жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғажайып биология (сыныптан тыс жұмыс)
Тақырыбы: Ғажайып биология
Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге,
- биология пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру,оқушылар арасында бәсекелестікті дамыту.
- Дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға, еңбекке баулуға, жауапкершілікке және мақсатына жете білуге тәрбиелеу.
Құрметті
ұстаздар мен оқушылар! «Ғажайып
биология» атты
интелектуалды сайысына қош
келдіңіздер.
Сайысқа қатысушы
оқушылармыз 8 сынып оқушылары.Сайысымыз
мына кезеңдерден тұрады.
САЙЫС
КЕЗЕҢДЕРІ:
1.
" Қызықты сұрақтар " кезеңі
2. "Терминдер
әлемі" кезеңі
3."Полиглот
-тіл өнері" кезеңі
4. "Ойлан
тап " кезеңі
5.
" Анықтама
бюросы
" кезеңі
6. "Жорға"
кезеңі
7. "Сенесің бе, сенбейсің бе?" кезеңі
Білімнің ұшқырлығын танытатын ,
Топтағы сайыскерлер жаңылмағын .
Уақыт деген зымырап өтіп кетер,
Асып , тасып, асықпа , қалыспағын.
-Әрбір топ өздерін таныстырып өтеді.
Құрметті сайыскерлер! Өз топтарыңызды таныстырып өтсеңіздер!
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау
Сәт сапар тілеп бәріңізге
Сайысты біз басталық
Көрсетіп білімдерді
Қалмаңыздар жасқанып, деп
Құрметті сайыскерлер енді ұшқыр ой, көп ақыл, терең біліммен биология пәнінен алған білімдеріңіздің асқақтығын көрсетіңіздер.
І кезең «Қызықты сұрақтар»
-Бұл кезеңде топтарға бірдей сұрақ қойылады , әр бір сұраққа 1 ұпайдан беріледі.
1.Ең ірі жемісті атаңыз (Асқабақ)
2.Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік (Кактус)
3.Жемісі парашютке ұқсас өсімдік (Бақбақ)
4.Діні ең жуан ағаш (Баобаб)
5.Ең алып құс. (Түйеқұс)
6.Ең кіші құс (Колибри)
7.Қағаз қандай өсімдіктен жасайды? (Шырша)
8.Ағаштың жасын қалай анықтауға болады? (Жылдық сақина)
9.Жыртқыш өсімдік (Шыбынжұт)
10.Ең тез өсетін өсімдік. (Бамбук)
11.Африка түйеқұсының саусағы: (Екеу)
12.Қай құс қыс бойы басын төмен салып ұйықтайды? (Жарқанат)
13.Тамағын бір сағаттан кейін келіп жейтін жәндік? (Өрмекші)
14. Қай құста мүлде ұя болмайды.(Көкек)
15.Дүниедегі мойны ұзын жануар (Керік)
16.Дүниедегі ең ұзын жылан (Анаконда)
2 кезең «Терминдер әлемі»
Әр
бір сұрақтың жауабына 1 ұпайдан беріледі.
1.
Микробиология-ұсақ ағзалар
2.
Ихтиология-балықтар
3.
Микология-саңырауқұлақтар
4.
Бриология-балықтар
6.
Герпетология-жорғалаушылыр
7. Орнитология-құстарды
8.
Ботаника-өсімдіктер
9.
Биология-тірі ағзалар
10.Маммалогия-сүтқоректілерді
зерттейтін ғылым.
11.
Экология-қоршаған
ортамен қарым қатынасты
12.
Гельминтология-құрттарды
13.Цитология-жасушаларды
14.Зоология-жануарларды
15.Анатомия-мүшелердің құрылысын
16.Вирусалогия-вирустарды
3."Полиглот" кезеңі
Ұлылардың үрпағымыз кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.
«Тіл өнері» сайысына қатысып
Жұмбақтарды үш тілде кім шешеді?
Бір тілді білген адамның екі жаны, үш тілді білген адамның үш жаны бар. Ана тілің – арың бұл демекші, біз жұмбақ жасырамыз, мақал – мәтел айтамыз, оның жауабын үш тілде кім айтса – 3 ұпай, екі тілде – 2 ұпай беріледі, бір тілде айтса 1 ұпай беріледі.
1. Мектеп кеме, білім....(теңіз, море, sea)
2. Адам көркі шүберек, ағаш көркі...(жапырақ, лист, foliage)
3. Жалғыз кірпіш қорған болмас,
Жалғыз ағаш ...... болмас (орман, лес,forest)
4. Қыз өссе елдің көркі...... өссе жердің көркі (гүл, цветок, flower)
5. Мақтаның анасы жер,
Атасы -...... (су, вода, water)
6. Құйрығы оң қарыс
Бұл айбатты... (жолбарыс, тигр,liger)
7. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы .......(арыстан, лев,Lion)
8. Денсаулық үшін ең қажетті өмір өзегі (ауа, воздух, аir)
9.Үй ішінде 32 батыр, кіргендерді отап, турап жатыр (тіс , зубы, teeth)
10.Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады. Тоқылдақ-Дятел-woodpecker
11.Мойны сұрақ белгісі
Бұл қандай көл құсы Аққу-Лебедь-swan
12.Бұйра тұлымы желмен ойнайды
Қызыл мұрыны жерге бойлайды. Сәбіз-Морковь-carrot
13.Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұлақтары бес-бестен. (қол,рука,hand)
14.Шелектеп құйсаң да,су жұқпас. (үйрек,утка,duck)
15.Таңертең тұр-тұрлайды,
Кешке жат деп жыр-жырлайды (қораз,петух,cock)
16.Жау келсе,қатты сасады,
Құйрығын тастап қашады (кесіртке,ящерица,lizard)
3. «Ойлан тап » кезеңі
Әрбір
құрастырған мақал-мәтелге 5 ұпай
беріледі.
Бұл
кезеңде интерактивті тақтада берілген
суреттерге байланысты мақал –мәтел
құрастыру (Қасқыр,ит,жылқы,түйе,тышқан
т.б аңдар,төрт түлік малдар суреттері
)
4. «Анықтама бюросы» кезеңі
-Берілген сұрақтарға анықтамасын жазу 1 ұпайдан беріледі.
1.Жылқы төлі-құлын
2.Аққу төлі – көгілдір
3.Қасқыр төлі-бөлтірік
4.Қоян төлі-қонжық
5.Қой төлі – қозы
6.Киік төлі-құралай
7.Ешкі төлі - лақ
8.Аюдың баласы -қонжық
5. «Жорға» кезеңі
Әр топқа 5 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан есептеліп отырады.
1-топ
1.Өсімдіктерді зерттейтін ғылым?(Ботаника)
2.Жасушаны ашқан ғалым?(Роберт Гук).
3.Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар? (Әкелі- балалы Янсендер).
4.Тек өсімдік жасушасына тән денешік(Пластид)
5.Қазақстанда қанша қорық бар.(10)
2-топ
1.Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым?(Зоология).
2.Жасыл эвглена ненің көмегімен қозғалады(Талшық)
3.Кесіртгенің құйрығын тастап қашуын не деп аталады? (Регенерация)
4.Пластидтің қандай түрлері бар(Хлоропласт, хромопласт,лейкопласт)
5.Нейрон деген не? (Жүйке жасушасы)
3 топ
1.Иммунитет деген не? (Ағзаның ауру қабылдамайтын қасиеті)
2.Қазақстанда тұңғыш Қызыл кітабы қашан шықты(1978ж)
3.Гүлдің негізгі бөлімдері (күлте,тостағанша,аталық,аналық,гүл сағағы, гүл табаны)
4.Бүйректердің салмағы неше? (150-160гр)
5.Қосарланып ұрықтануды ашқан ғалым(С.Г.Навашин)
4 топ
1.Өрмекшінің неше аяғы бар (8)
2.Адамда неше қан топтары бар? (4 саны)
3.Мойны ұзын жануар (керік)
4.Амеба ненің көмегімен қозғалады (жалғанаяқтар)
5. Балықтартың тыныс алу мүшесі қалай аталады (желбезек)
6. «Сенесіз
бе, сенбейсіз бе?» кезеңінде
әр топқа 2 сұрақ оқылады. Сайыскерлер
оқылған сұраққа Сенемін
немесе Сенбеймін
деп
жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай
беріледі.
1.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе саңырауқұлақты
зерттейтін ғылымды микология деп
атайды.
2.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе Қазақстанда
12 қорық бар
3.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе органикалық
заттар адамға энергия береді
4.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында
пластидтер кездеседі.
5.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе адамда 5 литр
қан болады.
6.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе тонометр мен
қан қысымын өлшейді
7.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе адамда 300 астам
қаңқа бар
8.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе адамда тері де
5% тыныс алуға қатысады
9.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе адам бүйректің
салмағы 150, жүректікі 250 - 300 г.
10.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе құмырсқаның 4
жұп аяғы бар
11.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе картоптың отаны
Қазақстан.
12.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе жасушада ядро
болмайды
13.Тамыр топырақтан органикалық заттарды сорып,жерүсті мүшелеріне өткізеді.
14.Камбий жасушалары дамылғысыз бөлінеді.
15.Фотосинтез-күн сәулесінен өсімдіктің органикалық заттарды түзу үдерісі.
16.Кіттер
балықтар класына жатады.
Сөздің
кезегін әділ - қазыларға береміз.
Сонымен
бүгінгі «Ғажайып
биология» атты сайысымыз өз
мәресіне жетті. Енді кезек марапаттау
кезеңіне өтейік.
Алда
әлі де биік – биік асулардан көріне
беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош
сау болыңыздар!
«Ең
білімді
биолог!»
(зияткерлік сайысы)
Жүргізуші мұғалім: Армысыздар, құрметті
ұстаздар мен оқушылар және ойынға
қатысушы сайыскерлер!«Тәуелсіз ел
тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді
жығады, білімді мыңды жығады» – деп
халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі
біздің мектебімізде 6 және 7 сынып
оқушылары арасында өткелі отырған «Ең
білімді биолог!» зияткерлік сайысына
қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан
танылады,
Қатты білім, терең ой
саналады.
Баға берер әділқазы
ортамызда
Сіздерге құрметпен қол
соғылады.
Қазылар орнықтырар
әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл
шықты,
Білім мен тапқырлардың
сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз
мықты.
(Әділқазылар
мүшесімен таныстыру)
1.
2.
3.
Жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп
жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар
ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие
- тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың
бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,-
дегендей ой мен білім жарысына қош
келдіңіздер!
Сайыскерлермен
таныс болыңдар.
1– ойыншы Ақбөбек–
өскенде атақты журналист болып, халқына
адал қызмет етпекші.
2
– ойыншы Іңкәр – болашақта мұғалім
болуды армандайды және ол арманына жету
үшін бар күш жігерін аямайды.
3 –
ойыншы Құралай— өскенде халқына адал
қызмет етіп Қазақстан және Голливуд
актрисасы болуды армандайды.
4 –
ойыншы Ақерке—болашақта даңқты
сәулетші боламын деген ойы бар.
Таныстыру
– әр сайыскер өзін таныстырып
кетеді.
Жүргізуші: Енді
сайысымызды бастаймыз. Бұл сайыста
биология ғылымы бойынша 5 котегория
берілген:
1. Ғылым
2.Жасуша
3. Ұлпа
4. Өсімдік
5.
Жануар
Жүргізуші:
Білім
деген биік шың,
Бақытқа сені
жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан
өткізер –
деп білімді сарапқа салар
сәтті бастайық
Шарты:
Мұнда сайыскерлер жетон
таңдап, рет кезектерін анықтайды. Ортақ
мектеп бағдарламасынан сұрақтар
беріледі, яғни сайыскер өзі таңдаған
ұяшықтағы сұраққа жауап беріп, сол
сұрақта көрсетілген ұпады алады. Әр
котегориядағы сұрақтар жеңіл және
қиындығына қарай ұпайлар көрсетілген.
Егер де сайыскер сұраққа дұрыс жауап
бере алмаса, карточканы бірінші болып
көтерген сайыскер жауап береді. Әр
ойыншының қолыңда карточка.
1. Ғылым (10) Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым? (Цитология)
1. Ғылым (20) Ұлпаны зерттейтін ғылым? (Гистология)
1. Ғылым (30)Балдырларды зерттейтін ғылым? (Альгология)
1. Ғылым (40)Паразит құрттарды зерттейтін ғылым? (Гельминтология)
1.
Ғылым (50) Өрмекшілерді зерттейтін ғылым?
(Арахнология)
2.Жасуша (10) Жұмыртқаның
ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді
созылмалы қоймалжың зат. (Цитоплазма)
2.Жасуша (20) Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер. (Пластидтер)
2.Жасуша (30) Цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар іші шырынға толы болатын бөлігі. (Вакуоль)
2.Жасуша (40) 1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қарап, ондағы майда ұяшықтарды жасуша деп атаған ағылшын ғалымы. (Роберт Гук)
2.Жасуша (50) Жасуша қабықшасы неден тұрады? (Жасунық (целлюлоза))
3. Ұлпа (10) Өсімдіктерде қанша ұлпа түрлері бар? (6 (алты))
3. Ұлпа (20)Жануарларда қанша ұлпа түрлері бар? (4 (төрт))
3. Ұлпа (30) Сабақтың, тамырдың ең ұшында орналасқан ұлпа. (Түзуші)
3. Ұлпа (40)Жасуша пішіндері әр түрлі, қабықшасы жұқа, біртіндеп қалыңдайды, сүтті шырын, эфир майын, шірне бөледі. (Бөліп шығарушы)
3. Ұлпа (50)Сүйекті, шеміршекті, майды, сіңірді, қан, ұлпа сұйықтығын түзейтін ұлпа. (Дәнекер)
4. Өсімдік (10) Өсімдіктің өсімді мүшелері. (Жапырақ, сабақ, тамыр.)
4. Өсімдік (20) Түрі өзгерген жерасты өркен. (Тамырсабақ)
4. Өсімдік (30) Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөлімінде орналасқан жасушалар. (Борпылдақ, бағаналы)
4. Өсімдік (40) Фотосинтез процесін ашқан кім? (Климент Аркадьевич Тимирязев)
4. Өсімдік (50) Қырықжапырақтың жынысты көбею кезіндегі өскіншенің астыңғы бетінде жетілетін аталық және аналық жыныс жасушаларын ата. (Антеридий, архегоний)
5. Жануар (10) Жануарлар қандай заттармен қоректенеді? (Дайын ағзалық заттармен)
5.
Жануар (20) Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт
айламен,ұстайды. (Балық)
5.
Жануар (30) Санай алмай шаршадым
–
Найзасы бар қанша мың.
Батыр
емес бірақ та,
Қашып жүрер жыраққа.
(Кірпі)
5. Жануар (40) Тілін өз денесінің тең жартысына тең қашықтыққа лақтыра алады, сонымен қатар, оның көздері бір-біріне тәуелсіз айнала алады, бір мезгілде басын қимылдатпай барлық бағытқа қарай бұра алатын жануар.
(Хамелеон)
5. Жануар (50) Бұл жануарларды қытайда ас даярлау үшін, Үндістанда – терісі үшін, ал Бирмада – у-ға қарсы дәрі даярлау үшін аулайды.
(Жылан)
Әділқазылар
есептеп жеңімпаз ойыншыны атайды. Оларға
өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз.
Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде
жеңілмеңдер.
Автор |
|
Дата добавления |
09.03.2015 |
Раздел |
Биология |
Подраздел |
Презентации |
Просмотров |
1738 |
Номер материала |
|
ӘЛЕМДІ БИОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ТАНЫ.
ADMIN · МАР 3RD, 2016 · 0 COMMENT
Керейт ауылы
О.Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Әлемді биология арқылы таны
Сабақтың мақсаты:Білімділік–Биологиядан алған білім деңгейлерін анықтау, биология пәніне қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық- Топпен жұмыс жасауға белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік – Қоршаған ортаны қорғауға үйрету, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Түрі: сыныптан тыс іс –шара
Әдіс – тәсілі: жарыс, ойын, логикалық сұрақтар, шығармашылық тапсырмалар
Сайыс сабақ жоспары:
1.Топтардың өзін таныстыруы.
«Сандықшада не бар?»
“Биологиялық лабиринт ”
“Қызықты сандар ”
5.” Зерттеушілік жоба “
“Ең , ең, ең …”
“Тұлғаны таны. ”
8.Логикалық есептер.
Қорытынды.Марапаттау
Көңілді тапқыштар ,білімділер ,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім біледі,көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Деп білімдік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:
І-топ «Бірлік» Ұраны: Бірлік тобы алға,
Биіктерге самға.
Достығымыз барда,
Жүреміз тек алда.
ІІ-топ «Жас қыран» Ұраны: Біз «Жас қыран» оқтай,
Жарқыраймыз шоқтай.
Ілім-білім жолында,
Атқылаймыз оқтай.
Тапқыр,білгір ,дарынды
Жарыс бар бүгін арыды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды-деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып,сайысымыздың алғашқы кезеңін бастасақ.
«Сандықшада не бар? » кезеңінде топ мүшелері сандықшада жасырынған мүшені анықтайды.
«Биологиялық лабиринт»
1-топ
1.Ашытқы саңырауқұлағының ғылыми аты.
Қантты
2.Қандай құс ұя салмайды.
Көкек
3.Бүйректе түзілетін сұйық зат.
Зәр
4.Организмнің жеке дамуы .
Онтогенез
«Өсімдік пионері» деп қай өсімдікті атайды
Қына
6.Кеңірдектің ұзындығы
9-13см
Қай құста мүлде ұя болмайды.
Көкек
Инфекциялық жұқпалы ауру. Бұл ауруды халық арасында құрт ауруы деп атайды. Бұл тек жұқпалы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік ауруға жатады. Науқас адам, ауру жануарлардың сүтін, етін жегенде, ауа арқылы да жұғады. Бұл ауру қалай аталады?
туберкулез
ІІ-топ
1.Көзге көрінбейтін ұсақ ағза.
Бактерия
2.Екі ағзаның селбесуінен пайда болған ағза.
Қына
3.Дәрі-дәрмек алынатын зең саңырауқұлағы.
Пенцилл
4.Ауру туғызатын бактериялармен жаппай ауру .
Індет
5.Жасуша ішінде тіршілік ететін паразит.
Вирус
Француз ханшасы қандай өсімдікпен өзін әшекейлеген ?
Картоп гүлі
Диірмен тасын теуп сындырыпты дейтін аңызда айтылатын құс?
Ителгі
Ертедегі қазақтардың тамағы ет пен нан болған, сонда да, жаппай авитаминоз ауруына шалдықпаған. Мұның себебі неде?
ауа, су, топырақ, өсімдік таза болған
«Қызықты сандар» Бұл тур кезеңінде бойынша ұпай санын (10,15,20) таңдау арқылы сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.
«Зерттеушілік жоба»
Бұл кезеңде әр топқа тақырыптар берілді, сол берілген тақырып бойынша слайд дайындап, қорғау.Дәрілік өсімдіктер:
І-топ Алоэ
ІІ-топ Адыраспан
«Ең,ең,ең…» қызықты мағлұматтар жинағы.
«Логикалық есептер» биология пәніне байланысты есептер.
«Тұлғаны
таны.» биологияға
еңбегі сінген ғалымдарды
тану
Қорытындылау.
Тақырыбы: Биология әлемінде
Мақсаты: Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін байқау, пәнге деген қызығушылығын артырып, оларды ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Сайыс жоспары:
І «Қызықты сұрақтар»
ІІ «Нақты сандар»
ІІІ «Анықтама бюросы»
ІV «Ерекше құбылыс»
V «Не жетпейді?»
VІ «Шатасып қалма» ойыны
VІІ Терминдер
І кезең «Қызықты сұрақтар»
Ең ірі жемісті атаңыз (асқабақ)
Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік (кактус)
Жемісі парашютке ұқсас өсімдік (бақбақ)
Діні ең жуан ағаш (баобаб)
Ең алып құс. (Түйеқұс)
6.Ең биік ағаш (Пальма)
Қағаз қандай өсімдіктен жасайды? (шырша, көктерек)
Ағаштың жасын қалай анықтауға болады? (жылдық сақина)
Жыртқыш өсімдік (шыбынжұт)
Ең тез өсетін өсімдік. (Бамбук)
ІІ кезең «Нақты сандар»
Бунақденелілер – 700 000
Балықтар – 20 000
Алқа тұқымдасы- 2 900
Жабық тұқымды өсімдіктер 250 000
Астық тұқымдасы – 10 000
Құстар – 8 600
Сүтқоректілер – 5 000
ІІІ кезең «Анықтама бюросы»
Мысықтың төлін – марғау
Аққу төлі – көгілдір
Арыстан төлі – абадан
Түйе төлі – бота
Жолбарыс төлі – шөнжік
Қаз төлі – мамыр
Қой төлі – қозы
Түлкі төлі – түлкішек, мыршай
Сиыр төлі – бұзау
Ешкі төлі - лақ
ІV кезең «Ерекше құбылыс» Үйге зерттеу жұмыс берілген.
V кезең «Не жетпейді?»
Микроскоп бөлімі:
Бұрандалар, тұтқа, табан, айна, заттық үстелше, окуляр, көру түтігі (объектив)
Тамыр бөлімдері:
өткізу бөлімі, сору бөлімі, өсу бөлімі, тамыр оймақшасы (бөліну аймағы)
VІ кезең «Шатасып қалма» ойыны
Пингвин
Түйеқұс
Кенгуру
Баобаб ағашы
Грейг қызғалдағы
Цеце масасы
VІІ кезең Терминдер
Цитология - жасуша 4. Физиология - мүшелерді
Бриология - мүк 5. Арахнология- өрмекшілерді
Микология - саңырауқұлақтар 6. Гельминтология- паразит құрттар
Орнитология - құстар
Ихтиология - балықтар
Маммалогия – сүтқоректілерді
Ботаника - өсімдіктерді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген