн сиқыршысы: Ал, ендеше біз сендердің ойындарыңызды ойнауға, биіңізді билеуге дайынбыз.
Ойын: «Қар лақтыру»
Түн сиқыршысы: Бізбен бірге жайдарлы
Жасыл шырша жайнайды
Жарқырайды шыршамыз
Би билейік баршамыз.
Би: «Шырша»
Күн сиқыршысы: Ақ таяғын таянған
Ақ күпіге оранған
Сыйлық толы дорбасы
Немересі Ақшақар
Екі жылдың тоғысында
Елге берер ақ бата. Ол кім?
Балалар: Аяз ата!
Ендеше балалар Аяз ата шақырайық.
Түн сиқыршысы: Көрдің бе, Күн сиқыршысы, сенің балаларыңның дауысын Аяз ата естіген жоқ, ал менің қонақтарымның дауысын естиді. Қане енді ата – аналар сендер шақырыңдаршы.
Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата: Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Ақшақар:
Аяз ата: Балалар, мына жер неге көңілсіз, шырша неге жанбай тұр?
Күн сиқыршысы: Аяз ата біз шыршаны жағуға сізді күттік. Ендеше ән айтып, шыршамызды бірге жағайық.
Ән: «Қуант, бізді таңырқат!»
Түн сиқыршысы: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық.
Тақпақ:
Нүрислам
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Әльнасыр:
Аппақ тонға
оранып,
Базарлықты мол
алып.
Келді алыс
сапардан,
Аяз ата
оралып.
Джаксыбай
Нүрай:
Қалып едік
сағынып,
Kүтіп алдъқ
жабылып.
Жолын қойдық
жарық қып,
Шыршаларға шам
іліп
Елемес Нүрай:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл
Ырысбек;
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Арайлым:
Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Мирас:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты
. Ақтон киіп орман тұр
Дәлатамдайсалмақты.
Күн сиқыршысы: Аяз ата, бізідің балаларымыздың өнері көп. Енді балалар сізге арнап ағылшын тілінде тақпақ айтады.
Тақпақ: «Ағылшынша»
Ханшайым:Уй ол дэнс энд синг энд сэй
Уәлкәм нью еә дэй.
Төрле, төрле жаңа жыл
Ән айтайық би билеп,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Рамазан: Ул а ол глэд эндд хәппи
Ин нью еә дәй
Бақ береке әкеліп
Жыл қуантты баршаны.
Кемелхан: Нью еә ту би гләд ин
Энд нот ту би сэд ин.
Тілеймін бар әлімге
Бақ әкелсін жаңа жыл.
малика:Ту гэйн ин ту гив ин
Э хәппи нью еә.
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын.
Түн сиқыршысы: Аяз ата! Балаларымыз өз өнерлерін аямай көрсетіп жатыр. Ән айтты, би биледі, ойын ойнады. Ендігі кезекте сахналау өнеріне берейік.
Көрініс.
Аяз ата: Ой, балалар, бәріңізде өнерлі екенсіңдер! Енді сендердің көрсеткен өнерлерің үшін сыйлық берейін. Менің сыйлық салған қалтам қайда? (қалтасын іздейді) Күн сиқыршысы, Түн сиқыршысы сендердің сиқырларың қайда? Менің сыйлық салған қалтамды тауып беріңдер!
Түн сиқыршысы: Қазір, қазір сиқыр керек болса мен көрсетейін. Сиқырлы сөздерің айтып, айналаның бәрін сиқырлап, қараңғы етеді. Сол кезде 3 қалтаны әкеліп қояды.
Аяз ата 3 қорапты ашып қарайды. 1 қалта секіріп шығып кетеді. 2 қалта толған қоқыс, 3 қалта мыстан кемпір.
Мыстан кемпір: Бұл не шу? Сендер менсіз мереке тойлап жатырсыңдар ма? Бұл не мереке? Мен сендердің мерекелеріңді болдырмаймын. Сендердің сыйлықтарын менде!
(ха –ха – ха ) Сыйлық алмақшасыңдар ма? Жоқ, сендерге сыйлық.
Күн сиқыршысы: Түн сиқыршысы сенің сиқырың оңбады. Өз сиқырыңмен бәрін бүлдірдің. Ал енді менің сиқырымды қараңдар! Өзінің сиқырлы сөздерің айтып мыстан кемпірді мейірімді аруға айналдырады. (обруч)
Мыстан кемпір: Балалар, мен сендер ойлағандай бірден мейірімді болып кетпеймін, өз өнерлеріңді көрсетсендер ғана мен сыйлықты қайтарамын.
Түн сиқыршысы: Балалар, Күн сиқыршысының сиқыры жүзеге асуы үшін мыстан кемпірге ойын ойнап берейік.
Ойын: «Ата – аналар мен балалар шанамен Аяз ата мен Ақшақарды қыдытады.»
Түн сиқыршысы: Салайықшы шарықтап
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.
Тақпақ :
Әбілқайыр:
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Мәлік;
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
Нүрел;
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Әбдрахман;
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Әлнияз:
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Шахислам;
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Сабина
Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
Шахмардан
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Аяз ата: Сендерге келуге бір жыл бойы дайындалдым. Ойын ойнайтын да уақыт келді.
Түн сиқыршысы: Жаңа жылды тойлайық
Ойнап асыр салайық
Атамыздың сиқырлы
Таяғымен ойнайық.
Ойын: «Қатырамын»
Күн сиқыршысы: Мыстан балаларымыздың өнері ұнады ма? Егер ұнаса балалардың сыйлықтарын қайтарып бер.
Мыстан кемпір: Ой, жарайсыңдар балалар, маған сендердің өнерлерің ұнады. Сыйлықтарды жолда ескі жыл мен жаңа жыл алып келе жатыр.
Әтеш пен ит шанамен сыйлықты алып келеді.
Түн
сиқыршысы: Кел,, жаңа жыл, жаңа бақыт
ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да
нұрысың.
Адамдардың асқақтаған
арманы,
Ақындардың таусылмайтын
жырысың
Қош келдіңіз Ит жылы, сіздің жылыңыз да құтты
жыл болды Тауық. Енді сізбен қоштасар кез
келді.
Тауық: Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Ит: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2018 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!
Күн сиқыршысы:Ән: «В лесу родилась елочка»
Түн сиқыршысы: Ар бол, Жаңа жыл! Бар бол Жаңа жыл!
Қадамың құтты болсын Жаңа жыл!
Бейбітшілік жылы болсын Жаңа жыл!
Құт – береке жылы болсын Жаңа жыл!
Күн сиқыршысы: Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген