400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғажайып ғарыш әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғажайып ғарыш әлемі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғажайып ғарыш әлемі

Кеңістік. Он сегіз мың ғалам. Қай жаратылысты алып қарасақ та, бәрі тылсым, бәрі құпия. Ал, енді он сегізінші планета жерді мекен қылған адамзат ақылын пайдаланып, сол сырды ашуға талпыныс жасап келеді. Алғашқы қадам 1957жылдың 4-ші қазанында басталғаны баршамызға мәлім. Ғарышқа жол ашқан біздің Байқоңыр. Бұқаралық ақпарат құралдарынан жер мен ғарышты байланыстырып тұрған 28 айлақ бар екендігін оқыған едім, соның ішінде ең ірісі Ақштағы-Канаверал, Қытайдағы- Цзюцюань,Қазақстандағы -Байқоңыр екен.

Ғаламның сыры беймәлім болғандықтан, ғарыш кемесінің әуелгі жолаушысы жануар болғандығы баршамызға мәлім. Лайка бастап, Белка, Стрелка қоштап, иттер ақырында ғарышты бағындырады. Ойлап қарасақ бір жағынан миға қонымсыз болып көрінгенмен, таңғажайып оқиға дерсіз. Сонымен қатар, құпиясы көп ғаламға адамзат осыдан 59жыл бұрын,яғни 1961жылдың 12 сәуірінде жол ашқандығы тарих беттерінен мәлім. Деректер бойынша, ғарышқа 545 адам ұшса, оның үшеуі қазақ бауырларымыз екен. Әрине, таңғаларлық жағдай.

Бүгінгі күнде ғарыштың игерілмеген қырлары көп, адамзаттың қызығушылығын арттырып отырған тың ғылым. Тұңғыш Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңа дәуірдегі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын атап өтті. Бүгінгі таңда адамзат атаулыны жұмыр жердің асты мен ғаламат ғарыш кеңістігі жайлы жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етіп отырған цифрландыру жүйесінің маңызы ерекше. Қазіргі жоғары технология заманын цифрландыру жүйесінсіз елестету мүмкін емес. Жаңа дәуірде әлемдік кеңістікке шыққан қазақ елі бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп, халықаралық аренада абыройы асқақтады. Ғарыш әлеміне ұшырылған жер серігі арқылы экономикалық қажеттілікті өтеуге қол жеткізді. Бұл елдегі ауылшаруашылық, өнеркәсіп, инфроқұрылым, транспорт салаларының ілгерілеуіне айтарлықтай септігін тигізіп отыр. Әсіресе, мамандар диқанның мол өнім алуы үшін дақыл себілетін жердің құнары мен құрамын анықтауға осы жер серігі таптырмас құрал екендігін айтады. Сонда да болса ғарыш ғылымының мүмкіндігін толық игере алмай келеміз.
Иә, ғарышқа ұшу – қазақтың кешегі арманы еді.Ал, бүгінгі қазақ – ғарышты бағындырғандардың алдыңғы қатарында алшаңдай басып жүр…

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
176
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі