Материалдар / "Ғажайып көңіл-күйге саяхат."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ғажайып көңіл-күйге саяхат."

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ғажайып көңіл-күйге саяхат."
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2018
374
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кенжебаева Қаламқас Жеткергенқызы

«Балдырған» санаторлық бөбекжай-бақшасы»

коммуналдық ММ-нің психологі.

Ақтөбе облыс. Шалқар қаласы



Білім беру саласы: таным, қарым – қатынас.

Ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрі: саусақ маторикасын, ақыл-ойды дамыту,зейінді қалыптастыру.

Тақырыбы: Ғажайып көңіл-күйге саяхат.

Мақсаты: балаларға түрлі ойындар арқылы қоршаған ортаға көзқарасын , зейін тұрақтылығын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын, ой-өрісін , логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын молайту, түрлі түстерді ажыратуға үйрету, көңіл-күйін көтеріп балаларға қуаныш сыйлау.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал жабықтар түрлі түсті қалам, табиғи құм, үй жануарлары және жабайы жануарлар топтамасы,Монтессори әдістемесіне арналған ойыншықтар.

Психолог: балаларды ортаға шаттық шеңберіне шақырады.

Шаттық шеңбері

-Қане балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.

- Балалар мынау ненің суреті?(күннің)

- Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.

- Таңертең тұрған кезде аналарың «қайырлы таң» деп айтама?

- Қане, біз де қайырлы таң тілейік.

- Қайырлы таң, көздерім, сендер ояныңдар!!!

-Қайырлы таң құлақтарым,сендер ояныңдар!!!

-Қайырлы таң,саусақтарым,сендер ояныңдар!!!

Көздерін,құлақтарын уқалайды. Шапалақтайды.

-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын,орнымызға отырайық.



Психолог: балалар кәнікей орнымызға жайғасып, үстел үстіндегі мандала суретін түрлі-түсті қарандаштармен бойайықшы.

-Қолдарыңдағы парақта ненің суреті бейнеленген?

-Сендерге қандай түстер ұнайды?

- Әр жыл мезгілінің түстерін сипаттап бер?

Балалар: сұрақтарға жауап береді.

Жарайсыңдар балалар, сендер көптеген түстер біледі екенсіңдер.

Психолог: әр бала үстел үстіндегі Монтессори, саусақ маторикаларына, логикалық ойлауды дамытуға арналған ойыншықтармен ойнайды.

Балалармен ойын үстінде түсіндіру, әңгімелесу жүргізіледі.

Балалар: қоршаған ортаға көзқарастарын, түрлі заттардың түстерін айтады.

Жарайсыңдар балалар! Мен сендерді мақтан етемін. Әр баланың жасаған жұмысын мақтап,үлгі етіп көрсету.

Психолог: балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма? Нені үйрендіңдер?

Балалар: бүгінгі ойын сабағынан өздеріне ұнағандарын, нені үйренгендерін айтады.

Балалар, мына тұрған ақ параққа табиғаттың суретін әрқайсысымыз жеке-жеке бір бейнесін салып шығайықшы.

Қараңдаршы балалар біргелесіп салған суретіміз қандай тамаша шықты. Әрқашан осылай дос болып бірге жүріңдер.

Балалар: Ия біз дос болып жүреміз.

Жарайсыңдар балалар! Жүз тенген болғанша,жүз досың болсын. Әрдайым осылай тату болыңдар.

Психолог: Балалар құмды жақсы көресіңдерме? Кәзір жылдың қай мезгілі? Құмды қай кезде көп ойнаймыз? Құмды шашып ойнауға болама?

Балалар: Ия құммен ойнағанды жақсы көреміз. Жаз мезгілі келді, құммен жазда көп ойнаймыз. Құмды шашуға болмайды.

Психолог: Алдымен құммен сәлемдесіп алайық.Құммен қалай сәлемдесуге болады? Құмға жаңбыр тамшыларын,желді саламыз.

Балалар: Алақанымызбен сәлемдесеміз.

Психолог: Балалар, құмға өз үйлеріңді салып мына адамшаларды сол үйге қойып шығыңдаршы.

Балалар: құмға өз үйлерін салып, адамшаны қояды және өз отбасылары жайлы айтып береді.

Психолог: Балалар, алдарыңда тұрған үй жануарлары мен жабайы жануарларды құмның екі жағына қоямыз. Адам қай бетінде өмір сүреді?

Балалар: үй жануарлары мен жабайы жануарларды айтып екіге бөледі және адамдар қай жағында тұратынын айтып береді.

Жарайсыңдар балалар! Сендер үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата біледі екенсіңдер.

Психолог: балалар алдымыздағы ақ парақтарға қалаған суретімізді саламыз. Оған желім жағып үстіне құм себеміз. Көрдіңдерме балалар бізде қандай тамаша сурет шықты.

Балалар: өз сезімдерін айтады.

Психолог: Релаксация.

Балалар, бір сәт көздеріңді жұмыңдаршы, көз алдарыңа елестетіңдер. Айналамыз бәрі аппақ қар. Ағаштарда, үйлердің шатыры да аппақ қар жамылған. Күн суық. Далада аяз болып тұр. Сен анаң екеуің күрті қарды басып келе жатырсыңдар. Не көрдіңдер. Өз ойларыңды айтып көріңдерші.

Балалар: балалар не сезінгендерін және өз ойларын айтады.

Қорытынды: балалар бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Салған суреттеріңде өте тамаша шықты. Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Құммен қалай ойнауға болады екен айтындаршы.

Балалар бүгінгі сабақ ұнағанын және құммен қалай ойнауға болатынын айтады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!