Ғажайып физика сыныптан тыс іс-шара 8 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғажайып физика сыныптан тыс іс-шара 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғажайып физика сыныптан тыс іс-шара оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

88 жалпы орта білім беретін мектеп









Тақырыбы: «Ғажайып физика »



Дайындаған: Кусмолданова Б.Т.







2023-2024 жыл







Тақырыбы: «Ғажайып физика»

Мақсаты: Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру

Сайыс барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды шақыру, сәлемдесу.
II. Сайыс бөлімдерімен, шартымен таныстыру.

1 – тур «Таныстырсам өзімді» Таныстыру 5 ұпай
2 – тур «Сырлы сауалдар» 10 сұрақ. (Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)
3 – тур «Сиқырлы кубик» Кубик лақтыру(Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)
4 – тур «Кім шапшаң» Формулаларды табу(Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)
5 – тур «Физика тәжі» физикалық құбылыстарды іс қимылмен көрсету( Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.)

6-тур «Қорытынды». Сайыс жеңімпаздарын анықтау.
III. Қорытынды. Марапаттау.

Жүргізуші:

Мінеки, мұнда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Командалар сайысын,

Көпшілікті тостырмай,

Міне, қазір бастаймыз.
Армысыздар, құрметті жиналған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «Ғажайып физика» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Сайысқа 7-9- сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін сынайды.

Ал, оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа,
Қол соғып қарсы алайық, - деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Армысыздар, қымбатты төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздерде әділ баға берерсіздер-
дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:
Математика пәні мұғалімі: Махметов Ж.У

Математика пәні мұғалімі: Рахметова Ш.Ж

1-«Таныстырсам өзімді» Таныстыру 5 ұпай

2- тур. «Сырлы сауалдар».

Бұл кезеңде сайыскерлеріміз сұрақтарға иә немесе жоқ деп жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар бастаймыз, мұқият болыңыздар.

I-топқа:

  1. Күшті өлшейтін құрал динамометр? (иә)

2. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі Ньютон (жоқ)
3. Қозғалысқа қарама-қарсы бағытталған күш
үйкеліс күші(иә)
4.
Ньютонның үш заңы бар? (иә)
5.
Жылдамдықтың формуласы орын ауыстыруды уақытқа көбейту? (жоқ )
6.
Термодинамика жылулық құбылыстарды қарасытрады? (иә)
7.
Дененің еркін түсу үдеуі 6,8 Н/кг? (жоқ)
8.
Жердің денелерді өзіне тарту күші ауырлық күші деп аталады?ә)
9.
Жылдамдық скалярлық шама? (жоқ)
10. Ден
енің заттарды өзіне тарту қасиеті электрлену?(иә)

II-топқа:
1. Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ)
2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
5.
Дененің пішінімен өлшемінің өзгеруі деформация (жоқ)
6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)
8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)
10. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (
жоқ)

3- тур «Сиқырлы кубик» Кубик лақтыру

Өрмекші тор

Тосын сый

Жұмбақтар

Өзі затты құрайды
 Теңелуге таразыны сұрайды.   (масса)

Қозғалысқа келтіріп
Жылдамдығын береді
Өлшем бірлігін қарасаң
Ньютонға келеді.  (күш

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа)



Ғалымдар

Бұл  ғалымды  «сэр» деп атаған
Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған
Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы
Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген
Ж: Исаак Ньютон
Қай ғалымды Пушкин «Орыс халқының бірінші университеті»  деп атады? Физика ғылымын орыс еліне тұңғыш енгізген физик?      
Ж: Ломоносов

Логика

Қыстыгүні қай үй жылы болады: ағаштан соғылғаны ма,әлде кірпіштен соғылғаны ма?
Ж:    Қыстыгүні ағаштан жасалған үй жылы болады, өйткені ағаштың жылуөткізгіштігі кірпіштікінен аз.

Оңтүстік ендіктерде тұратын халықтардың аптап ыстықта сенсең бөрік пен мақтадан сырып тігілген шапан киетіндері неліктен?
Ж: Ыстық өтпес үшін, мақтадан тоқылған тоқыма киімдердің талшықтарының арасында ауа қабаты болады.ал ауа жылуды нашар өткізеді.

От күйіп кетеді

4 - тур. «Кім шапшаң».Формулаларды табу

I-топ:

Жылдамдық, Тығыздық, Ауырлық күші, Жылу мөлшері, электр қозғаушы күші, Бүкіләлемдік тартылыс заңы

II-топ:

Үйкеліс күші, меншікті жылу сыйымдылығы, уақыт, салмақ, пайдалы әрекет коэффициенті, Жұмыс

5 – тур «Физика тәжі». Физикалық құбылыстарды, шамаларды мимикамен көрсету

Сөзге бай қазақпыз ғой жанымыз,
Келіспей ме қимылменен сәніміз.
Сәйкестіріп бағытты сызықтармен,
Физикалық құбылысты табыңыз – дей келе сайысымыздың төртінші бағыты физика тәжі кезеңіне кезек берейік.

Орын ауыстыру

Уақыт

Жол

Жылдамдық

Күш

Деформация
6 – тур Қорытындылау.
Бүгінгі көріп тамашалаған «Ғажайып физика» сайысы өз мәресіне жетті.

Жүргізуші:

Шеберлік пен білімді,
Сарапқа сап көріңіз.
Әділ қазы алқасы,
әділ баға беріңіз.
Әділ қазыларға сөз кезегі беріледі.Жеңімпаз оқушы марапатталады.
Жүргізуші:
Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамыз.
Ғылым дами берсін ғаламдағы
Білімді үйренейік жаңа замандағы
Аман сау тұрыңыздар осыменен
Физикалық сайысымыз тәмамдалды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2024
301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі