Материалдар / Ғажайып алаңы "Информатика әлеміне саяхат ""
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғажайып алаңы "Информатика әлеміне саяхат ""

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика әлеміне саяхат атты тақырыбын алған себебім, мұнда қоп мәлімет алуға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2018
374
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Болашақ ауылдық округінің №10 орта мектебі






Сыныптан тыс сабақ


Тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат»

9-11 сыныптар













Орындаған: Жаки Қ.Б















2018 оқу жылы




«Ғажайып алаңы» сабақтан тыс іс - шара
«Поле чудес»

Тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат» атты сайысы
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді, жан - жақты болуға үйрету;
Дамытушылық. Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын, танымдық қабілеттерін дамыту. Логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету;
Тәрбиелік. «Оқу инемен құдық қазғандай», – еңбекті сүйе білуге, өз уақытын дұрыс пайдалана алуға, ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Айналдырма барабан, суреттер, сыйлықтар, т. б.
Музыка ойналады
Мақсаты: Оқушыларды сабақта ойын - сайыспен ұштастырып, олардың ойлау қабілетін ояту.
Көрнекі – құралдар:
1. Ойын алаңы.
2. Айналдырғыш барабан.
3Екі шкатулька.
4. Слайдтар.
5. Жеңімпаздарға сыйлық.
6. Жеңімпазға мақтау қағазы.

Ойын жоспары:

1. Жүргізушінің сөзі.
2. Поле чудес ойынының шартымен таныстыру.
3. Әр турдың үштік ойыншыларымен таныстырып, олардың ішінен тапқырларды табу.
4. Ол тапқырлардың ішінен финалда жеңімпазды таңдау, онмен супер ойынды ойнау.
Жүргізуші: Осымен біз капитал – шоу «Поле чудесті» бастағалы отырмыз. Тақырыбы «Информатика әлеміне саяхат». Құрметті көрермендер, алдымызға 9,10,11сынып оқушыларын шақырамыз.
1. Әділ қазы алқасын сайлаймыз.
__________________________________________
__________________________________________
Ойынның шартымен танысып алайық:
2. Бір – бірлеріңе көмектесуге болмайды.
3. Ұпайларыңды әділ қазы алқасы санап отырады.
4. Барабанды айналдырып, айтқан әріп дәл келмесе, онда ойын қасыңдағы келесі ойыншыға беріледі.
5. Егер ойыншы бірден 3 сұраққа дұрыс жауап берсе, онда оған сыйлық беріледі.
6. Барабанды тек, 1 рет қана айналдырамыз.
7. «П» ПРИЗ - СЫЙЛЫҚ – ойыншы сыйлықты таңдауына
болады, не ойынды жалғастыруына болады. Сыйлықты таңдаса, ол қара жәшікте жасырылған. Жүргізуші ойыншымен саудаласады сыйлық үшін, жәшіктің ішінде сыйлық болады.
8. «+» ПЛЮС - ҚОСУ – ойыншы тордағы кез келген әріпті аша алады, егер оның айтқан әріпі болса және ол әріп, осы сөзде бірнеше жерде кездессе бәрін ашады.
9. «Б» БАНКРОТ – ойыншының барлық жинаған ұпайлары жанып кетеді, ал ойын келесі ойыншыға өтеді. Егер ойыншы екі рет БАНКРОТ-қа түссе, онда оған жұбату сыйлығы беріледі.
10. «О» НОЛЬ – онда ойыншының ұпайлары жанбайды, тек ойын кезегі келесі ойыншыға келеді.

11. 100 ұпай не 0 – ойыншы әріпті дәл тапса, онда 100 ұпай алады.
12. Ойын 3 турдан тұрады, оның ішінен 3 тапқырды шығады, ол 3 тапқырдың ішінен 1 жеңімпазды финалға және супер ойынға шақырамыз.

Жүргізуші: Бізге қазір 9 ,10,11 сыныптардан 9 оқушы алдымызға шығады. Сендерге сұрақ қоямын. Кім сұрақтың жауабын білсе қолыңды көтер. Дұрыс жауапқа «1», «2», «3» сандар беріледі.
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортағы.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады, - деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
1 тур. Бірінші үштік ойыншыны алдыға шақырамыз.
Әр қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымын айтып өтеді.

Бірінші үштікке сұрақ:

Қатты магниттік дискідегі десте, бастиектер мен жетектербөлігі және дискілер дестесі бірігіп біртұтас (ауа кірмейтіндей етіліп) жабылған модуль құрайтын сақтау құрылғысы. Дербес компьютердің сыртқы жады болып табылады.

Жауабы: Винчестер

(Әділ қазы алқа сы финалға өткен оқушының баллын айтып отырады)
2 тур. Екінші үштік ойыншыны алдыға шақырамыз.
Әр қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымын айтып өтеді.

Суреттерді, сұлбаларды, сызбаларды, карталарды, т.б. графикалық ақпараттарды өте жоғары дәлдікпен қағазға, калькаға, т.б. автоматты түрде түсіретін құрылғы. ЭЕМ-нда, автоматты жобалау, автоматты өлшеу жүйелерінде, картографияда, т.б. графикалық ақпаратты шығарушы құрылғы ретінде қолданылады.


Жауабы: Плоттер 


3 тур. Үшінші үштік ойыншыны алдыға шақырамыз.
Әр қатысушы өзін таныстырып, өмірлік ұстанымын айтып өтеді.

Үшінші үштікке сұрақ:
Американдық ғалым “Марк - 1” алғашқы автоматты релелік компьютерін жасады. (1944жылы), Кім құрастырды?
ұзындығы 17 м, салмағы 5 тонна
75 000 электронды шам
3000 механикалық релесі бар
көбейтуді – 3 секундта, бөлуді – 12 секундта орындай алған.

Жауабы:
Говард Айкен

(Әділ қазы алқа сы финалға өткен оқушының баллын айтып отырады)

Жүргізуші: Финалға үш турдан жеңіп шыққан 3 жеңімпазымыз шақырамыз.
ФИНАЛ
«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.»
Сұрақ:
Графикалық ақпараттарды енгізудегі тағы бір құрылысы. Ағылшын тілінен шыққан.Яғни жай ғана орысша «Оцивровыватели» деп айтуға болады.Яғни планшет турінде болады.

Жауабы: Дигитайзер

Жүргізуші: Финалда 3 жеңімпаздың 1 – еуі ғана жеңіп шығады. Ал қасындағы 2 кісіге сыйлық беріп, сахнадан шығарып саламыз. Финалды ұтып алған оқушыға екі жол беріледі.
1. Супер ойынға қатысу.
2. Немесе жинаған ұпайына сыйлық алып, ойыннан шығып кету.

СУПЕР ИГРА

Супер ойын келесі түрде өтеді:
Жүргізуші сұрақ қояды соны 1 минут ішінде дұрыс жауабын айту керек, тапса ұпайы екі есе көбейеді. Егер оны 1 минут ішінде таба алмаса, алдындағыдай барабанды айналдырып әріптер айтады. Таба алмаған жағдайда ұпайлары күйіп кетеді.
Ежелгі Римдегі V - VI ғасырдағы есептеуіш құралдың аты?
Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек, есепшоттың жасы 2000 - 5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс - Еуропалықтар қалай деп аталды, қытайлықтар «суан - пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.
Жауабы: Абак

Бүгінгі сайыстың жеңімпазы___________________ болады.
Жеңімпазға сыйлық беріледі.
Бүгінгі көріп тамашалаған «
Информатика әлеміне саяхат»" атты сабақтан тыс іс шарамыз өз мәресіне жетті.

Назарларыңызға рахмет





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!