Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ғажайып геометриялық пішіндер елінде"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы,
Белес мектеп-балабақша кешені КММ.
Куаншалиева Гаухар Жексенгалиевна
«Айгөлек» ересек тобының ашық ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің конспектасы
Күні: 24.10.2023 ж
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұйымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Ғажайып геометриялық пішіндер елінде»
Мақсаты: Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажырата білуді үйренеді және шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Ойлау қабілеттері артып, тілдері дамиды. Балалар ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге дағдыланады.
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Пішіндер көрсетіледі, әңгімелейді, түстерін айтады, тақпақтар жаттайды, Шаттық шеңберін қимылмен жасайды.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету,сұрақ-жауап, мнемокесте арқылы айтқызу, балаларға теледидардан пішіндерді көрсетіп сипаттап әңгімелеу.
Қажетті көрнекіліктер: Слайд көрсету, пішіндер, күріштер, бағдаршам суреті , балаларға жеткілікті смайликтер, пішіндерге байланысты суреттер
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші: Ал балалар кәне бәріміз шеңбер болып тұрайық
Балалар біздер неге ұқсадық
Балалар:
Күнге ,допқа ,шарға т.б
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық
Күнге нұрын шашайық
Жүрекке жылу салайық
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарга шашайық
Ғажайып
сәт: Т
әрбиеші:Балалар менің үстімде ненің суреті
тұр?
Балалар: Сіздің үстіңізде үшбұрыш, шаршы, шеңбердің
суреттері тұр.
Бір сөзбен «пішіндер» деп
атайды.
Жарайсыңдар. Бүгін біздің ашық оқу іс -
әрекетіміз пішіндер жайлы болмақ. Сондықтан ғажайып пішіндер еліне
саяхатқа шығамыз. Бұл саяхатымыз ерекше
болмақ.
(Сиқырлы музыка әуені жүріп
тұрады)
Сол үшін көздеріңді жұмыңдар, мен сендердің
алақандарыңа ғажайып пішіндерді қоямын. Ол ғажайып геометриялық
пішіндер әлеміне баратын сиқырлы кілт болып саналады. Көзімізді
ашып, сиқырлы кілт арқылы ғажайып геометриялық пішіндер әлемінде
әрқайсымыз өз орнымызды тауып
отырамыз.
/негізгі
бөлім/
Міне балалар біз ғажайып пішіндер әлеміне
келдік.
І. Тақтаға назар
аударамыз
( Интерактивті тақтадан дауыс
шығады.)
Балалар сәлеметсіңдер ме. Менің атым
шеңбер.
Бұл геометриялық пішіндердің бірі -
шеңбер.
Неліктен шеңбер деп
аталады?
(Балалардың
жауабы)
Шеңбердің бұрышы
болмайды.
Жарайсыңдар.
Шеңберге ұқсайтын заттарды атап бересіңдер
ме?
Иә. Доп, дөңгелек, теңге, шар, күннің көзі,
пицца, мандарин,
кәмпит.
Жаңа ғажайып пішіндер еліне бару үшін
сендерге сиқырлы кілтті таратып едім ғой. Енді сол пішіндердің
арасында шеңберлер мына шеңбер бөлмесіне
отырыңдар.
Ал енді әрі қарай тақтаға назар
аударайық.
ІІ. – Сәлем. Мен үшбұрышпын. Менің үш бұрышым
бар. ( Интерактивті тақтадан дауыс
шығады.)
Бұл геометриялық пішіндердің бірі -
үшбұрыш.
- Неліктен үшбұрыш деп
аталады?
(Балалардың
жауабы)
Үш бұрыштың үш қабырғасы және үш бұрышы
бар.
(Балалармен бірге үшбұрыштың қабырғасы мен
бұрышын санап өту)
Жарайсыңдар.
Үшбұрышқа ұқсайтын заттарды атап
өтейік.
Шырша, жол белгісі, торттың бір бөлігі,
қалпақ, пиццаның бір бөлігі, қарбыздың бір
бөлігі.
Ғажайып пішіндердің арасында үшбұрыштар мына
үшбұрыш бөлмесіне
жайғасыңдар.
Ал енді әрі қарай тақтаға назар
аударайық.
ІІІ. – Сәлем. Ал менің төрт бұрышым бар. Мен
шаршымын. ( Интерактивті тақтадан дауыс
шығады.)
Бұл геометриялық пішіндердің бірі -
шаршы.
Неліктен шаршы деп
аталады?
(Балалардың
жауабы)
Өйткені шаршының төрт бұрышы және төрт
қабырғасы болады.
(Балалармен бірге үшбұрыштың қабырғасы мен
бұрышын санап өту)
Жарайсыңдар.
Шаршыға ұқсайтын заттарды атап
өтейік.
Шоколад, печенье, шкаф, терезе, пеш,
теледидар.
Шаршылар мына шаршы бөлмесіне
отырыңдар.
Біздің бүгінгі қонақтарымыз геометриялық
пішіндер қызықты тапсырмалар ала
келіпті.
Мына өсіп тұрған әртүрлі пішінді ағашқа көңіл
аударайықшы. Біз ғажайып геометриялық пішіндер әлемінде болған соң,
мына ағаштардың пішіні ерекше
екен.
Қандай пішіндерге
ұқсайды?
Шаршы, үшбұрыш,
шеңбер.
Дұрыс балалар сендер барлық пішінді біледі
екенсіңдер.
Ал әртүрлі пішінді ағаштар ол - алма ағашы,
шыршаға және алмұрт
ағашы.
Енді шырша ағашы қандай пішінге
ұқсайды?
Үшбұрышқа
Ал енді, алма ағашы қандай пішінге
ұқсайды?
Дөңгелекке Шеңбердің тапсырмасын орындаймыз ба?
Ал енді мына ағаш неге ұқсайды?
Шаршыға
1 -
тапсырма: Тақтаға назар
аударайық.
(Шеңбердің тапсырмасын
орындау)
Дид. Ойын «Ойын: «Адасқан пішіндер »
Шарты: Балалардың қолына әртүрлі пішіндер беріп,кілемшедегі пішіндердің үстіндегі пішіндермен жүріп, тұрған пішіндерге апарып орналастыру.
2 -
тапсырма: Тақтаға назар
аударайық
(Үшбұрыштың тапсырмасын
орындау)
Дид. Ойын
«Ойын: «Пішіндерге байланысты
суреттерді орналастыр»
Шарты: Суреттерді тақтада тұрған пішіндерге апарып орналастыру.
Қандай суреттер пішіндерге ұқсайтының ажырата білу
3 -
тапсырма: Тақтаға назар
аударайық.
(Шаршының тапсырмасын
орындайды)
Ал енді шаршының тапсырмасын орындаймыз
ба?
Ойын : «Жасырынған пішінді тап»
Шарты: Ыдыстағы күріштердің арасынан пішіндерді табу. Пішінін ажыратып, түсін айту.
4 - тапсырма:
Сурет арқылы тақпақ айтқызу.
Домалақпын, Домалақпын,
Доп болып домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты,
Шар сияқты домаладым
Шарты:
Балалар, біз қазір бағдаршамға геометриялық
пішіндерден желім арқылы қағазды умаждап бағдаршамның геометриялық
пішіндеріне түсіне қарай
жапсырамыз
- Бұл тапсырманы шеңберлер бөлмесі
орындасын.
Енді интерактивті тақтаға үшбұрыштан бір зат
құрастырамын. Бұл
не?
Бұл балық, ал сендер қандай зат құрастыра
аласыңдар?
(Тәрбиеші балық геометриялық пішіндерін санап
өтеді)
Бұл тапсырманы мен үшбұрыш бөлмесіне
беремін.
Балалар үшбұрыштан шыршаны
құрастырады.
Бұл тапсырманы шаршылар бөлмесі
орындасын.
Сергіту сәті. Слайд арқылы
қимылмен жасайды.
Бүгінгі «Ғажайып геометриялық пішіндер
елінде»
Сендерге ұнады
ма?
Тапсырмаларды өте жақсы орындағандарын айтып, көп нәрсені үйренгендерін айтып береді. Мақтау, мадақтау.
(Смайликтермен көңілдерін
білдіреді)
Жарайсыңдар балалар! Сендерге көп рахмет!
Бүгін барлығын жақсы қатыстыңдар! Осымен оқу іс - әрекетміз
аяқталды, келген қонақтарымызбен қоштасамыз! Сау
болыңыздар!
Күтілетін нәтиже: Көлемі,пішіні, түсі бойынша ұқсас заттарды топтастыра алады.Заттардың көлемі бойынша түстерді ажырата алады.Триз технологиясымен жұмыстануды біледі. Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерімен іс-әрекет жасауды, топпен жұмыс жасауды үйренеді.