15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ғажайып химия - физика" сайыс сабақ
Тақырыбы: «Ғажайып химия-физика»
Сабақтың мақсаты:
1. Химия,физика пәндерін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.
3. Оқушыларды адамгершілікке, эстетика мен этикаға, шеберлікке,сөз сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: интербелсенді тақта беттеріндегі слайдтар,А4 парағы,периодтық жүйе т.б.
БАРЫСЫ:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Негізгі бөлім
Сәлем
сөздің анасы
Дейтін қазақ
данасы
Сәлемдесіп, танысып
Кеш
бастайық жарысып
«Ғажайып
химия- физика» сайысымыз
6 бөлімнен тұрады.
І.«Лездеме»
сұрақтары
ІІ Алтын сандық
ІІІ.
«Тіл өнер»
ІV. «Кім
жылдам?»
V.
Жұмбақ
VI.
Зерек
болсаң, шешіп көр» - химиялық
есептер шығару.
VІІ.
Химиялық тілде құттықтау:
С
айысқа
5-7 сынып, 6-8 сынып, 9 сынып оқушылары
қатысады. Әр сынып өздерін таныстырып
өтеді.Сайысымызды бастамай тұрып,
әділқазылармен танысып кетейік.
«Лездеме» сұрақтары
І топ
Молекулалары бей берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегеттық күйі (газ)
Физика гректің қандай сөзінен шыққан (табиғат)
Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшын ғалым (Ньютон)
Температураның шкаласы (цельсий)
Ауаның қысымын өлшейтін құрал (барометр)
ІІ топ
1.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы (қатаю, кристалдау)
2.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді? (спидометр)
3.Физикада бірінші ұстаз атанған ғалым (Аристотель)
4.Заттың ең кішкентай бөлігі (атом)
5.Меншікті жану жылуының өлшем бірлігі?(Дж/кг)
ІІІ топ.
1.Орыс тіліне «Физика» деген сөзді енгізген ғалым (Ламаносов)
2.Қуат бірлігі (Ватт)
3.Заттың қандай агрегаттық күйлері болаады (қатты, сұйық, газ)
4.Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал (амперметр)
5.Сұйықтар менгаздардың қысымы барлық жаққа бірдей жеткізеді
дегенді айтқан француз ғалымы ( Паскаль)
ІІ. «Алтын сандық» Міне алдарыңызда алтын сандық берілген. Сол сандықтың ішінде 20 химиялық элемент таңбасы бар. Сіздер солардың қазақша атауын айтуларыңыз керек. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай,.
Алтын, күміс, фтор, фосфор, калий, кальций, көміртегі, мырыш, иод, темір, алюминий, марганец, магний т.б.
ІІІ. «Тіл- өнер» (3 тілде) 30 ұпай
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (Тоқ, ток, energy)
Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды (Мұз, лед, ice)
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа, воздух,air)
ІV.
Кім жылдам?
Бұл
кезеңде тақтаға бірнеше әріптер беріледі,
соны пайдаланып химиялық элемент
атауларын құрастыру. 3
минут беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
Й
И Л Ж Г Н Е З А М Р О Б
(БОР, АЗОТ, АРГОН,
НЕОН, БРОМ, ТИТАН, НАТРИЙ, МАГНИЙ, БАРИЙ.
ГАЛИЙ. ГЕРМАНИЙ, ИОБИЙ, РЕНИЙ, ГЕЛИЙ.
V.Жұмбақ .Физикалық тілде шешу
1. Отқа жанбас , суға батпас
(мұз – заттың қатты күйі)
2.Жылт-жылт етеді, жылғыдан өтеді
(су- сұйық күйі)
3.Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым.
(шаңғы- сырғанау үйкелісі, қысым)
4.Бұлтты аспанның жүзінде, ойнайтын бұл немене?
(найзағай-оң, теріс заряд,табиғи жарық)
5.Жерде туып көкте өледі
(түтін-конвекция)
6.Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды.
(масса- физикалық шама)
VI. Зерек болсаң, шешіп көр» - химиялық есептер шығару.
5-7 сынып. Теңдеуді аяқта
Al+O2 =
Na2 SO4 +BaCl2=
Cu + KNO3 =
6-8 сынып
Na2 SO4 +BaCl2=
Cu + KNO3 =
СаСО3 + АlCI3=
9 сынып
Na2 SO4 +BaCl2=
Cu + KNO3 =
СаСО3 + АICI3=
VІІ. Химиялық тілде құттықтау:
Оқушыларға сөздер беріледі, сөз құрап құттықтау лебізін айту керек.Берілген сөздер:ауа, көміртегі натрий, хлор, сынап, күкірт, мыс, күміс ,алтын , алюминий , темір
Мысылы: Алтындай ардақты,күмістей салмақты,суға жүзген балықтай бүгінгі кеш қонақтары,көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын cіздерге темірдей қатты,болаттай мықты денсаулық,көмірдей қара көздеріңіз бен,алмаздай өткір сөздеріңізбен жанды жадыратып.Өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпін.
Әділ қазылар алқасының ұйғарымы бойынша жеңімпаз топты анықтап, марапаттау және сыйлықтар тапсыру.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген