400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ғажайып күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың түсінігіндегі күз сыйлары туралы, көкөністер мен жемістердің ерекшеліктері мен өсетін жері туралы білімдерін кеңейту; жемістердің бау- бақшада, көкөністердің бақшада өскенін айтқызып, күз сыйларына қатысты көркем сөзді мәнерлеп оқуды пысықтау. Балалардың жемістер мен көкөністерді ортақ белгілер бойынша бөлу, біріктіру біліктерін жаттықтыру; тақпақ шумақтарын мәнерлеп айтқызып, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру; ақыл-ой мен есте сақтау қабілетін дамыту. Тақырыпта айтылатын адам еңбегін қадірлеуге үйрету, зеректікке, белсенділікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Таңғы жиын

6 «Балауса» ортаңғы тобы


Тәрбиеші: - Сәлеметсіңдерме балалар! Көңіл күйлерің қалай?

- Тамаша! Керемет! Жақсы!

- Бүгін бізде ерекше күн, қараңдаршы көптеген қонақтар келіпті, алдымен

қонақтарымызбен амандасып алайық.

Балалар: - Сәлеметсіздерме!Қош келдіңіздер!

Тәрбиеші: -Олай болса, көңілімізді көтеріп алу үшін, шаттық шеңберіне тұрайық.

Балалар: Күнге қолды созамыз,

Күннен жылу аламыз.

Бойымызға таратып,

Біз көңілді боламыз!

Тәрбиеші: - Балалар айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі)

- Күз мезгілінің ерекшеліктерін, табиғат құбылыстарын атай аласыңдар ма?

(Күзде, күн суытады, жаңбыр жиі жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, адамдар жылы киімдерін кие бастайды, ағаш жапырақтары сарғайып түседі, көкөністер мен жемістерді жинап аламыз. Қане, осы айтқан табиғат құбылыстары туралы өлең жолдарын бәріміз бірге айтып көрейікші:

Сарғайды тоғай,

Сап сары маңай.

Күзгі әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

  • Күз туралы тағы қандай тақпақтар білесіңдер?

Ерназар: Күзім –ау,күзім –ау,

Мінезің бұзық-ау,

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық –ау.

Айша: Күз келді, күз келді,

Қуантып біздерді.

Жапырақ сарғайып,

Табиғат өзгерді.

  • Күз мезгілі туралы көп мағлұмат алыпсыңдар, жарайсыңдар!

Бізде бүгін үш орталық жұмыс істейді

Орталық таңдау үшін, белгіні түсіне қарай, таңдап алайық.(таңдау жасайды)

Қызыл белгі таққан балаларды - Дамеш апайларың әдебиет орталығына шақырады

Жасыл белгі таққан балалар – Эльмира апаймен сюжетті-рольді ойын орталығында, көкөніс салатын жасайсыңдар. Сары белгі таққан балалар - Индира Жұмабекқызымен құрылыс орталығында ойнауға барасыңдар. Олай болса іс-әрекетімізді ары қарай жалғастырайық. Бәріңе сәттілік тілеймін!






Ашық есік күні

Тақырыбы: «Ғажайып күз»


Мақсаты: балалардың түсінігіндегі күз сыйлары туралы, көкөністер мен жемістердің ерекшеліктері мен өсетін жері туралы білімдерін кеңейту; жемістердің бау- бақшада, көкөністердің бақшада өскенін айтқызып, күз сыйларына қатысты көркем сөзді мәнерлеп оқуды пысықтау. Балалардың жемістер мен көкөністерді ортақ белгілер бойынша бөлу, біріктіру біліктерін жаттықтыру; тақпақ шумақтарын мәнерлеп айтқызып, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру; ақыл-ой мен есте сақтау қабілетін дамыту. Тақырыпта айтылатын адам еңбегін қадірлеуге үйрету, зеректікке, белсенділікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жеміс, көкөніс, ауа - райы, бақша, бау-бақша.

Әдіс-тәсілдер: ғажайып сәт, дидактикалық ойын, көркем сөз, сергіту сәті,саусақ жаттығуы рефлексия.

Құрал-жабдықтар: күз ханшайымы, сюжеттік суреттер (бақшадағы жүйекте көкөністер өсіп тұр, бау- бақшадағы ағаштарда жемістер өсіп тұр) Жеміс пен көкөністердің суреттері (көкөністер: сәбіз, пияз, орамжапырақ, қауын, картоп;

жемістер: алма, алмұрт, апельсин,мандарин, жүзім,өрік, банан)

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері:

Күнге қолды созайық,

Күннен жылу алайық.

Бойымызға таратып,

Біз көңілді болайық! Әрине, жақсы көңіл – күймен білімімізді көрсетейік.

Ғажайып сәт.

(Ал енді көздеріңді жұмыңдар, қазір бір ғажайып сәтті көресіңдер)

Қолына себет ұстаған «Күз ханшайымы» себет толы жемістері мен көкөністерін ала келеді.

- Сәлеметсіңдерме балалар!

- Мен Күз ханшайымымын, сендерге жемістерім мен көкөністерімді сендерге сыйлағым келеді.

«Сыйға – сый» - деген бар ғой,

Сый алу үшін, маған өз білімдеріңді көрсетіңдер.

Тәрбиеші:

- Сәлеметсіңбе Күз ханшайымы!

- Біздің балалар көптеген тақпақтар мен жұмбақтар біледі, тыңдап көріңіз.

1.Күзім – ау, күзім – ау,

Мінезің бұзық – ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық – ау.

2. Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

3.Қолымызда қолшатыр,

Алдымызда жол жатыр.

Қорықпаймыз жаңбырдан,

Біз ақылды балдырған.

4.Алма пісті,

Жерге түсті.

Алмұрт пісті,

Қандай күшті.

5.Міне, тәтті алма,

Қане, келіп таңда.

Мынау жасыл,

Мынау – қызыл,

Мынау – сары,

Өте дәмді бәрі.

6.Қызыл, жасыл, көк алма,

Бұл не деген көп алма.

Теріп – теріп алайын,

Себетіме салайын.

7. Алма бағы әдемі,

Бүршік жарып келеді.

Күтіп баптай беремін,

Алмаларын теремін.

8.Апаң саған базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін дәмдісін,

Саған таңдап әперді,

Не деп барып жеу керек,

Рахмет сізге деу керек.

9.Жеміс толы себетім,

Ашылады тәбетім.

Көп же дәмді алманы,

Денсаулыққа пайдалы.

10.Жемісті жақсы көремін,

Бақтан өзім теремін.

Балаларға пайдалы,

Алманы жақсы көремін.

Негізгі бөлім

- Қане, бір – бірімізге көкөністер туралы жұмбақ жасырайық.

Жұмбақтар: Жұмбақты шеше отырып, көкөністерді бақшадағы жүйекке орналастырады.

- Ерназар,сен көкөністер туралы бір жұмбақ айта ғой?

1. Қоңыр түсті,

Жер астында пісті. (картоп)

- Ақерке, сен қандай жұмбақ айтасың?

2. Өте дәмді көкөніс,

Түсі оның тоқсары.

Бойы ұзын, сопақша,

Жасыл оның шаштары. (Сәбіз)

3. Қабат, қабат тоны бар,

Жап – жасыл жоны бар. (орамжапырақ)

4. Сырты жасыл – қатты,

Іші қызыл – тәтті. (қауын)

5. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (пияз)

Онда бір қызықты ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Не қайда өседі?»

Шарты: осы көкөністерді бақшадағы жүйекке орналастыру.

Бұнда не өсеіп тұр? (картоп)

- Аяла, мынау қандай көкөніс? (сәбіз)

- Айша, сен айтшы мынау қандай көкөніс? (қауын)

- Бұлар қайда өсіп тұр?(бақшада)

Сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, пияз сияқты көкөністер аталып, олардың қайда өсетіндері айтылып, әрқайсысы кезегімен себетке жиналады.

Жарайсыңдар! Балалар, мына өсіп тұрғандардың барлығы - көкөністер.

Қайталаймыз, балалар!

Тақтада бақшада өсетін барлық аталған көкөніс пайда болады.

Көкөністер бақшадағы жүйекте өседі. Қайда өседі екен? Көкөністер... (бақшада өседі).

Жарайсыңдар, балалар! Еске сақтаңдар!

Сергіту сәті.

Бізде үлкен бақша бар,

Онда сәбіз өседі.

Бізде үлкен бақшша бар,

Онда - пияз өседі.

Бізде үлкен бақша бар,

Онда - картоп өседі.

Үлкендігі мынандай,

Дәмділігі мынандай.

Көркем сөз.

Міне, дәмді көкөністер,

Күзге дейін пісіп өскен:

Картоп, пияз, қызанақ,

Қауын, орамжапырақ.

Тамаша. Жарайсыңдар!

Жаттығу балалар үшін таныс болуы керек, сонда бір ағымда өтеді.

Дидактикалық ойын:«Алма бағы». (ойынның жалғасы)

Балалар, енді жемістерді атап, көрейікші.(атайды)

Алма, алмұрт, апельсин, банан.

Мынау - бау-бақша.

Мынау – алма ағашы. (алма ағашында қандай жемістер өседі?)

- Алма өседі.

Осы ағашқа, өз жемістерін орналастырып көрейік. Педагог балаларға жемістердің суреттерін жеке қиылған карточка түрінде ұсынады.

- Бұл не? (Алма,алмұрт, апельсин, мандарин, банан). Қайталаймыз.

- Жанерке, бұл не? (жеміс)

- Жемістер қайда өседі?

- Алма бау-бақшада (ағашта) өседі.

Балалар, енді бізді өнер орталығында қызықтар күтіп тұр. Алдымен саусақтарымызды жаттықтырып алайық:

Саусақ жаттығуы: Саусақтарды ашайық,

Енді қайта жұмайық.

Жылдам, жылдам қозғалтып,

Жаттықтырып алайық.

- Балалар, мынау ненің суреті? (алма ағашының)

- Олай болса ағаштың бұтақтарына алмалардың суретін салып көрейік.

- Тағы ненің суретін салғыларың келеді? (күнді, бұлтты, жапырақты, шөпті, тамшыларды, құстарды)

- Сурет салу үшін қандай түстерді қолдандыңдар (қызыл, сары, жасыл, көк)

Осы салған суретімізді Күз ханшайымына тарту етейік.

(Күз ханшайымы балаларға рахмет айтып қоштасады)

Қорытынды

- Балалар, сендер бүгін

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.03.2023
345
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі