Материалдар / «Ғажайып білім әлемі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ғажайып білім әлемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2021
300
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ғажайып білім әлемі»

Білім беру саласы: Таным, коммуникация, әлеумет, шығармашылық, денсаулық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ, Сөйлеуді дамыту, Қоршаған ортамен танысу, Аппликация.

Мақсаты: Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Мақал-мәтелдерді нақыштап айта білулерін бақылау. Жапсыру жұмыстарын өз беттерімен орындай білуге мүмкіндік беру. Жыл бойы алған білімдерін қортындылау.

Жаңа технология: Денсаулық сақтау және ынталандыру технологиясы: Сергіту сәті. Ізденіс шығармашылық технологиясы: Дидактикалық ойын. Ақпараттық қатынас технологиясы: Компьютер арқылы слайд пайдалану.

Көрнекіліктер: Сандар, слайд арқылы жұмбақтар, мақал-мәтел, жаңылтпаштар аялдамасы, геометриялық пішіндер, ағаштан жасалған көпір, қағаздан жасалған көлшіктер, муляж жеміс-жидекте, жапсыруға арналған құралдар.

Тосын сәт: Буратинаның келуі.

Тәрбиеші:

-Балалар қараңдаршы , бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық. Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы – жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар :

-Жүрек

Тәрбиеші:

-Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

Балалар:

-Аспанымыз ашық болсын.

-Күніміз жарқын болсын.

-Еліміз тыныш болсын.

-Ауырмайық , денсаулық болсын.

-Нанымыз көп болсын.

-Ата- анамыз аман болсын.

-Бейбітшілік болсын.

-Балабақша гүлдене берсін!

-Апайлар аман болсын.

Тәрбиеші:

-Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?

Балалар:

-Жылулықты, мейірімділікті, достықты.

Тәрбиеші:

-Жақсы  балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық. Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар:

-Көктем  мезгілі

Тәрбиеші: Көктемнің  қай айы?

Балалар:

-Мамыр  айы

Тәрбиеші:

-Балалар көктем  мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар:

-Көктем мезгілінде күн жылына бастайды, кейде жаңбыр жауады, құстар ұшып келе бастайды, адамдар жеңіл киіне бастайды. Ағаштар бүршік жарады, қырда малдар төлдейді, қызғалдақтар гүлдейді.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар балалар, олай болса көктем туралы  кім тақпақ  айтып береді, кім көктем туралы тақпақ біледі?

1-ші бала

Көктем қандай көңілді.

Көктен жаңбыр төгілді,

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.

2-бала

Көктем, көктем көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз!

Тәрбиеші:

-Жарайсыздар балалар. Енді «Қай сан жоқ?» дидактикалық ойынын ойнап жіберейік.

Ойынның тәртібі: Тақтаға 1 ден 5-ке дейінгі сандар ілінеді, балалар көздерін жұмады. 1,2,3, дегенде көздерін ашып , қай санның жоқ екенін тауып айтады.

(Осы кезде есік қағылады)

Тәрбиеші:

-Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?

(Ішке Буратино келіп кіреді)

Буратино:

-Саламатсыздар ма балалар?

Балалар:

-Саламатсыз ба Буратино?

-Буратино:

-Балалар осы жер «Ғажайып білім әлемі ме?»

Тәрбиеші:

-Жоқ Буратино, бұл жер балабақша.

Буратино:

-Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым, кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне» қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?

Тәрбиеші:

-Еш уайымдама,  Буратино қане балалар Буратиноға көмектесеміз бе?

Балалар:

-Иә, көмектесеміз.

Тәрбиеші:

-Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне» бізде саяхатқа шығып қайтайық. Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір- бірімізді сыйлап , тыңдауымыз керек. Балалар қане енді паровозға мініп, жолға шығайық.

(Балалар бір-бірінің белдерінен ұстап шеңбер бойымен жүреді)

Тәрбиеші:

-Балалар міне біз 1-ші аялдамаға да келіп қалыппыз. Бұл бірінші аялдама: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» аялдамасы екен. Бірінші аялдама бізге қандай тапсырмалар әзірлеп қойды екен тыңдап көрелік.

(Слайд арқылы тапсырма оқылады)

-1 ден 5-ке, дейін тура және кері санап беріңіздер.

-Геометриялық пішіндерді ажыратып, түстерін ата. (геометриялық пішіндер көрсетіледі)

(Балалар тапсырмаларды орындайды, ары қарай шеңбер бойымен қозғалады)

2-ші аялдамаға тоқтайды. 

Тәрбиеші: Бұл аялдама «Жұмбақтар» аялдамасы екен, тыңдап көрелік .

(Слайд арқылы жұмбақтар оқылады)

1-ші жұмбақ.

Қар мұз еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып,

Гүл бәйшешек басады.

Балалар:

-Көктемде.

2-ші жұмбақ.

Таңмен көзін ашады.

Әлемге нұрын шашады.

Балалар: 

-Күн.

3-ші жұмбақ:

Тырс- тырс тамады.

Сайға қарай ағады.  

Балалар:      

-Жаңбыр.

Тәрбиеші:

-Балалар біз жол жүріп шаршаған шығармыз, ендеше бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Орнымызда тұрамыз,

Дөңгелекті құрамыз.

Қолымызбен шапалақтап,

Аяқпенен ұрамыз.

(Балалар ары қарай шеңбер бойымен жүреді)

3-ші аялдамаға тоқтайды.

Тәрбиеші:

Бұл аялдама «Бау- бақша» аялдамасы екен.

(Слайд арқылы тапсырма оқылады)

-Балалар жемістер мен көкөністерді ажыратыңдар өз орындарына орналастырыңыздар.

Тәрбиеші:

-Қане ол үшін балалар бақшаға барайық. Ой, балалар алдымызда көлшік жатыр ғой, (жерде қатты қағаздардан арнайы жасалған көлшіктер) одан қалай өтеміз? Аяғымызды ластамай, батпаққа батпай,көлшіктен ақырындап, абайлап  өту үшін не керек?

Балалар:

-Көпір керек.

Тәрбиеші:

-Балалар мына жерде арнайы көпір бар екен, енді осы көпір арқылы бақшаға өтейік. Міне балалар бау- бақшаға да келіп қалдық. Балалар жемістерді талға іледі, көкөністерді арнайы топырақ салынған астауларға отырғызады.

Тәрбиеші:

-Міне бұл тапсырманыда дұрыс орындап шықтыңыздар, сапарымызды ары қарай жалғастырайық.

(Балалар ары қарай шеңбер бойымен жүреді)

4-ші аялдамаға жетеді.

Тәрбиеші:

Бұл аялдама «Мақал-мәтел» аялдамасы екен.

(Слайд арқылы тапсырма беріледі)

-Мен мақалды оқимын сіздер әрі қарай, мақалдарды толықтырыңыздар.

1-ші мақал:

-Аққуды атпа...

Балалар:

-Досыңды сатпа.

2-ші мақал:

Жүз теңгең болғанша...

Балалар:

Жүз досың болсын.

3-ші мақал:

Ағаш тамырымен мықты...

Балалар:

Адам бауырымен мықты.

Тәрбиеші:

-Бұл тапсырманы да жақсы орындап шықтыңыздар, сапарымызды ары қарай жалғастырайық.

(Балалар ары қарай шеңбер бойымен жүреді)

5-ші аялдамаға жетеді. 

Тәрбиеші:

-Бесінші аялдама бізге қандай тапсырмалар әзірлеп қойды екен тыңдап көрелік.

(Слайд арқылы тапсырма оқылады)

-Ендігі орындайтын тапсырмаларыңыз «Кім кілтті бірінші болып құрастырып жапсырады?» Сіздерге үстел үстіне кілттің қиындыларын тастап кеттім топтпрыңызға оралып тапсырманы орындаңыздар.

(Балалар бір-бірінің белдерінен ұстап шеңбер бойымен «Қошақаным қайда екен»-әнін шырқап топқа оралады)

(Балалар орындарына жайғасады)

Тәрбиеші:

-Міне «Ғажайып білім әлеміне»- барып тапсырмаларды мүдірмей орындап шықтыңыздар, енді алдарыңыздағы ақ параққа кілтті дұырыс орналастырып жапсыру арқылы соңғы тапсырманы орындайық. Бұл Буратиноның іздеген кілті болу керек.

(Балалар жапсыру жұмысына кіріседі)

Буратино:

-Алақай, алақай менің кілтім табылды. (Жұмысын бірінші аяқтаған баладан кілтті алады) Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер,  көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Балдырған» бөбекжайында тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын.

Балалар:

-Хош сау болыңыз.

(Балалар жұмыстарын аяқтайды)

Тәрбиеші:

-Міне балалар бүгін сіздер үлкен қайырымды іс қылдыңыздар. Сіздерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз ұнады ма? Сіздерге саяхат ұнады ма?

Балалар:

Бізге «Ғажайып білім әлеміне» барғанымыз ұнады.

Тәрбиеші:

-Балалар дұрыс айтасыздар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады.

Балалар:

-Бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындағанымыз ұнады.

-Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Тәрбиеші:

-Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір-біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқтай отырып қонақтар мен қоштасайық.

Балалар:

Қол ұстасып тұрайық.

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы.

Сау- саламат болайық.

-Сау болыңыздар!





























Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.



«Бекітемін»

35 «Балдырған» бөбекжай директоры

_____________М.М. Кабдрахманова

« » 2019жыл






«Ғажайып білім әлемі»

/ есеп беру ұйымдастырылған оқу қызметі/



Дайындаған: №5 ортаңғы топ тәрбиешісі

Аймакова М.К

Өткізген: №5 ортаңғы топ тәрбиешісі

Аймакова М.К



















Ақтау қаласы

2018-2019 оқу жылы








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!