400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғажайып білім әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне және балаларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ғажайып білім әлемі»

Мақсаты: Жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша білім деңгейінің нәтижесін көрсету. Балалардың тілін, сөздік қорын, ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Сұраққа жауап беруге, 3-ке дейін санау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. Балалардың білімге деген қызығушылығын, бірлікке, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Слайд, суреттер, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар.

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң!

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шасылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Ал, қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

  • Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті.

Қонактармен амандасайық.

  • Балалар амандасады.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі

  • Көктем

  • Көктем мезгілінде неше ай бар?

  • 3 ай

  • Қандай айлар?

  • Наурыз, сәуір, мамыр

  • Қандай өзгерістер болады?

  • Күн жылынады, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады. Шөптер, гүлдер өседі. Адамдар жылы киінеді.

  • Жарайсыңдар балалар, олай болса көктем мезгілі туралы тақпақ айтып берейік.

  1. Көктем, көктем, көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз.

  1. Көктем қандай көңілді

Көктен жаңбыр төгілді

Мөлдір аспан ашылып

Күннің көзі көрінді.

  • Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты. – Кім екен бұл?

  • Білім ханшайымы келеді.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендердің бір жыл бойы оқыған білімдеріңді тексеруге келдім. Менің қолымда бейнетаспа бар, сол бейнетаспаның ішінде сендерге арналған тапсырмаларым бар. Сендер тапсырманы орындауға дайынсыңдарма?

  • Иә

  • Бейнетаспа қосылады. (слайд)

  • Балалар білім ханшайымының тапсырмасын орындау үшін, геометриялық пішіндерді таңдауымыз керек.

  • Бірінші қай пішінді таңдаймыз?

  • Дөңгелек

  • Дөңгелек пішіннің ішіндегі тапсырма:

1 ден 3 ке дейін тура және кері санау.

Геометриялық пішіндерді атау.

Д/О: «Құстарға ұя жасайық»

  • Төртбұрыш пішіннің ішіндегі тапсырма:

Қай ертегінің кейіпкері? «Бауырсақ», «Шалқан», «Үш аю», «Түлкі мен тырна», «Қызыл телпек».

Сергіту сәті: (видео)

  • Үшбұрыш пішіннің ішіндегі тапсырма:

Ойын: «Көкөністер мен жемістер»

Көкөністерге нелер жатады?

Олар қайда өседі?

Жемістерге нелер жатады?

Олар қайда өседі?

  • Сопақша пішіннің ішіндегі ішіндегі тапсырма:

-үй жануарларын төлдерімен бірге ата?

- Білім ханшайымы

- Жарайсыңдар балалар, менің алып келген тапсырмаларымды толықтай орындап шықтыңдар. Өте білімді, ақылды балалар екенсіңдер. Енді менің сендермен қоштасатын уақытым жетті. Мені басқа балалар күтіп қалған болар. Сау болыңдар

Қорытынды:

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

  • Бізге қонаққа кім келді?

  • Қандай тапсырмалар орындадық?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
1042
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі