400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғажайып жетілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғажайып жетілік (Интелектуалды сайыс)
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәмші ауылы Абай атындағы жалпы орта мектеп.



Тақырыбы: «Ғажайып жетілік » атты интелектуалды сайыс

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдетіп, іздене білуге үйрету. Ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке баулу.

Сабак түрі: топтық сайыс

Көрнекілігі: қанатты сөздер, үлестірме қағаздар.

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, баршаңызда «Ғажайып жетілік» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі кешімізді 8-сыныптар арасында сайыс түрінде өткізгелі отырмыз.

Физика ғылым негізі

Физика білім көзі

Физиканы білгендерге

Ғажайыптың бір өзі

Ендеше ойыншыларымызды ортаға шақырамыз.

Армысыздар қымбатты төрешілер

Сайысын әрбір топтың көресіздер

Таразының екі басын тең қойып

Сіздерде әділ баға бересіздер

Кеш сайыскерлерінің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Дайындық бөлімі

Әр оқушы есімдерін айтады, өз есімдерінің әр бас әріпінен келетін жақсы қасиетін айтады. Мына гүлдерден әр оқушы бір-біреуден алып отырады.

Алынған гүлдер бойынша екі топқа бөлінеді. Топ мүшелері ақылдасып топ басшысын сайлайды. Топ басшыларын сайлап болғасын, екі топтың басшылары ортаға шығып, үстел үстінде тұрған топ атауларын таңдап алып, өз топтарына атау қояды.



Ал енді жалпы сайысымыз 7 бөлімнен тұрады.

  1. Топтық ереже

  2. «Адасқан әріптер»

  3. Идеялар алаңы(«Мен ойлаймын.....»)

  4. Топ басшылар сайысы(есептер шығару)

  5. Физиктер еліне саяхат

  6. Физикалық әзілдер

  7. Тәжірибе ғажайыптары

Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын,

Танысайық ғажап ойын, ғажап күнді

Тегіміз бір-батыр да, бай да емес,

Емеспіз бе азаматы қазақтың!-демекші



1- кезең. Топтық ереже.

Бұл сайыста екі топқа бір-бір плакаттан беріледі, осы плакатқа топтың атын, топ ережесін және ұранын жазып көрсетуі керек.

Ал енді әділқазы алқасы екі топтың бағасын беріп өтсе.



2-кезең. «Адасқан әріптер» ойыны.

Ойын шарты бойынша екі топқа адасқан әріптер беріледі. Осы әріптерден үш түрлі термин сөз құрастыру керек. Оқушылар тапсырманы орындап болғанша кезекті әнге берейік





Кешке қатыс тұрып қалмай

Қиындыққа мойымай

Бұл ілімді білсең егер

Биіктейсің сен самғай

3- кезең

«Идеялар алаңы» бұл сайыстың ойын шарты, екі топқа сұрақ жазылған суреттер беріледі. Осы сурет бойынша топ мүшелері өз ойларын айтып шағады. (ең жоғарғы балл 5 ұпай )

  1. Піл су ішкенде, өзінің тұмсығын сорғы ретінде қолданады осыны түсіндіріңдер. (тұмсығын суға батырып ауаны ішке тартады,сонда сыртқы атмосфералық қысымын әсерінен су бос кеңістікке-піл ішіне көтеріледі)

  2. Неліктен сорпаның майы бетіне шығады? Қаймақ сұт бетіне неліктен жиналады.(майдың тығыздығы сорпаныкінен ал қаймақтікі сүттің тығыздығынан кем болады)

  3. Шәйнек, үтік, самаурын тұтқаларын неге ағаштан немесе плассмасадан жасайды неге?(ағаштың, плассмасаның жылуөткізгіштігі нашар,сондықтан ұстағанда қолды күйдірмейді)

  4. Біз суды қалай ішеміз? (ішер алдында өкпе торын кеңейтеміз,сонда ауыз ішіндегі ауа қысымы азаяды. Сыртқы атмосфералық қысымы әсерінен сусын ауызға бағытталып қозғалады)

3-кезең бойынша ұпайлар санын жариялап отыруларыңызды сұраймын.

4 кезең

Формуланың біз сырына үңілеміз

Үйренбеген достардан түңілеміз дей келе «Есептер»

Бұл сайыстың шарты топ басшылары шығып канверттегі есептерді шығарады.

1-есеп.

Массасы 50 кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық жерде бірқалыпты қозғалып келеді.Үйкеліс коэффиценті неге тең?

Бер: ХБЖ Шешуі:

m = 50 кг F=

F = 200H N=mg

g = 10 м/ F= mg Жауабы: 0,4

т/к . -?

2-есеп.

78 H күштің әрекетінен спортшы шаңғыда тұр. Әр шаңғының ұзындығы 1,95 м ені 8 см. Спортшы қарға қандай қысым түсіреді?

Бер: ХБЖ Шешуі:

F = 78H S=ab S= 1,95*8= 15,6

а = 1,95 м P= 780

в =8 м

т/к P-?

5 кезең

Бұл адамдар ардақтаған халықты

Физикада даңқы шыққан алыптар

Қара, ойлан зерек болсаң балақай

Алыптарды әрқашанда танып қал – дей келе

Ойынымыздың 5-ші бөлімі, «Физиктер еліне саяхат» деп аталады. Ойын шарты: ғалымдардың суретіне қарап оларды тану, қай елде дүниеге келгенін және қандай жаңалық ашқанын айту.



6 бөлім

Физикалық әзілдер деп аталады.

Ойын шарты бойынша екі топқа термин сөздері беріледі. Топ мүшелері ақылдаса отырып термин сөздерінен әзіл құрастырады.



  1. Физика

  2. Жылдамдық

  3. Уақыт

  4. Масса

  5. Үдеу

  6. Жұмыс

  7. Энергия

  8. Күш

  9. Қозғалыс

  10. Қысым

  11. Конвенция

  12. Жер

  13. Күн

  14. Атом

  15. Мнезурка

  16. Температура

  17. Жол

  18. Қуат

  19. Кеңістік

  20. Вотт

  21. Джоуль

  22. Тығыздық















Сайысымыздың 7-ші бөлімі эксперименттік тапсырма. Бұл бөлімнің шарты,берілген құрал- жабдықтарды пайдалана отырып, берілген тапсырманы орындап нәтижесін түсіндіру.



Осымен біздің «Ғажайып жетілік» атты интелектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті.Әділқазылар алқасы сайыс қорытындысын дайындап болғанша кезекті әнге береміз. Ән





Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын ұғынып , білім нәрімен сусындауда физика пәні өздеріңе ақылшы әрі сенімді серік болады деп сенемін .

Алдымызда жайнаған,жұздер әні

Сіздермен кездесерміз біздер әлі

Әділқазы көрермен, сау тұрыңдар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.11.2024
188
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі