400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ғажайып көбелектер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға арналған түзете дамыту сабағына қолдануға болатын сабақ түрі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Бекітілді:


Сабақтың түрі және қатысушы оқушылар:

Топтық


Сабақтың тақырыбы

«Ғажайып көбелектер»

Сабақтың мақсаттары

а)Түзете дамыту: Балалардың көңіл-күйін көтеру, бір-біріне достық қарым-қатынаспен қарауға, көңіл бөлуге және тапсырмаларды тиянақты, бірге орындауға үйрету. «Көбелектің қанатын дәл тап», «Көбелектің өз түсін тап», «Ғажайып көбелектің түсі», «Сиқырлы таяқ» түстерді ажырата білуге, өз түсімен сәйкестендіруге, салыстыра білуге үйрету. Бейнелеу терапиясы. «Түрлі-түсті көбелектер» шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын «Көбелектер» түстерді ажыратуға, кеңістікті бағдарлауға үйрету. Смаиликтердіөздіктерін көтеру арқылы өз-өздерін бағалау арқылы сенімділіктерін арттыру. Балалардың шығармашылыққа қызығушылығын ояту, шағармашылық ізденіске деген құштарлықты арттыру.

б)Тәрбиелік: Жәндіктерге қамқор болуға, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

-Тапсырманы тиянақты орындауға үйрету;

-Ойлау үрдістерін дамыту;

- Өз-өзін бағалауға үйрету;

-Шығармашылыққа баулу.


Сабақта қолданатын әдістер мен тәсілдер

Триз технологиясы, ойын, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекі-құралдар

Көбелектердің суреті, слайд, үлгі сурет

Сабақ барысы

3-5 жас

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

1 – сабақ

Ресурстар

Психологиялық дайындық.



Босаңсу жаттығуы

Сабақтың басы

2 минут

Балалар, кәнеки, бір - бірімізбен амандасайық. Мен сендерді «шаттық шеңберге» шақырамын.

Шаттық шеңбері.

Қайырлы күн, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы күн, қайырлы күн!

Дос боламыз біз бүгін!

Сабақтың ортасы

25 минут

Жаңа сабақты түсіндіру.

Балаларға сабақтың тақырыбын айтып, қысқаша ақпарат беру.

Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?Балалар сендер кереметсіңдер, сендердің көңіл-күйлерің же жақсы, сендер ақылды, әдемі, мықтысыңдар олай болса бүгін сабақта да сендер өздеріңді жақсы көрсетеді деп ойлаймын.

Триз технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын анықтау.

Слаидтан көбелектер бейнесін көрсету.

1. Босаңсу жаттығуы.

Көбелектерді көрдіңдер ме?

Көбелектердің түстері қандай болады?

Ия, сары, қызыл, ақ, көкшіл түсті көбелектер.

Бір сәтке көзімізді жұмып, қиялмен гүл толы қырға, шығып келейік.

Ұшып жүрген көбелектер.

Жайқалған гүлдер қандай, қызыл, сары, ақ гүлдер. Осы гүлдердің ортасында бірінен-біріне ұшып, қонып көбелектер де алуан түсті, пішіні де гүлге ұқсас. Сан құбылған қанаттарын қағып, табиғатты да одан сайын сұлуландыра түседі.

Тосын сәт:

Осы кезде бөлмеге көбелек ұшып келеді (көбелек болып киінген ата-ана)

Көбелек: Сәлеметсіңдер ме балалар, мен кіммін?

Көбелек: Ия мен көбелекпін.

Балалар, көбелектің көңіл-күйі жоқ сияқты қараңыздаршы.

Көбелек: Ия менің көңіл-күйім жоқ, сендер маған көңілімді көтеру үшін тапысрмаларымды орындап, көңіл-күйімді қайтадан көтеруге көмектесесіңдер ме?

Көмектесеміз бе? Балалар? Ендеше көбелектің сіздерге алып келген тапсырмаларын бірге орындап оған көмектесейік.

2. Дидактикалық ойын «Көбелектің қанатын дәл тап» (қиық суреттермен жұмыс).

Мақсаты: түстерді ажырата білуге, салыстыра білуге үйрету.

3. Дидактикалық ойын «Көбелектің өз түсін тап»

Мақсаты: Көбелектердің түсін ажырата отырып, өз түсімен сәйкестендіру.

4. Балалар , енді кілемге жайғасыпотырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі»:

- Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан-жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіздер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?

Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Бала қара көбелектерді жыртады.

5. Бейнелеу терапиясы. «Түрлі-түсті көбелектер».

Мақсаты: дәстүрден тыс сурет салу әдісіне қызығушылығын ояту.

6. Ойын «Көбелектер».

Мақсаты: түстерді ажыратуға, кеңістікті бағдарлауға үйрету.

Балалар сендерге көбелек болған ұнайма? Ендеше өздеріңе ұнаған көбелек маскасын таңдап алып, көбелекке айналайық. Музыка ойнап тұрады, жерде гүлдер жатады. Көбелектер гүлдерді айнала жүріп ұшады. Музыка тоқтағнда көбелектер гүлдердің біріне қонады.

Жарайсыңдар балалар! Ойынды өте тамаша ойнадыңдар.

7. «Сиқырлы таяқ»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға, түстерді ажыратуға үйрету.

Дидактикалық материалдар


Сабақтың соңы

3 минут








Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді смайликтер арқылы бағалау. Балалар көңіл-күйлеріне сәйкес бет-бейнелерді (смайликтерді) көрсетеді.

«Қуаныш қазаны» балаларға көбелек ризашылығын білдіріп, балаларға қуаныш қазанындағы «қуаныш қасығын» тарту етеді.

Сабақты қорытындылау

-Бүгінгі сабақ ұнадыма?

-Не туралы әңгімеледік?

- Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
26.05.2025
106
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі