жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғажайып фигуралар.
|
8-ұОқ. ғАЖАЙыП ФИГуРАЛАР (сюжетті аппликация, коллаж) |
мектеп/мұ: |
|
||||||
|
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: |
|
||||||
|
сынып/топ: |
қатысқандардың саны: |
қатыспағандардың саны: |
|
|||||
|
ұОқ-нің оқыту мақсаттары |
0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру. 0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу). 0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар). 0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру. |
|
||||||
|
Күтілетін нәтижелер |
Барлық тәрбиеленушілер: -жапсыруда коллаж техникасын пайдалана алады; -жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсай алады (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар); -желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады. |
|
||||||
|
Көптеген тәрбиеленушілер: -қайшыны дұрыс ұстап, оны дұрыс пайдалана алады; -заттардың және олардың бөлшектерінің кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, текстурасын есепке ала алады; -жолақтарды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып ала алады. |
|
|||||||
|
Кейбір тәрбиеленушілер: -өз бастамасы бойынша бейнелеудің әртүрлі тәсілдерін біріктіре алады; -әсерлі бейнені көрсету үшін сұлбалық қиып алу және жыртып жапсыру тәсілдерін пайдалана алады. |
|
|||||||
|
тілдік мақсаттар |
дағдыларды дамыту: -жұмыс әдістері мен кезектілігі туралы айту; -жапсырма жасау бойынша ойларын ұсыну; -бейнелеу материалдарын мақсаттарды іске асыру үшін пайдалану нұсқаларын талқылау; -өзінің және өзгелердің жұмыстарын түсіндіру; -тақырыпқа қызығушылық туғызатын көркем сөзді тыңдау; Көптілділік: қағаз – бумага – piece of paper. |
|
||||||
|
негізгі терминдер және сөз тіркестері: -сюжет, коллаж, фигуралар, материал, қағаз, жырту, қайшы. |
|
|||||||
|
|
|
талқылауға арналған сұрақтар: Коллаж дегеніміз не? Қағаз қандай болады? Қағазбен не істеуге болады? Фигураны қалай қиюға болады? Қайшы мен желімді қалай дұрыс пайдаланады? Сюжетті қағазда қалай орналастырады? |
||||||
|
|
Алдыңғы білім |
Қағаздың әртүрлі түрлерімен жұмыс істеу білігі. Жалпы композиция құру, қағаз парағын толтыру, заттарды бір сызыққа, кең жолаққа (жоғарырақ, төменірек, 2–3 жоба), бүкіл параққа орналастыру бойынша қарапайым біліктер. Геометриялық фигуралармен таныстық. |
||||||
|
|
Жоспар |
|||||||
|
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
|
|
і. Оң көңіл күй орнату. 0–1 минут |
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату. «Бірге қуанамыз» Күн мен құстарға қуанамыз, (Балалар қолдарын жоғары көтереді.) Күлімдеген жүздеріне қуанамыз, (Бірбіріне күлімдейді.) Ғаламшардағы бүкіл адамдарға, (Қолдарын екі жаққа созады.) «Қайырлы таң!» – дейміз, (Қол ұстасады.) Анам мен әкеме де «Қайырлы таң!» Баршаңызға «Қайырлы таң!» (ұ) Педагог «Неге ұқсайды?» деген ойынды ұйымдастырады. Балалар пішіні әртүрлі бояу тамшыларына қарап, қиялдайды. Педагог бояу тамшыларының қалай пайда болатыны туралы айтады және балаларға сиқыршы болу ұсынылады. Ал сиқыршылардың қолынан барлығы да келеді. |
Музыкалық сүйемелдеу. Пішіні әртүрлі бояу дақтарының суреттері. |
|||||
|
|
III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс 6–25 минут |
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс. Педагог балаларға суретке қарап, автордың осы жапсырмада нені пайдаланғанын айқындауды ұсынады. Тәрбиеленушілер материал мен құралдарды атайды. Педагог«коллаж» ұғымынбереді. Коллаж– әртүрліматериалдардан – мата, қағаз, газет, фотосурет, таспалардан жасалатын сурет. Қосымша бөлшектерді бояулармен немесе қарындаштармен салуға болады. Педагог балаларға өздеріне белгілі қағазбен жұмыс істеу тәсілдерін еске түсіріп, сюжеттік коллаж жасауды ұсынады. Педагог балаларға жұмыс үстелінің дайындығын тексеруді ұсынады. (ұ) саусақтарға арналған жаттығу. Саусақтарды барынша тарбитамыз, (Саусақтар тарбиған, тырысқан.) Бір, екі, үш, төрт, бес. (Санаған сайын саусақтар бас бармақтан бастап шынашаққа дейін бірбірлеп жұдырыққа біріктіріледі.) Бәрін бірге қысамыз – үш, төрт, бір орында билейміз, (Саусақтар жазылады және «шамшырақ» қимылы жасалады.) Өкшеге тұрамыз, (Шынашақтар кездеседі, бас бармақтан басқа саусақтар бүгіліп, алақанға қысылады). Одан кейін өкшеге тұрамыз, (Бас бармақтардың бастары кездеседі). Біз достармыз (Шынашақтардың бастары кездеседі). Енді жаттығу жасаймыз, (Бас бармақтардың бастары кездеседі.) (Ж, ұ) Аппликация жасау технологиясы Педагог балаларға өзінің немен айналысатыны туралы көршісіне айтып беруді ұсынады. Оның альбомына қандай сиқырлы фигуралар қоныстанады? Олар қандай тәсілмен жасалады? Педагог тәрбиеленушілерге аппликацияда ғимараттардың және т. б. нысандардың дұрыс тұрғызылуын көрсетуге көмектеседі. Балалардың назарын бейнелеуді өз беттерінше жобалауға, жұмысты қиюдан бастауға, алдымен көлемді бөліктерін жапсыруға, содан соң кіші бөліктермен толықтыруға және соңында өзгешелік сипат беретін бөліктермен аяқтауға кеңес береді. Педагог тәрбиеленушілерге түрлі түсті қағаз, көшірме қағаз, газет- журналдардың кесінділерін, тұсқағаздардың қиықтарын, үйден әкелінген фотосуреттерді (егер олар екі нұсқада болса) пайдалануға кеңес береді. |
Әліппе-альбом. Әртүрлі – дәптер, газет- журнал, орама, қатпарлы және т.б. қағаздар.
Музыкалық сүйемелдеу.
Түрлі-түсті қағаздар, жай қарындаштар, ПВА желім, желімге арналған жаққыш, шүберек, клеенка. |
|||||
|
|
Жұмысты орындау барысында педагог қолдануға болатын жапсыру тәсілдерін балалардың есіне салады:
Педагог жұмыс барысын қадағалайды және қажеттілігіне көмек көрсетеді. Педагог тәрбиеленушілерге фигураларды қиған кезде қағазды тиімді пайдалану керектігін ескертеді. Ірі қиындыларды лақтырмау қажет, оларды ұсақ бөлшектерді қиып алу үшін пайдалануға болады. (ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі Педагог сабақта жұмысты қауіпсіз жүргізу ережесін және жапсыруға арналған материалдарды тиімді пайдалану туралы балалардың есіне салады. |
|
|
IV. ұОқ қорытындылау. Рефлексия. 26–30 минут |
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау: Педагог балаларды өзара бағалауға шақырады. Педагог рефлексияның бір түрін таңдайды:
|
Бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген