«Ғажайып жаңа жыл»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ғажайып жаңа жыл»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық ертеңгілікке сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ғажайып жаңа жыл»

Тәрбиеші : Балалар жаңа жыл мерекесі жақындап қалды. Жаңа жыл кешінде бізге Аяз ата мен Ақшақар қонаққа келеді.

-Балалар, біз Аяз атаға хат жаздық я онда біз өзіміздің оқу құралдарымыздың қайсысы таусылып тұрғанын білеміз, сендер суретін салдыңдар. Ал енді біз осы хатымызды пошташы апайға барып табыстайық. Ол кісі Аяз атаға жеткізіп береді.

Балалар: Сәлеметсіз бе пошташы апай? Біз Аяз атаға хат жаздық соны жеткізіп бересіз бе?

Пошташы: Сәлеметсіңдер ме балалар? Жарайды мына жәшікке сала қойыңдар хаттарыңды мен жеткізіп беремін.

Балалар: Сау болыңыз, рахмет сізге.

Тәрбиеші: Балалар біз «Ғажайып Жаңа жыл 2024» ертеңгілігімізді бастайық.

Ән: хор «Келді міне жаңа жыл»

Нұрсая

Құрметті қонақтар армысыздар

Бәріңіз аман-сау бармысыздар

Келіп қалды жаңа жыл мерекесі

Құттықтаймыз сіздерді жаңа жылмен

Ернар

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле –төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Кәусар

Құтты болсын жаңа жыл барша қауым

Құтқа орнасын кең байтақ дархан елім

Қазақтың пейіліне тарту етсін

Табиғат ашық аспан таң шапағын

Достар жаңа – жылды қарсы алуға дайынсыңдар ма?Достар біз бір жасқа үлкейдік. Олай болса Жаңа- жыл кешімізді бастайық.

Тәрбиеші: Балалар 2023 жылда бізбен бірге қоян жылы болды. Қоян жылы жақсы жаңалықтарымен , жақсылықтармен келді. Енді біз қоян жылын шығарып салайық.

Саян (Қоян)

Бір жыл бойы сендермен

Бірге жүрдім ойнадым

Енді міне балалар

Кезек келді қоштасар

Сау болыңдар достар

Балалар: Рахмет саған қоян жылы сау бол.

Тәрбиеші : Балалар біздің жаңа жылдық ертеңгіліктің қонағы Аяз ата мен Ақшақар. Олай болса Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.

Аяз ата кел, кел.

Аяз ата кел, кел.

Аяз ата Ақшар кел кел.

Аяз ата: сәлеметсіңдер ме балалар? Мені танисыңдар ма? Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Қандай әсем безендірілген шырша тұр. Сендер мені күттіңдер ме?

Балалар: Ия Аяз ата. Ақшақар сіздерді біз асыға күттік.

Тәрбиеші: Аяз ата сіздің қызыл қалтаңыз қайда қолыңыз бос келе жатырсыз ғой.

Аяз ата: Қап менің қызыл қалтам қайда кеткен?

Ішке үлкен қызыл қалта кіреді.(үлкен қызыл қалта ішіне шарлар толтырылған бір адам киіп шығады)

Ол жүгіріп аяз атаға ұстатпай жүреді. Аяз ата біраз қуып, шаршап ұстап алады.

Аяз ата : Ой мына қызыл дорбамды әрең дегенде ұстап алдым ау.

Тәрбиеші: Аяз ата сіз енді біздің балалардың тақпақтарын тыңдаңыз.

Асылым

Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды

Шахкерім

Жасыл желек жамылған

Асыл монақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел балалар келіңдер

Тамашаны көріңдер

Абдулла

Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп.

Аяулым

Аяз ата ойды қырды

Арлап жүр түгел шолып

Қарсы алғалы жаңа жылды

Олда көптің бірі болып

Қайда қызық болса думан

Аяз ата сонда болды

Күндіз үйден ойнап бізбен

Балалармен бірге болды

Нұрдана

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата әже, ата әже

Құтты болсын жаңа жыл

Саян

Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды

Қаракөз

Аяз ата ақ сақалды

Ақ таяқты паң ата

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таңа ата

Альмира

Жапалақтап ақшақар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап

Айзере

Бақша іші мереке

Ойын күлкі асқақ ән

Жақсы әпкелер жаңа кеп

Мерекені бастаған

Ақерке

Жаңа жылды қарсы алдық

Мініп алып күймеге

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де

Айжұлдыз Б

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Нұржігіт

Оралды өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау қарлы шың

Айжұлдыз А

Жаңа жыл жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Айлин

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Шалқар

Далада қар борайды

Ақмамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып-жылтыр боп жатады

Еркеназ

Аяз ата келді қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты



Ертегі «Түлкі мен қасқыр»

Би «Шырша» Аяулым Айзере Нұрсая Айжұлдыз

Ән: «Аяз ата»

Би: «Қарлар» Альмра Қаракөз Асылым Айлин Нұрдана

Би: «Аққала» Саян Нұржігіт Ернар Абдулла Шахо Шалқар

Би : «Ұлпалар» Кәусар Айжұлдыз А Еркеназ Ақерке

Ойын : «Пойыз»

Аяз атаның балалардың хатына жауабы

(балалардың жазған хаттарына оқу құралдарын табыстайды)

Тәрбеші : Балалар жаңа жыл ұлу жылын қарсы алайық

Ұлу Аяулым

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайын

Достарменен жүздесіп

Бір жадырап қалайын

Мені қарсы алыңдар

Мейірімді достарым

Достар мен сендермен бір жыл бойы бірге боламын. Мен сендерге берекелі жыл ала келдім. Достар мен сендерді жақсы көремін.Ал кәнекей мерекені жалғастырыңдар.

Тәрбиеші : Аяз ата сіздің балаларға деген сыйлықтарыңыз қайда?

Аяз ата: Ақшақар қызым балалардың сыйлықтары қайда?

Ақшақар: Аяз ата мына «Ғажайып текше» осы текше сиқырлы мына жеріне қарды лақтырып інге туралап түсірсек, мына жерден сыйлық түсе береді.

Аяз ата. Мен лақтырып көрейінші . (аяз ата лақтырады, бірақ сыйлық емес шұлық шығады) Ой балам мынауысы нес мен сыйлық күтіп тұрсам.

Ақшақар: Ата балалар лақтырса ғана сыйлық шығатын шығар.(балалар қарды лақтырып сыйлықтарын алады)

Тәрбиеші : Жаңа жыл келді міне жерімізге

Әкелсін құт береке елімізге

Жақсылықпен қуанайын жыл болып

Қиындық жолатпасын елімізге

Тәрбиеші :Аяз ата сіздің де баратын жерлеріңіз көп сізге көп рахмет. Сау болыңыз.

Құрметті ата-аналар сіздерге көп-көп рахмет. Балаларға қуаныш, шаттық сыйладыңыздар.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2025
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі