жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ғажайып алаң
Сыныптан тыс: Ғажайып алаң
Мақсаты: Ерлікке отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Көрнекілігі: слайд
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар.
Бүгінгі сыныптан тыс жұмысымыз ғажайып алаң ойыны ретінде өткізіледі.
Мақсаты: Оқушыларды сабақта ойын-сайыспен ұштастырып, олардың ойлау қабілетін ояту.
Көрнекі – құралдар:
Ойын алаңы.
Табло
Айналдырғыш барабан.
Екі шкатулька.
Слайдтар.
6.Жеңімпаздарға сыйлық
Ойын жоспары:
Жүргізушінің сөзі.
Поле чудес ойынының шартымен таныстыру.
Әр турдың үштік ойыншыларымен таныстырып, олардың ішінен тапқырларды табу.
Ол тапқырлардың ішінен финалда жеңімпазды таңдау, онмен супер ойынды ойнау.
Жүргізуші: Осымен біз капитал – шоу «Ғажайып алаңды» бастағалы отырмыз. Құрметті көрермендер
Әділ қазы алқасын сайлаймыз.
__________________________________________
__________________________________________
Ойынның шартымен танысып алайық:
Бір – бірлеріңе көмектесуге болмайды.
Ұпайларыңды әділ қазы алқасы санап отырады.
Барабанды айналдырып, айтқан әріп дәл келмесе, онда ойын қасыңдағы келесі ойыншыға беріледі.
Егер ойыншы бірден 3 сұраққа дұрыс жауап берсе, онда оған сыйлық беріледі.
Барабанды тек, 1 рет қана айналдырамыз.
«П» ПРИЗ-СЫЙЛЫҚ – ойыншы сыйлықты таңдауына
болады, не ойынды жалғастыруына болады. Сыйлықты таңдаса, ол қара жәшікте жасырылған. Жүргізуші ойыншымен саудаласады сыйлық үшін, жәшіктің ішінде сыйлық болады.
«+» ПЛЮС-ҚОСУ – ойыншы тордағы любой әріпті аша алады, егер оның айтқан әріпі болса және ол әріп, осы сөзде бірненше кездесе бәрін ашады.
«Б» БАНКРОТ – ойыншының барлық жинаған ұпайлары жанып кетеді, ал ойын келесі ойыншыға өтеді. Егер ойыншы екі рет БАНКРОТ- қа түссе , онда оған жұбату сыйлығы беріледі.
«О» НОЛЬ – онда ойыншының ұпайлары жанбайды, тек
ойын кезегі келесі ойыншыға келеді.
Х2 – ойыншының алған ұпайлары екі еселенеді, егер айтқан әріпі осы таблода болса. Екі әріп болса 3 есе өседі, үш әріп болса, 4 есе өседі.
100 ұпай не 0 – ойыншы әріпті дәл тапса, онда 100 ұпай алады.
Ойын 3 турдан тұрады, оның ішінен 3 тапқырды шығады, ол 3 тапқырдың ішінен 1 жеңімпазды финалға және сурпер ойынға шақырамыз.
Жүргізуші: Бізге қазір 5 кластан 3 оқушы алдымызға шығады.
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортағы.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады, - деп бүгінгі ойнымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
1 тур. Бірінші үштік ойыншыны алдыға шақырамыз.
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Бірінші үштікке сұрақ:
Сұрақ: 434 жылы әкелерінің орнына ағайынды Бледа мен Аттила билік басына келеді. 445 жылы Бледа қайтыс болған соң, Аттила дербес билеушіге айналды. Бледа мен Аттиланың әкесінің аты кім?
Жауабы: Мұңзық
Екінші үштік ойыншыны алдыға шақырамыз
Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұлдар
«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар, - деп келесі 2 турымызды бастайық.
Ойнайық, ойлайықта ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен текке жоймайық!
Екінші үштікке сұрақ:
Қасым хан – Қазақ мемлекетінің аса көрнекті басшыларының бірі. Өзінің «игі іс-әрекеттерімен, қатаң ерік-жігерімен және саяси көрегендігімен» ол қазақ мемелекетінің абырой – беделінің артуына қол жеткізді. Оның тұсында басқа елдер Қасымға құрметпен қарады.
Мұхаммед Хайдар деректеріне сәйкес, 1518 жылы Қасым ханнан кейін таққа оны ұлы кім отырды
Жауабы: Мамаш
3 тур.Үшінші үштік ойыншыны алдыға шақырамыз.
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек
білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
Үшінші үштікке сұрақ:
Кесененің ғимараты 2000 жылы салынған болатын. Кесене батырдың дулығасын еске түсіретін, кесененің қызыл кірпіштерінің жоғары қабырғаларының түзу формалары биікке самғауды сілтейді. Ескерткішті жарты ай қияды. Кесене қай жерде орналасқан?
Жауабы: Қызылжар
Жүргізуші: Финалға 3 турдан жеңіп шыққан 3жеңімпазымыз шақырамыз.
«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.»
Сұрақ: 1754 -ит жылы көктемде Қаратал маңында екі мыңдай ғана қолмен Абылай он мың қолы бар қалмақ батыры Дабашымен соғысып, жеңіліс табады. Үш жүздей қазақ қырылады. Бұған намыстанған Қабанбай мен Наурызбай өзара келісіп, 1755-доңыз жылы жазда әрқайсы жеті мың қолмен Қараталға жетеді.
Қазақ-қалмақ алдын ала келісіп, үш күн жекпе-жекке шығады. Бірінші күні алғашқы жекпе-жекке Қабанбай өзі түседі. Сол кезде түскен Қабанбай батырдың қарсыласы қалмақ батыры?
Жауабы: Ханхор
Жеңімпазға сыйлық беріледі.
Бүгінгі көріп тамашалаған «Ғажайып алаң» атты сабақтан тыс іс шарамыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.
Қош, сау болыңыздар!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген