«Келешек» бөбекжай- балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Ұйымдастырылған іс-әрекеті:
«Ғажайып киіз үй»
Тәрбиеші: Шарипхан Қымбат
Шелек ауылы 2024 жыл
Білім беру саласы: Шығармашылық дағдыларын,зерттеу, іс-әрекетін дамыту.
Ұйымдастырылған іс –әрекет тақырыбы: «Ғажайып киіз үй»
Мақсаты:
Ұлттық тәрбие- ұлттық құндылықтарды бала бойына заманауи бағытында үйлестіруді дамыту. Ойын тапсырмалары арқылы санасын шыңдау, балалардың саусақ,қол маторикасын дамытып, ептілікке баулу.
Көрнекіліктер:
Киіз үй,текемет, сырмақ,асық,қоржын,бау,оюлар,сандар,қамшы,мозайка,слайд,папка,сандық,ұлттық бас киім.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме балалар!
Қалдарың қалай?
Көңіл күйлерің қалай?
Балалар-шаттық шеңберін құрайықшы
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Сәлеметсіздерме апайлар!
Сәлеметсіңдерме достарым!
.Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміз: «Ғажайып киіз-үй»деп аталады.
Киіз үй қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы,жазда салқын,көшіп қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй.
Осыған орай балалар сендермен бірге заманауи киіз үйіміздің ғажайыбымен танысамыз.
Киіз үйімізді айтар болсақ: кереге,уық,шаңырақ,түндік,киіз,шалма арқан есіктен құралады. Ал ,балалар 5-ке дейін оң және кері санайықшы. Киіз үйімізде қанша есік бар?
Әр есігімізде әртүрлі тапсырмалар бар. Сол берілген тапсырмаларды орындайықшы.
Қоржын тігеміз ойыны: Қоржын ежелден келе жатқан кәде сый.Пішіннен қоржын бөліктерін алдын ала тесілген тесіктерге баулықты өткізу арқылы тігіп қоржынды жасаймыз.
Қамшы өру ойыны: Әр қазағымыздың төрінде ілініп тұратын ұлттық құндылық. Қамшыны қамшылау мақсатында пайдаланады.
Қамшыны үш өрім арқылы бір өрім өреміз.
Текемет, сырмақ (көлеңкесін табу)
Ұлттық құндылықтарымыздың бірі ою-өрнек қазақ халқының рухани және материалдық қазынасына айналды. Қазақ халқында ою-өрнектің орны ерекше, әрқайсының өзіндік мәні бар.
Бұл жерде қиылған оюларды құрай отырып, текемет, сырмақ жасаймыз. Қоржындағы асық:
Асық көнеден келе жатқан ұлттық ойын. Асық арқылы әр түрлі ойындарды ұйымдастыруға болады, сандар арқылы асықтарды алып орналастыру .
Мозайка: Бұл жерде ұлттық киімдегі ұл мен қызды құрастыру.
Ең әдемі киім ұлттық киім.Әр ұлт өз киімдерімен еркешеленеді.
Сергіту сәті: Музыкалық әуенмен «Бала бала балапан»
Ойындағы күтілетін нәтиже:
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында бала бойына сіңіру. Ойын ойнай отырып, саусақ бұлшық еттері дамиды және ой санасы шындалады.
Қорыта келгенде:
Қазақтың қазақ болып қалыптастырудың бір жолы атадан балаға мирас болып келе жатқан құндылығымызды қайта жаңғырту. Киіз үй арқылы балаларды ойната отырып, өскелең ұрпақтың қазақ мәдениетіне ұлттық ерекшелітерімізге деген құрметін арттыру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ғажайып киіз үй»
«Келешек» бөбекжай- балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Ұйымдастырылған іс-әрекеті:
«Ғажайып киіз үй»
Тәрбиеші: Шарипхан Қымбат
Шелек ауылы 2024 жыл
Білім беру саласы: Шығармашылық дағдыларын,зерттеу, іс-әрекетін дамыту.
Ұйымдастырылған іс –әрекет тақырыбы: «Ғажайып киіз үй»
Мақсаты:
Ұлттық тәрбие- ұлттық құндылықтарды бала бойына заманауи бағытында үйлестіруді дамыту. Ойын тапсырмалары арқылы санасын шыңдау, балалардың саусақ,қол маторикасын дамытып, ептілікке баулу.
Көрнекіліктер:
Киіз үй,текемет, сырмақ,асық,қоржын,бау,оюлар,сандар,қамшы,мозайка,слайд,папка,сандық,ұлттық бас киім.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме балалар!
Қалдарың қалай?
Көңіл күйлерің қалай?
Балалар-шаттық шеңберін құрайықшы
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Сәлеметсіздерме апайлар!
Сәлеметсіңдерме достарым!
.Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміз: «Ғажайып киіз-үй»деп аталады.
Киіз үй қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы,жазда салқын,көшіп қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй.
Осыған орай балалар сендермен бірге заманауи киіз үйіміздің ғажайыбымен танысамыз.
Киіз үйімізді айтар болсақ: кереге,уық,шаңырақ,түндік,киіз,шалма арқан есіктен құралады. Ал ,балалар 5-ке дейін оң және кері санайықшы. Киіз үйімізде қанша есік бар?
Әр есігімізде әртүрлі тапсырмалар бар. Сол берілген тапсырмаларды орындайықшы.
Қоржын тігеміз ойыны: Қоржын ежелден келе жатқан кәде сый.Пішіннен қоржын бөліктерін алдын ала тесілген тесіктерге баулықты өткізу арқылы тігіп қоржынды жасаймыз.
Қамшы өру ойыны: Әр қазағымыздың төрінде ілініп тұратын ұлттық құндылық. Қамшыны қамшылау мақсатында пайдаланады.
Қамшыны үш өрім арқылы бір өрім өреміз.
Текемет, сырмақ (көлеңкесін табу)
Ұлттық құндылықтарымыздың бірі ою-өрнек қазақ халқының рухани және материалдық қазынасына айналды. Қазақ халқында ою-өрнектің орны ерекше, әрқайсының өзіндік мәні бар.
Бұл жерде қиылған оюларды құрай отырып, текемет, сырмақ жасаймыз. Қоржындағы асық:
Асық көнеден келе жатқан ұлттық ойын. Асық арқылы әр түрлі ойындарды ұйымдастыруға болады, сандар арқылы асықтарды алып орналастыру .
Мозайка: Бұл жерде ұлттық киімдегі ұл мен қызды құрастыру.
Ең әдемі киім ұлттық киім.Әр ұлт өз киімдерімен еркешеленеді.
Сергіту сәті: Музыкалық әуенмен «Бала бала балапан»
Ойындағы күтілетін нәтиже:
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында бала бойына сіңіру. Ойын ойнай отырып, саусақ бұлшық еттері дамиды және ой санасы шындалады.
Қорыта келгенде:
Қазақтың қазақ болып қалыптастырудың бір жолы атадан балаға мирас болып келе жатқан құндылығымызды қайта жаңғырту. Киіз үй арқылы балаларды ойната отырып, өскелең ұрпақтың қазақ мәдениетіне ұлттық ерекшелітерімізге деген құрметін арттыру.
шағым қалдыра аласыз


