Ғажайып ертегілер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғажайып ертегілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Ғажайып ертегілер Smart мақсат: Бала ертегі мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді және кейіпкерлерге жанашырлық, аяушылық сезімдерін сөзбен жеткізе алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тақырыбы: Ғажайып ертегілер
Smart мақсат: Бала ертегі мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға
жауап береді және кейіпкерлерге жанашырлық, аяушылық сезімдерін
сөзбен жеткізе алады.
Қолданылған технологиялар: Ақпараттық коммуникативтік, Денсаулық,
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша: 4К (топтық, креативтілік,
коммуникативтілік, сыни ойлау), бала үні, үш ойын тәсілдемесі, бақылау.
Мотивациялық-қозғаушылық
Ертегі – балалардың қиялын шарықтатып, балалық шақты елестетіп,
келешекке сеніммен қарайтын ауыз әдебиетінің бір түрі.
«Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндері деген сөздерден туған. Кейде
«Ертек» деп те айтылады. Әрқайсымыз балалық шақтатаңғажайып
сиқырға толы ертегілерді тыңдадық, өзіміз оқыдық.
Ертегілер – тұнып тұрған қиял-ғажайып: жануарлар, жәндіктер адамша
сөлеседі, батырлар жау әскерлерімен ғана емес айдаһармен, жынперілермен шайқасады. Жақсылық пен жамандық үнемі күресте болады.
Бірақ аяғында жақсылық үнемі жеңіске жетеді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Жұмбақтар:
1.Үйін жинап ертемен,
Мейіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
ол өкпелеп қалыпты.
Бұл қандай ертегі ? (Мақта қызбен мысық)
2. Атай өзі салғанын,
Көрді өсіп қалғанын.
Ары тартты, бері тартты,
Тарта алмады бірақта.
Бұл қандай ертегі? (Шалқан)

3. Апасынан қашып кетті,
Атасынан қашып кетті.
Кездестіріп біраз аңды,
Біраз жолдан асып кетті.
Бұл қандай ертегі? (Бауырсақ)
4.Мен мыстанмын, мыстанмын,
Жақсылыққа дұшпанмын.
Жамандыққа құштармын,
Су астынан шыға кеп,
Алқымыңнан қысқанмын. (Алтын сақа)
Сұрақтар:
1. Өздерің қандай ертегілер білесіңдер?
2. Ертегілер мазмұнына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
(қиял-ғажайып, шыншыл, тұрмыс-салт, жануарлар туралы)
3. Өзің білетін ертегі кейіпкерін атап айт.
4. Ертегілер қалай басталады? («Баяғы өткен заманда бір шал мен
кемпірдің..... болыпты», немесе «Ерте, ерте ,ертеде, ешкі жүні
бөртеде» деп те басталады.)
5. Ертегілер қалай аяқталады? (Ертегі үнемі жақсылықпен
аяқталады. «сөйтіп мұратына жетіпті»)
6. Слайд көрсетіледі.
Аз қимылды: «Перизат көбелектер» ойынын ойнату.
Балаларға ертегі кейіпкелері көрсетілген суреттерді қалауы бойынша
алу ұсынылады. Сол бойынша үш топқа бөлінеді.
Топтар:
1-ші топ: Алтын балық
2-ші топ: Алтын сақа
3-ші топ: Шалқан
1-ші топ. Педагог жетекшілігімен.
«Кейіпкерді боя»
Жеке жұмыс орындайды
Шарты: Ертегіден үзінді және кеіпкелер жасырынған жұмбақтар
оқылады.

1.Үшінші рет салғанда, түсті әйтеуір бір балық. Балыққа тіл бітіп:
«Жібер мені, қарт, еңбегіңді жемеймін, қалауыңды айт »,- дейді.
2. «Өз бойына сеніп, менен бұрын ешкім күнді көрмейді деген
түйенің өркешіне тышқан мініп алыпты. Күн сәулесін бәрінен бұрын
көріпті.
Ал аңқау түйе жыл басы болудан құр қалыпты.»
Қандай ертегіден үзінді табыңдар?
Ертегі атын атап, кейіпкерді айтады.
Өздері таңдаған ертегі кейіпкелерін бояйды.
Кейіпкерді қылқаламмен әдемі, таза бояуға, қауіпсіздік ережесін
сақтауға үйренеді.
2-ші топ. Құрылымдалған ойын
«Кім тапқыр?»
Жұппен орындалады.
Шарты: Балалар түрлі ертегі кеіпкелерінің ішінен өздері таңдаған
ертегі кейіпкерлерін тауып стол үсіне тізіп айтады.
3-ші топ. Еркін ойын. Пазл құрастыру. Топтық жұмыс жасалады
Шарты: Суреттерді дұрыс құрастырып, ертегі кейіпкелерін айтады.
Рефлексиялық-түзетушілік:
Оқу қызметі қорытындалады. Топтардың жұмысты қалай орындағаны
туралы бақылауға тоқталу. Балалар мадақталып, смайликтер
таратылады. Суреттерінен шағын көрме ұйымдастырылады.
Relax: «Қасқыр мен жеті лақ» мультфильмін тамашалау.
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қарашоқы ауылы
«Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы
М.а. д. Тобының тәрбиешісі Батымбетова А.У.
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
06.12.2021
329
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі