400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ғажайып аккала" ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК №23 «Ақмоншақ» бөбекжайы.

әдіскер: Кулбаева Акмарал Жанбырбаева.

Тақырыбы: «Ғажайып Аққала»

Оқу-қызметінің мақсаты:Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып,дәстүрден тыс сурет салу машықтарын қалыптастыру.Қағаз бетінде дене бөлшектерінің орналасуын дұрыс бере білуге бағыт беру.Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Слайд: 1)Аққаланың бейнесі

2) Фото сурет аққала

3) Балауыз шаммен жұмыс жасау

4)Дәстүрден тыс әдіс қолдану жолдарын көрсету.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,көркем сөз,мадақтау,қорытындылау

Оқу-қызметінің барысы:

Балаларға сұрақтар:

1).Қыста ауа-райы қандай болады?

(аяз, боран,қар жауады)

2).Қардан не жасауға болады?(осы сәтте есік қағылып аққала кіріп келеді)

Аққала: Сәлеметсіңдер ме?мен бұл жақтан аққала деген сөзді естіп қалып едім,бұл жерде бәрі

Педагог: Ия,дұрыс айтасыңдар балалар,ал енді мына слайдқа қарайық

Слайд: «геометриялық пішіндерден бейнелер»

Педагог: Қандай геометриялық пішіндерден бейнелер салған?(б.ж)

Педагог: Балалар қараңдаршыіз аққаланы қарындашпен қылқаламмен салдық.Енді бүгін балалар балауыз шаммен салып көреміз.

Слайд 2. Түрлі –түсті аққала

Педагог суреттерге балалардың назарын аударып пішініне,орналасуына тоқталып.балауыз шаммен жұмыс жасау техникасын түсіндіру

1.Қарындашты катты баспай аққаланың сұлбасын салып аламыз(арнайы нұсқаулық бойынша көрсету)

Балауыз шаммен салынған суретті бастыру керек

2.Әр-түрлі бояулармен салынған суреттің үстінен бояп шығу

3.Нәтижесінде балауыз шаммен салған жерге бояу жұқпай,аққаланың суреті пайда болады

Педагог қағазға аққаланы балауыз шаммен геометриялық пішіндерді қолданып салып көрсетеді.Педагог «Аққала» өлеңін айта жүріп ,балаларға көмектеседі.

«Аққала»

Бір топ бала далада

Соқшы қардан аққала

Мұрны сәбіз үп-үшкір

Көзі көмір қап-қара

Аққала ,аққала

Сені жасап мақтанам

Қорғауменен жүреміз

Бұздырмастан басқаға

Балалардың жұмысы.

Рефлексиялық түзетушілік:суретсалып болғаннан кейін,әр бала суретін алып шеңберге тұрады.Балалар өздерінің жұмыстарын бағалайды.

-Кімнің салған суреті ұнады

-Кім өзінің салған суретін әңгімелеп береді?

Қорытынды:Балалар сендер бүгінгі оқу-қызметіне жақсы үлес қостыңдар.Сенде салған суреттің бәрі де маған ұнады,сендерге көп-көп рахмет. Бүгінгі күндей көңіліміз жайдары , аспанымыз ашық болсын!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі