Материалдар / Ғажайып Жаңа жыл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғажайып Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық сценария
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2023
218
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ғажайып Жаңа жыл


Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар мен қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылда жаңа бақытқа, жаңа қуанышқа жете беріңіздер! Бүлдіршіндеріңіздің жүзінен күлкі кетпесін! Бүгін «Ғажайып, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!


Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Жаңа жылда жұп жазбай

Бірге қарсы алайық!


-Балалар, қараңдаршы қандай әсем шырша, айнала қандай әдемі. Бүгін жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. Олай болса жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтып берейік.


Балалардың тақпағы:


Ән: «Келді міне, Жаңа жыл »


Жүргізуші:

Балалар, әсем шыршамыз тұр. Айнала сондай әдемі. Жаңа жылдың кешінде, енді біздердің ертегі әлеміне баратын уақытымыз болды


Сиқырлы әуен естіліп,әуенмен Ақшақар кіреді


Ақшақар: Сәлеметсіздер ме балалар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!


Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Ақшақар! Қош келдіңіз! Балалар, бүгінгі мерекеде ғажайыптар мен ертегі кейіпкерлерін күтуде.


Ақшақар: Әрине, балалар, сендер тәттіні, кәмпиттерді жақсы көресіңдерме?


Балалар: Иә...


Ақшақар: Онда менің кәмпит толы қапшығым бар, ол жәй қапшық емес, сиқырлы қапшық. Мен оны шақырайын. Қапшығым қайдасың?


Тың-тың-тың!

Ортада беті жабылған қапшық тұрады. Ақшақар қапшықтың сиқырлы таяғымен қапшықтың аузын ашып қалғанда, ішінен Түлкі шыға келеді. Ақшақар шошып кетеді.


Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, тәтті балақандар! Басымды идім, қонаққа келген көрермендерге! Уау, бүгін мерекеге қаншама қонақтар жиналған? Барлығы мені, халық әртісі Түлкіжанды тамашалауға келген ғой. Ха-ха-ха –деп өзіне өзі қол соғып мәз болады.


Жан-жағындағылар аң-таң.


Жүргізуші:

Ей! Халық әртісі, мына қапшыққа қалай сыйып кеткенсің?


Түлкі: Ой, мына ормандағы сиқыршы ғой, мені алдап соққан. Ел, жер көргің келе ме? Әлемге саяхатқа шыққың келе ме? Барғың келсе, онда мына қапшыққа отыр, халыққа өнеріңді көрсетіп гастрольге шығасың деген соң, мен де келісе кеттім.


Жүргізуші:

Расында көрсететін өнерің барма еді?


Түлкі: Әрине, қазір мен сендерге жақсылап би билеп берейін

(рок-н рол косылып Түлкі би билеп береді)


Түлкі: Ал, қалай биледім ?

Ақшақар: Ия, сен биді жақсы билейді екенсің. Бірақ, көп өтірік айтасың. Өтірік қуланып жүріп, біздің балаларды алдайын деп жүрген жоқсың ба?


Түлкі: Ей, Ақшақар, сен маған тиіспей жайыңа жүр.Мен ба, өтірікші?! Қазір мен сені мына сөздерің үшін пешке салып жіберемін. Ой, ой, ой! Жоқ-жоқ, мен мейірімдімін, күштімін,ақылдымын. Ал, өзің ән айта аласыңба? Өзі әнді жақсы айтатындай бір.


Ақшақар: Балалар, мына түлкі ашуыма тиіп тұрғаны-ай! Қане бәріміз түлкіні мерекеден қуып шығайықшы.


Түлкі: Жо-жоқ! Ақшақар сен ренжіме! Мен сөздерімді қайтып алдым.

Мені қумаңдаршы мерекеден. Мен ешкімді де ренжітпеймін.

Жүргізуші: Түлкі сен одан да осылай ақылға кел. Балалар түлкіні кешіреміз бе?

Балалар: Түлкі Ақшақарды ренжітті. Ақшақардан кешірім сұрасын.

Түлкі: Жарайды, Ақшақар сен мені кешір. Енді сені ренжітпеймін.

Ақшақар: Ал қанекей балалармен көңілді ойын ойнайық.

Ойын: «Қар лақтыру» Балалар қуалап жүріп түлкіге қар лақтырады.


Түлкі : А-а-а! Менің ашуыма тиейін дедіңдер ме? Мені қармен атқылап қатырып тастамақшысыңдар ғой. Қазір мен сендерді сиқырлап тастаймын. Барлығыңды орындыққа жапсырып тастаймын. Ешқайсың тұра алмайтын боласыңдар!


Ақшақар: Түлкіжан сен уәдеңде тұра алмайды екенсің. Не болды біздің балалардың әзілін түсінбей.

Түлкі : Ақшақар сұлуым, кел мұнда отыр, мен саған ән салып берейін. (Ақшақарды орындыққа отырғызады, ән айта бастайды) Әлди, әлди, ұйықтай ғой. Ақшақар тәтті ұйқыға бата ғой (ақырын) Ұйқыдағы арудан аумай қалды. Өзіңе сол керек. Мені ашуландырғанның қандай екенін енді білетін б Жүргізуші:

оласыңдар. Қазір ма, сені –деп сиқырлап ұйықтатып тастайды.

Тәрбиеші: Енді не істейміз, балалар? Ақшақарды ұйықтатып тастады. Ақшақарды қалай оятамыз? Барлығымыз дауыстап Аяз атаны шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата.....

(Әуенмен Аяз ата келеді)

Аяз ата:

Қандай жарқын жүздерің, Қандай әсем жырларың. Асулармен алысқан, Аспан жермен жарысқан, Аталарың сендерге, Шаршап келді алыстан. Сәлеметсіздер ме балалар. Сәлеметсіздерме қонақтар!


Балалар: Сәлеметсіз бе!


Аяз ата: Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл көп жақсылық әкелсін! Мерекеге барлығы жиналған екен, ал менің Ақшақар қызым көрінбейді ғой. Мына қу түлкі менің қызымды сиқырлап тастаған жоқпа?


Жүргізуші:

Аяз ата, сіз дұрыс айтасыз. Түлкі келіп мерекеміздің шырқын бұзып, Ақшақарды ұйықтатып тастады.

Аяз ата: Қап бәлем! Осы түлкінің жүрмейтін жері жоқ. Кет бұл жерден –деп таяғымен қуып залдан шығарып жібереді.

Тәрбиеші: Аяз ата сіз ренжімеңіз. Ақшақар қызыңызды қазір балалар әсем өнерлерін көрсетіп, оятып алады.

Аяз ата: Бәрекелді! Қане балалардың өнерін тамашалайық!


Би: « Рок-н- рол» ұлдар биі


Сиқырлы әуен естіліп,

Ақшақар оянады.


Жүргізуші:

Мінеки, Аяз ата Ақшақар да оянды. Енді біздің шыршамызды жағып, балаларымыздың сізге арнаған тақпақтарын тыңдаңыз.

Аяз ата: Қане балалар, бәріміз «1,2,3, шырша шамы жарқыра!» -деп айтайық.

(Балалар қайталайды, шырша шамдары жанады)


Балалардың тақпағы:



Ән «Шырша жыры»


Шырша жанынан Түлкі сығалап жүреді.

Түлкі: Аяз ата мені кешіріңізші. Мен де тақпақ білемін Тіпті өзімнің шығарған тақпағым бар. Сізге айтып берейінші.

Аяз ата: Ай-ай Түлкіжан сенде ұят қалды ма,өзі? Ал айт Түлкі! Сені қуса да кетпейсің! Жаңа жылда ренжіспей-ақ қояйық

Түлкі:

Тауықтарды соғымға

Сойып алып кептірдім

Безендіріп шыршаны

Көйлегімді тіктірдім

Жаңа жылды тойлауға

Енді қонақ күтемін.


Аяз ата: Саған кім қонаққа келеді дейсің?


Түлкі: Келеді, келеді. (осы кезде есік қағылады) Әне, естідіңбе, келді.


(Әуенмен атқа мінген Ханзада келеді)


Ханзада: Сәлеметсіңдер ме, балалар, Аяз ата, Ақшақар! Сендерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап Қар патшалығынан құттықтау ашықхат жолдады.Және сендердерді Жаңа жылдық мерекеге кутетіндігін жеткізді. Мерекемен құттықтап алтын жұлдыздарды сыйлыққа беріп жіберді –деп , жалтылдаған жұлдыздарды ортаға шашып жібереді.

Ханзада қолындағы құттықтау конвертін Ақшақарға ұстатады.

Ханзада: Басқа да балаларғар арналған құттықтаулар бар . Мен Қар патшалығындағы. Жаңа жыл мерекесіне дейін сол хаттарды таратып үлгеруім керек-деп атына мініп шауап кетіп қалады.


Би: «Жұлдыздар»



Түлкі: Алақай, ия, ия, мен барамын-деп секіріп қуанады. Арманым орындалатын болды. Алақай!


Аяз ата: Тоқта, Түлкі! Ол шақырту саған емес, балаларға. Бұл балалардың тақпақ айтқаны үшін берілген сыйлығы.


Түлкі: Бұл менің сыйлығым, бәрінен де мен жақсы айттым тақпақты, солай емес пе, Ақшақар?


Ақшақар: Жоқ, сен тақпақты жақсы айтпайсың, сен өтірікті судай сапырасың. Одан да сен анау алыс мұз қалашығында өтетін «Айлакерлер сайысы» болады. Одан сол сайысқа қатыс . Мүмкін Бас жүлде алып қаларсың?!


Түлкі:

Жақсы, жақсы ұшамын

Ақшақармен қашамын

Билетті де өзіммен

Алып кетіп, зытамын. Сау болыңдар!


Жарық өшіп, Түлкі Ақшақарды алып шығып кетеді


Жүргізуші:

Мәссаған?! Енді не істейміз,Түлкі Ақшақарды алып кетті? Ақшақарсыз мерекені қалай тойлаймыз.


Аяз ата: Қамықпаңдар, менің сиқырлы таяғымның күшімен Қар патшалығына Ақшақарды іздеуге шығайық.


Балалар көздерін жұмып бір айналады)


Әуенмен ортаға Қыс ханшайымы келеді


Қыс ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мұнда қайдан жүрсіңдер?


Аяз ата: Ақшақар қызымды іздеп жүрміз, Түлкі алып кетті. Сен көрген жоқсыңба?


Қыс ханшайымы: Мұнда Ақшақар жоқ. Бірақ біз сенндерді қонаққа шақырдық емес пе?! Бізге қонаққа келген екенсіңдер, көңілдеріңді түсірмеңдер.

Аяз ата: Ия балалар көңілімізді түсірмейік! Мерекені жалғастырайық! Мерекенің дауысын естіп Ақшақар қызым да келіп қалар.


Ән (______________)

Қыс ханшайымы: Қандай керемет балалар!


Мен сендерге көмектесіп көрейін! Қолындағы қоңырауды сылдырлатады.

Қоңыраулар-қоңыраулар!

Мына өнерпаз балаларға Ақшақарды табуға көмектесші!


Балалар көздерін жұмып тағы бір айналады


Сиқырлы әуенмен Ақшақар үстін қағып шыршаның артынан шығады


Аяз ата: Қызым-ау, амансың ба? Сен қайда болдың?


Ақшақар: Мен түрлі жерлерде болдым. Мені түлкі әртүрлі жерлерге апарды. Әрең дегенде туған жерге жеттік. Түлкіге сенуге болмайды екен-деп жылап қалады.


Жүргізуші:

Ия,Ақшақар сені жоғалтып алып біраз әбігерге түстік. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Жамандықтар ескі жылмен қалсын. Жаңа жылда көптеген қуаныштар болсын. Сендерге зор денсаулық тілеймін. Ақшақар ортамызға қосылыңыз! Енд сені ешкім алдай алмайды. Аяз атамыз бар біз ешкімнен қорықпаймыз солай емес пе балалар?

Ал, ендеше бәріміз балабақшамызға қайтып,Жаңа жылдық тойымызды жалғастырайық! Қар ханшаймы сізге көп рахмет ! Біздің айдай сұлу Ақшақарымызды табуға көмектестіңіз


Барлығы көздерін жұмып, бір айналады


Аяз ата: Әп бәрекелді! Орта толсын! Ақшақар қызымның құрметіне балаларым бір ән салып берсін!


Ән «Жаңа жыл»

Балалардың тақпағы:


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал, Аяз ата балаларға әкелген сыйлығыңыз қайда? Балалар бір жыл бойына сыйлық күтуде.


Аяз ата: Ақшақар қызым шыршаның астын қарап жіберші, сыйлықтарды алып, балаларға таратып берейік.


Шырша астынан қапшыққа толы сыйлық табылады. Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтарды балаларға таратып береді.


Аяз ата: Балаларым ,өрендерім! Осы сыйлыққа риза болыңдар! Ал, ақшақар қызым біз әрі қарай жолға шығайық. Басқа балалар да күтіп отырған болар. Келесі жылы кездескенше аман-есен кездескенше!


Аяз ата мен Ақшақар шығып кетеді.


Тәрбиеші:

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім

Қазақтың пейіліне тарту етсін

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!


-Осымен, «Ғажайып, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Тағы да жаңа жыл құтты болсын! Қош сау болыңдар!








































42 «Айналайын» МДҰ













«Жұлдыз» мектепалды топ балаларына арналған

«Ғажайып Жаңа жыл» атты ертеңгілік сценарийі










Музыка жетекшісі: Муканова Т.И.














Ақтөбе-2023

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!