400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ғажайып ертегі әлемі»(Ашық оқу қызметі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1. Балалардың білім деңгейін, дүние танымын тереңдету, ой-қиялын өсіру. Сандарды санау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. 2. Сөздік қорын молайту, тақпақтар арқылы тілдерін дамыту.Ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. 3. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру салалары:
«Таным», «Қатынас». Шығармашылық
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері: Математика негіздері.Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Ғажайып ертегі әлемі»(Ашық оқу қызметі)
Мақсаты:

1.  Балалардың білім деңгейін, дүние танымын тереңдету, ой-қиялын өсіру. Сандарды санау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту.

2. Сөздік қорын молайту, тақпақтар арқылы тілдерін дамыту.Ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.

3. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.

Көрнекі құралдар: Қызыл телпек, 1-ден-10-ға дейін саңырауқұлақтар, жұмбақтар, геометриялық пішіндер,тақпақтар,тұз, бояулар,слайд бойынша тапсырмалар.

Таңғы шеңбер:

Армысың алтын күн,
Армысың көк аспан,
Армысың көк аспан,

Армысын достарым.
Жылуыма жылу қос,
Болайықшы жақсы дос.
Балалар біздерге көптеген қонақтар келіп қалыпты. Амандасып алайық.

Тәрбиеші:  Жарайсындар балалар .Олай болса бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Ғажайып ертегі әлемі»туралы болмақ. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?(Күз мезгілі)

Тәрбиеші: Күз мезгілінде неше ай бар.Күз мезгілінде қандай айлар жатады,казыр күз мезгілінің қай айы?

Балалар: Қараша айы

Тәрбиеші: Балалар күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: Күз мезгілінде күн суытады. Жаңбыр жауады. Жапырақтар сарғайып, жерге үзіліп түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Күз мезгілі туралы тақпақтар білесіндер ма?(Ия)

Тәрбиеші:Балалар сендер ертегілерды жақсы көресіндер ма,олай болса мына тақтаға қарандар .Біз бүгін «Бұл қай ертегі кейіпкері» ойының ойнайық.

(Балалар қызыға жауап) беріп ойнайды.

Тәрбиеші: Тамаша! Рахмет балалар, енді ертегі еліне саяхатқа барамыз ба?(Ия)

Кәне балалар олай болса әуенмен барлығымыз орманға саяхатқа барайық.

Тәрбиеші:Балалар міне біз орманға да келіп жеттік.Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын,сендер шешуін табыңдар.
«Мен кішкентай қызбын, бәрі жақсы көретін,әжеме барамын, бәліш апарамын»

Бұл қандай ертегі үзіндісі? (Қызыл телпекті қыз)
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар,қарандар бұл кім екен орманда жүрген.(Қызылтелпек қыз)

Қызылтелпекті қыз саламатсын ба сен орманда әндетіп қайда бара жатырсын?


Қызылтелпек қыз: Саламатсыңдарма балалар. Мен әжеме қонаққа барамын.

Тәрбиеші: Қызылтелпекті қыз бізде сенімен бірге әжейге қонаққа барсақ болады ма?

Қызыл телпекті қыз: Әрине болады.Олай болса менің анам тапсырмалар беріп еді.Біз сол тапсырмаларды орындап барайық.

Бірінші тапсырма: «Жұмбақтар» 

1.Бой жаза алмай, ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Күз)

2.Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

3.Тырс-тырс тамады

Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)

Қызыл телпекті қыз: Рахмет, достарым.

Енді сендермен бірге әжеме қонаққа барайық,жолай сендермен пішіндерді өз тетігіне орналастыр ойының ойнаймыз.

2-ші-тапсырма Д/О: «Пішіндерді орналастыр»

Тәрбиеші: Балалар мына геометриялық пішіндер арқылы жүріп,қолдарымыздағы пішіндерді өз тетіктеріне,түстеріне қарай орналастырайық.

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар.Балалар, орманда көкжал қасқыр бар, ол

Қызылтелпекті қызды ренжітуі мүмкін,сақ жүрейік,бір бірімізден ұзамай жүрейік.
Қызылтелпекті қыз:Балалар қарандаршы қандай әдемі саңырауқұлақтар,кәне балалар осы санырауқұлақтарды кім тура және кері санап береді?

(Б/лар 1 ден-10-ға дейін тура және кері санайды)

Осы уақытта алдарынан көкжал қасқыр шыға келеді.

Қасқыр: Аррр-аррр Қызылтелпек сені кездестіргенім сондай жақсы болды,менің қарным ашты,сені жеймін,-деп бас салады.

Тәрбиеші: Жоқ қасқыр мырза, сен Қызылтелпекті жеме саған менің балаларым аңдар туралы тақпақтар айтып береді. Балаларымның өнерін тамашала.

Қасқыр: Жарайды,ал тыңдайын.

Балалардың тақпағы:

1.Ақ қоян-ау,ақ қоян,

Ұзын құлақ сақ қоян,

Қаша берсең орманға

«Қорқағым» деп ат қоям.

2.Түлкі,түлкі құтыңдайсың,

Айналаңнан тың тыңдайсың.

Қанша қулығыңды асырсаңда,

Қасқырдан сен құтылмайсын.

3.Қасқыр жортар түнменен

Күндес болып күнменен.

Қасқыр жортар сайменен,

Араз болып Айменен.

Қасқыр жортар ойменен,

«Жолықсам,- деп – қойменен.»

4.Зайчик по лесу приг-скок

Спрятался он за кусток

Сидит зайка под кустом

Куст для зайца-это дом


Қасқыр: Жарайсындар балалар,қандай ақылдысындар.Балалар мен сендермен ойын ойнағым келеді,ойыным «Қай жануар қайда тұрады» соны тауып,орналастырып беріндер.

Ойын: «Қай жануар қайда мекендейді»

Қасқыр: Ой рахмет,балалар шеттеріңнен ақылды екенсіңдер,жарайды мен қызыл телпекті жемеймін,сендер мен бірге саяхаттайыншы?

Тәрбиеші: Жарайды қасқыр жүр ендеше. Барлығымыз бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Солқолымда бес саусақ,

Беске бесті қосайық,

Болып шықты он саусақ.
Қызылтелпекті қыз: Міне әжемнің үйіне де келіп жеттік. Үй алдынан әжесі күтіп алады. Балалармен амандасады.
Қызылтелпекті: Саламатсыз ба әжетай мына балалар балабақшадан біздің орманға саяхаттап келіпті.Бұл балаларға мен әр түрлі тапсырмалар айттым,олар еш мүдірместен орындап берді. Шеттерінен ақылды,білімді балалар екен.Қасқырдан да мені жемеуін өтініп,қасқыр мырзаға арнап тақпақтар да айтып беріп,тапсырмаларын орындады.Осы балаларға сенің әзірлеген тәтті бәліштеріңді үлестіріп берші.

Әже: Алтындарым ау,рахмет сендерге,сендер шеттеріңнен ақылды балалар екенсіңдер,менің немере қызыма көп көмектесіпсіңдер.Сендерге сондай ризамын,мына тәтті бәліштерді сендерге үлестіріп бермес бүрын,мен де тапсырма берейін.Кәзір күз мезгілі,күз мезгілінде жапырақтар қандай түске боялады.

Шығармашылық:1.Тұзды сары жапырақ,2.Қасқырға арналған сурет,Әжейдің бақшасы

Әже: Жарайсындар балалар қандай әдемі.Ас болсын құлындарым. Сендерге сондай ризамын,мына тәтті бәліштерді сендерге үлестіріп берейін.

Тәрбиеші:Рахмет әжетай,рахмет Қызылтелпек,енді біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды,сау саламатта болыңыздар. Балалар әуенмен топтарына қайтады.
Тәрбиеші: Балалар біз қайда барып саяхаттадық? Біз кімнің тапсырмаларын орындадық? Қандай тапсырмаларды орындадық? Алдымыздан кім шықты? Кімнің үйіне қонаққа бардық? Дұрыс айтасыңдар балалар,сендер бүгін көп тапсырмаларды орындап,көптеген жақсылықтар жасадыңдар,сендерге көп -көп рахмет.

Күтілетін нәтиже:

Білгені: Сандарды санау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту
Меңгерді: Тура және кері санау ұғымдарын меңгерді.

Жасай алды: Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастырды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
662
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі