Материалдар / "Ғажайып балықтар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ғажайып балықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырушылық- ізденушілік Топ «Су асты әлемі» тақырыбы бойынша безендірілген. Топта балалар Көк түсті мата астында болады.. «Балық» биі. Тәрбиеші: Балықтарым сіздер білесіздерме біздің мекенімізге, яғни су асты әліміне байланысты керемет ертегі бар екенін. Соны бүгін сіздерге айтып бергім келіп тұр. Сіздер тыңдайсыздар ма? Ертегі «Су асты әлемі» Ерте ерте ертеде су асты әлеміне үлкен қауіп төнеді, су бетінде жүретін кемелеріндің біреуі су асты әлеміне қауіп төндіретін зиянды затты шашып кетеді. Сол себепті судың беті зиянды заттан қараланып, күннің көзі де су асты әлімінің тұрғындарына түспей қара түнекке айналады. Бұдан құтылу жолында көп іздейді. Бір күні алтын балық сыйқырлы құты тауып, оның ішіндегі су асты әлемін құтқаратын ұнтақты шашып су асты әлемін құтқарып қалады. Мотивациялық- қозғаушылық Суға сүңгу. Достарым, мына судың астындағы ғажайыпты көргілерің келе ме? Олай болса, қазір біз су түбіне сүңгейміз. Дауыс шығады: Балықтар -Көмектесіңіздер. Біздер жағаға шығып қа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2024
161
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 31.03.2022

Тәрбиеші: Абайқызы А.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Ғажайып балықтар»

Смарт мақсат: Су астындағы балықтар туралы біледі. Су асты әлемінің тіршілік иелерін қорғау керектігін түсінеді. Берілген тапсырмаларды ұқыпты орындай алады.

Педагогикалық технологиялар: 4К моделі, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс.


Ұйымдастырушылық- ізденушілік

Топ «Су асты әлемі» тақырыбы бойынша безендірілген.

Топта балалар Көк түсті мата астында болады..

«Балық» биі.

Тәрбиеші: Балықтарым сіздер білесіздерме біздің мекенімізге, яғни су асты әліміне байланысты керемет ертегі бар екенін. Соны бүгін сіздерге айтып бергім келіп тұр. Сіздер тыңдайсыздар ма?


Ертегі «Су асты әлемі»

Ерте ерте ертеде су асты әлеміне үлкен қауіп төнеді, су бетінде жүретін кемелеріндің біреуі су асты әлеміне қауіп төндіретін зиянды затты шашып кетеді. Сол себепті судың беті зиянды заттан қараланып, күннің көзі де су асты әлімінің тұрғындарына түспей қара түнекке айналады. Бұдан құтылу жолында көп іздейді. Бір күні алтын балық сыйқырлы құты тауып, оның ішіндегі су асты әлемін құтқаратын ұнтақты шашып су асты әлемін құтқарып қалады.


Мотивациялық- қозғаушылық


Суға сүңгу. Достарым, мына судың астындағы ғажайыпты көргілерің келе ме? Олай болса, қазір біз су түбіне сүңгейміз.

Дауыс шығады: Балықтар

-Көмектесіңіздер. Біздер жағаға шығып қалдық. Көмектесіңіздер.

Тәрбиеші: Қараңыздар бұл біздің достарымыз ғой, жағаға шығып қалыпты, қәнекей көмектесейік.

(Қармақ арқылы жағаға шығып қалған балықтарды құтқарып, суға жіберу)

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балықтарым сіздер достарыңа көмектесіп құтардыңдар, ал ендеше әрі қарай суға сүңгейік.

Суға сүңгімес бұрын, тыныс алу жаттығуларын жасап жіберейік. Олай болса, өкпемізді ауаға толтырып, суға сүңгиміз. Бір, екі, үш кеттік.

Суда жан-жақтарыңа мұқият қарап, зер салыңдар, себебі мында таңғажайыптар өте көп. Сонымен қатар, су түбінде бір құпия жол бар. Сол жолды тауып алып, онымен жүріп өтейік, ол жол бізді бір ғажайыпқа жетелейді.

Релаксация. Су асты таңғажайыптары. Балалар су астындағы таңғажайыптарды көреді, қызықтайды, су түбінде жатқан ерекше құпия жолды тауып, сол жолмен өтіп, ғажайып маржан тасты тауып алады. Оны өздерімен бірге ала кетеді. Барлығы бірдей су астынан сыртқа шығады.

Тәрбиеші: – Айтыңдаршы, менің достарым, судан қандай әсер алдыңдар? Онда нелерді көрдіңдер? Тағы қандай ғажайыптарды көрдіңдер? Ал мынау қолдарыңдағы не?


Ғажайып сәт. Теңіз сегіз аяғы. Су ішінен теңіз сегіз аяғы шыға келеді.

Балалар, сендер мұнда не істеп жүрсіңдер? Қайдан келдіңдер? Ал мен болсам мына теңіз сегізаяғымын, осы теңізді мекен етемін. Мұнда маржан тастар өте көп, соның біреуін қазір жоғалтып алдым.

Балалар:

Кешіріңіз, іздегеніңіз мына маржан емес пе, оны біз су түбінен тауып алдық, өте әдемі болған соң өзімізбен ала кетіп едік. Міне алыңыз.

Су перісі:

Балалар, егер де сендерге қатты ұнаса мен сендерге маржанды сыйға беремін. Алайда менің тапсырмаларым бар. Соларды орындасаңыздар маржанды сіздерге сыйға беретін боламын.


Тапсырма. «Балықтар»

Балалар екі топқа бөлінеді.

1-топ: Фетрдан жасалынған балықтың қанаттарын лента арқылы жасау.

2-топ: Фетрдан жасалынған балықтың қанаттарын рошки арқылы жасау.

Билингвалды компонент: балық-рыба, сегіз аяқ-осьминог.


Сергіту сәті

Би: «Балықтар»


Тәрбиеші: Керемет балықтарым, енді қәнекей демімізді алып тіл ұстарту жаттығуын жасайықшы.

Суға байланысты тіл ұстарту жаттығу:

Үз-үз-үз- суда еркін жүз;

Ақ-ақ-ақ- сылдырлайды бұлақ;

У-у-у- таза болсын су;

У-у-у- сен қолынды жу;

Ла-ла-ла- су құйды бала…


Балалар тапсырманы орындайды. Ал теңіз сегіз аяғы маржанды балаларға сыйға беріп, қоштасып суға сүңгіп кетеді.

Маржанның ішінен балаларға арналған түрлі – түсті сыйлықтар шығады.


Рефлексиялық-түзетушілік


-Балықтарым сіздерге су асты таңғажайыптары ұнадыма?

-Бізге кім келді?

Алған әсерлеріңмен бөлісіңдер.



Күтілетін нәтиже:

Балалар балықтардың түрлерін, аттарын атай алады. Су асты әлемінің тіршілігі туралы біледі.Балықтардың бөліктерін ленталармен толықтыруды, берілген тапсырмаларды жасай алады.




























МКҚК «Алтын ұя» бөбекжайы





Ашық оқу қызметі

«Жұлдызай» ортаңғы тобы

Тақырыбы: «Ғажайып балықтар»





















Тәрбиеші: Абайқызы А




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!