жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғажайып ғарыш
Ғажайып ғарыш
Мақсаты: Балаларға ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру. Білімдерін одан әрі кеңейту. Сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Жұмбақ шешу, тақпақтар,ойын, сұрақ-жауап.
Қостілділік компонент: ғарыш-космос, ғарышкер-космонавт.
Көрнекіліктер: ғарыш суреттері, 9 планета суреті, Ғарышкерлер суреттері.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі |
Балаларды жылулық шеңберіне ұйымдастыру. Сәлем саған Жер-ана! Сәлем саған алтын күн! Сәлеметсіздер ме апайлар! Сіздерді көріп қуанам! Тәрбиеші: -Балалар кім айтады? Қазір жылдың қай мезгілі? -Ал, көктемнің қай айы? -Сәуір айында қандай мерекелер бар? Бүгін 12 сәуір Ғарышкерлер күні. Бұл күнді бүкіл әлем боп тойлап жатырмыз. Балалар, сендерге жұмбақ жасырайын. Жерде болса тұрағым Марсқа ұшып тұрамын |
Жылулық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталап айтады.
-Көктем мезгілі
-Сәуір айы - 12 сәуір - Ғарышкерлер күні
Ғарышккер |
Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі |
-Олай болса ғарышқа ұшатын адамды кім дейміз? -Ғарышқа алғаш ұшқан не? -Ғарышқа не үшін ұшады?
-Ең бірінші боп кім ұшты? -Ал,қазақ жерлерінінен кім ұшты?
-Ал, ғарышқа немен ұшады? Балалар аспанда ауа жоқ,өте ыстық,ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі.Арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім. Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал, олар қалай тамақтанады , не жейді,от жағып пісіре ме? Жоқ оларға арналған зымыранмен тамақ әкеледі,тамақ оларға жабық түрде, езілген тіс пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі. Ғарышкердер туралы тақпақтарымыз бар еді. Қане, соны айтайық.
Д\о: «Ғарыш»пен «Аспан әлемін» құрастыру. Мақсаты: дайын пішіндерді орналастыру арқылы ғарыш пен аспан әлемін құрастыруға үйрету. Тіл ұстарту жаттығуларын орындау. Ер-ере-ер Біз боламыз ға-рыш-кер Ға-ға-ға Біз ұшамыз Ай-ға Сергіту сәтін орындау. Қолымызға дүрбі аламыз. Айналаға шолу жасап қараймыз 9 планета ұқсап айналып тұра қаламыз. Роботтар жаттығуларын орындаймыз. Солға қадам Оңға қадам Артқа қадам Отырамыз бір рет Түзу кәне тұрамыз. Жаңылтпаш айту. Ғарышкер ұшты ғарышқа Ғарышқа ұшты ғарышкер Айтшы ғарыш алыс па?
|
Ғарышкер Лайка деген ит Аспады, жұлдызды, күнді зерттеу үшін ұшады. Юрий Гагарин Т.Әубәкіров, Талғат Мұсабаев,А йдын Айымбетов. Зымыранмен
Әлия: Көкке ұшамын Ұшқыш болар баламын Соңына ерем Ер ғарышкер ағаның Арай: Апта түгіл ай өтті Ол ғарышқа ұшқалы Сонша неткен сай епті Сонша неткен күшті,әрі Аяжан: Еш адамға жалықпас Гүлге толмас құшағы Сонда да бір жалықпас Күні-түні ұшады Әліби: Әліби атты баламын Таудай менің талабым Үлкен болып қскенде Мен ғарышкер боламын Инабат: Жұлдыздарды жағалай Айға барып қонамын Тұңғыш Тоқтар ағадай Мен ғарышкер боламын Ғибрат: Мақтанышы ғаламның Байқоңырдың құшағы Ұрпақтары ғаламның Осы жерден ұшады
Ғарыш пен аспан әлемін құрастырып шығады.
Тіл ұстарту жаттығуларын орындайды
Қимылды жаттығулар орындайды. |
Рефлекциялық түзетушілік кезеңі |
Балаларды жылулық шеңберіне ұйымдастыру,сұрақтармен қорытындылау. -Бүгін қандай мереке? Біз қай ғаламда тұрамыз? Ғарышқа ең бірінші сынақ ретінде не ұшты? Ғарышқа киетін киімді не дейміз? Қандай ғарышкерді білесідер ? Балаларды мадақтап, бағалау жұмыстарын жүргізу. |
12 сәуір ғарышкерл күні Жер
Скафандр
Балалардың жауаптары
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ғарыш әлеміне жасалған алғашық сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкер киімі туралы;
Нені түсінеді: Ғарышқа ұшқан тұңғыш Ю. Гагарин, қазақ ғарышкерлері туралы мағлұматтарды;
Нені меңгереді: ғарышқа арнайы кемелердің ұшатынын, олардың арнайы киімдері болатындығын:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген